АРЫС ҚАЛАСЫ "ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ


Арыс қаласы әкімдігінің
2012 жылғы «.....»  желтоқсандағы
№..... қаулысымен бекітілген
Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
  1. Жалпы ережелер

1. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қала әкімінің қызметін қамтамасыз ететін жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

2. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы Әл-Фараби көшесі №3 үй. Индекс 160100 

10. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның толық атауы - Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық және жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі миссиясы: аумақтық әкімшілік бірлікте қала әкiмi мен әкiмдiктiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.

15. Міндеттері:

1) ауыл округтеріндегі қоғамдық-саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды жүйелi талдау негiзiнде қала әкiмiне, қала әкiмiнiң орынбасарларына, аппарат басшысына ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;

2) қоғамдық пiкiрлердi зерттеу, халықтың түрлi әлеуметтiк топтары арасында қалада, жалпы елiмiзде және мемлекеттiк саясат саласында өткiзiлетiн ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру, басқару туралы шешiмдер қабылдау үшiн мәлiметтер жинау және қорытындылау, ұсыныстарды пысықтау;

3) жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларды, iс-шараларды, кешендi мақсатты бағдарламаларды әзiрлеу, аймақтық әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау, жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің жетілдіру қызметтерiне жәрдемдесу;

4) нормативтік құқықтық аткілердің, аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясы мәселелерi, қаланың экономикалық дамуы, атқару өкiметтiң жалпы мемлекеттiк саясаты бойынша облыс әкіміне  ұсыныстардың жобаларын әзiрлеу;

5) әкiмдiк мәжiлiсiнiң регламентiне сәйкес өткiзiлетiн, қала әкiмi және әкiмдiктiң қызметтерi, үйлестiру-консультациялық кеңестерде штабтарды, комиссияларды, мәжiлiстердi, жиналыстарды, кездесулердi және оның қатысуымен өтетiн басқа iс-шараларды ұйымдық құжаттамалық қамтамасыз ету;

6) БАҚ-да қала әкiмi мен әкiмдiктiң қызметтерiн көрсетудi қамтамасыз ету;

7) қалалық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру, зерттеу және талдау, олардың қызметiн жақсарту жөнiнде  қала әкiмiне ұсыныс енгiзу;

8) Қазақстан Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгiмен, Премьер-Министiрдiң кеңсесiмен, Қазақстан Республикасы Парламент сенатының және мәжiлiсiнiң депутаттарымен, орталық органдардың аппаратарымен, жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдармен өзара қатынасты жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президент Жарлығының, Үкiмет пен әкiмдiк қаулыларын, облыс әкiмiнiң шешімдері мен өкімдерін, қала әкімдігінің қаулыларын және қала әкiмiнiң шешiмi мен өкiмдерiнiң атқарылуын бақылау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

2) қала әкiмдiгiнiң қаулы жобаларының және қала әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң заңнама талаптарына сәйкестiгiн құқықтық сараптама, нормашығармашылықты жетiлдiру, қала әкiмiнiң, қала әкiмiнiң орынбасарларының және аппарат басшысының басқару қызметiн заңдылығын қамтамасыз ету;

3) әкiмдiктiң және қала әкiмiнiң нормативтi-құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу;

4) облыс әкімі, облыс әкімі аппараты мен облыс мәслихаты, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара байланысты қамтамасыз ету;

5) қала әкiмдiгiнiң және әкiмнiң актiлерiнiң орындалуына бақылау жасау;

6) кадрлар жұмысын «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң, Президент жарлықтары мен Үкiмет қаулыларының талаптарына сәйкес жүргiзу, саяси және әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдардың бос орындарына тағайындау және ауыстыру туралы келiсуге ұсынылатын мәселелер жөнiнде ұсыныстар дайындау;

7) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларымен, облыс әкiмiнiң Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттауға ұсыну үшiн сәйкес құжаттар дайындау, марапаттау құжаттарын ресiмдеу, марапатталғандар туралы мәлiметтер банкiн қалыптастыру;

8) жергiлiктi атқарушы органдардың қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқықты тәртiптi және заңдылықтарды қорғау мәселелерi бойынша басқа мемлекеттiк органдармен байланыс әрекеттерiн қамтамасыз ету;

9) қала әкімдігі мен әкiмнің қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету;

10) еңбек және демалыс үшiн қолайлы әлеуметтiк-тұрмыс жағдай жасау;

11) қызметтiк кабинеттердi және мәжiлiс залдарын нормативтi талаптарға сәйкес техникалық жарақтандыру;

12) мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды, құпия iс-жүргiзудiң сақталуы үшiн жағдай жасау;

13) ресми үкiметтiк және шетелдiк делегацияларға, мемлекеттiң жоғары лауазымды тұлғаларға қызмет көрсетудi, олардың қатысуларымен өтетiн iс- шараларды ұйымдастыру;

14) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық қағидаларын, Қазақстандық патриотизмді өмірге енгізу, қаланың ең маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу, ілгері басу мен рухани жаңғыру негізінде қоғамды топтастыру;

15) жалпы мемлекеттік және жалпы қалалық оның ішінде сайлау, референдумдарын өткізуге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру;

16) хат-хабарды жедел есепке алу, өтуі, қарау және жіберу бойынша жұмыстарын ұйымдастырады, түскен құжаттардың сипаттамасын талдайды;

17) өзінің қызметінен туындайтын мәселелер бойынша сотқа талап арыздар бере алады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) қала әкiмi аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;

2) қаланың атқарушы органдарынан, төмен деңгейде тұрған әкiмдерден қажеттi құжаттармен, ақпараттар, қажеттi қызметтерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсiнiктемелер сұратуға, оларға аппараттың құзiретiне жататын, орындаулы мiндеттi тапсырмалар беруге, қала әкiмдiгi мен әкiмiнiң құзiретiне жатқызылатын мәселелердi шешуге қалалық атқарушы органдырының, әкiм аппаратының төмен тұрған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер қызметкерлерiн қатысуға тартуға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, қала әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау.

4) қалалық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын қала әкімі (бұдан әрі мәтін бойынша – бірінші басшы) жүзеге асырады.

19. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және мемлекеттік мекеменің жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді;

3) мемлекеттік мекеменің атынан сенім хатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;

4) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мемлекеттік мекеменің мүлігіне билік жасайды;

5) мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлеріне міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар береді.

6) заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 

7) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

8) қаулыларға, шешімдерге, өкімдерге қол қояды;

9) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;

10 мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді;

11) мемлекеттік мекемеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

12) заңнамамен осы ережемен және қала әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.

Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппараттың басшысы басқарады.

Аппарат басшысы:

1) Аппарат басшысы аппараттың жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;

2) Аппараттың құрылымдық бөлiмшелердiң жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, олардың өзара қатынасын үйлестiредi.

3) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер лаузымдарының бос орындарына конкурстар ұйымдастырады. Олардың қорытындылары бойынша аппараттың құрылымдық бөлiмше басшылары лауазымдарына тағайындау және одан босату туралы әкiмнiң қарауына ұсыныстар енгiзедi, аппараттың кадрлар резервiн қалыптастырады.

4) қала әкiмiмен және орынбасарларымен келiскеннен кейiн аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыс жоспарын бекiтедi.

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес аппараттың мемлекеттік қызметшiлерiн көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы қала әкіміне ұсыныс жасайды.

6) аппараттың қызметiнiң ағымдағы жұмыс жоспарларын ұйымдастыру жөнiнде қала әкiмiне ұсыныстар енгiзедi.

7) аппаратта және қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік мекеменің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, босатуды және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады.

8) мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз әрекет жасайды және  мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда аппараттың мүдделерін білдіреді.

9) заңнамамен, қала әкiмiмен және осы Ережемен жүктелген өзге де өкiлеттердi жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

1. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомствалық қарамағында ұйымдар мен аумақтық органдар және мемлекеттік мекемелер жоқ.