ЕСЕПТІ БАЯНДАМА


АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ С.ЕРТАЙДЫҢ 2015 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІ БАЯНДАМАСЫ

Қаржы саласы

Соңғы нақтыланған жалпы бюджет көлемі 9.101 млн. теңгені құрап, бекітілген бюджеттен 1.826 млн. теңгеге артты.

Жергілікті кірістер жоспары 2.571 млн. теңге болса, нақты 2.981 млн. теңге түсіп, жоспар 116,0% орындалды, 2014 жылмен салыстырғанда 1.749 млн. теңгеге немесе 2,4 есеге артқан.

Өнеркәсіп саласы

2015 жылы 7.279 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,8% құрады.

Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемі 5,489 млн теңгені құрады. 

Кәсіпкерлік саласы

2015 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 3484 бірлікке жетті. Оның ішінде: 524 бірлік заңды тұлға, 1069 шаруа қожалығы және 1891 бірлік жеке кәсіпкерлер.

2015 жылы ШОК өндірілген өнім көлемі және ұсынылған қызметтер көлемі 17.182,5 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,5% артты немесе 587,2 млн. теңгеге артық өнім алынды.

2015 жылы ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны
7615 адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4% немесе 253 адамға артқан.

2015 жылы бөлшек сауда көлемі 1.224,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,6% артқан.

Қаржы ұйымдары арқылы  2015 жылы 3496 бірлік  бизнес субьектілеріне және жеке тұлғаларға барлығы 1.472 млн. теңге көлемінде несие берілді.

Индустрияландыру картасы аясында жұмыс жасап жатқан «Қазына жер ЛТД» ЖШС-нің 2015 жылғы жобалық қуаттылығы жоспары 2400 тоннаны құраса, ағымдағы жылы нақты орындалғаны  2.657 тоннаны құрап 111,0% орындалды.

«Ордабасы құс» ЖШС-нің құны 2,5 млрд тенге құрайтын жылына 1.817 мың бас асыл тұқымды жұмыртқа шығаратын фабрикасы жобасы мақұлданды. Жобаның іске асырылу мерзімі 2016-2018 жылдар аралығы, қазіргі таңда жобалық құжаттары  дайындалып, топографиялық және геодезиялық жұмыстар жүргізілуде.

«KAZ GREEN TEK SOLAR» ЖШС –нің баламалы электр энергиясын өндіру жобасы Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округі аумағындағы қаланың арнайы жер қорынан күн сәулелік электростанция құрылысын салу үшін аумағы 30 га жер телімі берілді. Жоба құны 6.090 млн. теңгені құрайды. Геодезиялық және топографиялық жұмыстар басталады. Өндірілетін электр қуаты 12 мВт. Жаңадан 30 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Индустрияландыру картасы аясында аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданған жобалар:

Арыс қаласынан индустрияландыру картасына жобаларды енгізу мақсатында құны 164,0 млн. теңгені құрайтын «ЖК Б.Сарбасов» жаңа ұн диірмені кешенін ашу жобасы.

Жобалық құны 100,0 теңгені құрайтын «ЭСЕД» ӨК-і ет өнімдерін өндіру цехының  жобасы.

Жобалық құны 200,0 теңгені құрайтын «MEGA-AGAT-АГРО» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін зауыты.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7 жобаны іске асыру жоспарланған:

2015 жылы бағдарлама аясында 7 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: 3 жобаға «Жылдық пайыздық мөлшерін субсидиялау», 3 жобаға «Кепілдік беру» және гранттық 1 жобаға қолдау көрсетілді.                                                       

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы

Есепті кезеңде 9.012 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,2% құрады.

Мал басы және одан алынатын мал өнімдері 2014 жылмен салыстырғанда барлық түрінен артты.

2014 жылы 20,1 мың га жерге егіс егіліп, 12 мың га суармалы жер игерілсе, 2015 жылы 22,5 мың га жерге егіс егіліп, 14,3 мың га суармалы жерлер игеріліп, жалпы егіс көлемі 2,4 мың га-ға, суармалы жерлер 2,2 мың га-ға артты.

Тамшылатып суғару әдісімен ағымдағы жылы 939 га жерге егіс егілді.

Жаңадан 36 дана ауылшаруашылығы техникалары алынып, жылдық тапсырма толық орындалды.

Қала дихандары өткен жылғы ауа райының қолайсыз болуына қарамастан егіншілік талаптарын сақтап, 6344 тонна астық, 11665,5 тонна жүгері, 1777 тонна мақта, 100475,4 тонна бақша, 10616,3 тонна көкөніс және 1332 тонна картоп өнімдерін өндірді.

Сонымен қатар 5,73 мың тн ет, 14,85 мың тн сүт, 6,46 млн дана жұмыртқа өндірді. Қала халқының сұранысы толығымен қамтамасыз етілді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырма 1200 бас, алынғаны 1703 бас, немесе  142%  орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 900 бас қой алу межесі берілсе, нақты алынғаны 1962 бас немесе, 218,0% орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша межеленген 160 бас жылқы орнына   165 басқа орындалып тапсырма 103,0% орындалды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, анықталғаны 28402 га оның ішінде суармалысы 1257 га, тәлімі егістік 3397,0 га жайылым 23471 га. Осы пайдаланбай жатқан жер иелерінің тізімдері жинақталып жерді қайтару мақсатында сотқа талап арыз берілді.

Қалада 2014-2016 жылдары мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында тапсырма 124  ірі қара мал бордақылау алаңдарын ашу керек болса, ашылғаны 136 бірлік, немесе 109,6%  орындалды.

Шағын жанұялық сүт фермасын құру тапсырмасы 27 бірлік, орындалғаны 31 бірлік, немесе 114,8% орындалды.

Құс фермасын құру тапсырмасы 1 бірлік, орындалғаны 2 бірлік, немесе 200%.

Сүт қабылдау бекетін құру тапсырмасы 2 бірлік, орындалғаны 2 бірлік немесе 100%-ға  орындалды.

Табиғатты пайдалану және қорғау саласы

«Жасыл аймақ»  іс-шарасы бойынша 183,6 га жерге 77,13 мың түп егілді.

Құрылыс саласы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3.823 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,4% орындалған.

2015 жылы 493,5 млн. теңгеге 19576 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып 2014 жылмен салыстырғанда 150,9 % құрады.

Аққала елді мекеніндегі 200 оқушыға арналған мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Арыс қалалық мәдениет үйі ғимараты қайта жаңғыртудан өтіп пайдалануға берілді.

Арыс қаласындағы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Арыс қаласы «Көктем-2» тұрғын ауданындағы көпқабатты 60, 90 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілі аясында Монтайтас ауылында 150 қалада 240 орындық бала бақша құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Төрт орта мектептің, бір бала бақшаның және дендросаябақтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Коммуналдық шаруашылық және көлік саласы

2015 жылы қаланың 13 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, қалалық бюджеттен қаланың көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, аяқ жолдар төселіп, суағарлар орнатылды, көшелер мен аяқжолдар жарықтандырылды.

Стадион шағын ауданындағы Қабылсай сайынан өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына қалалық бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Көктем-2» тұрғын ауданындағы қазандықтың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

«Көктем — 2» тұрғын ауданында канализациялық насос стансасының және канализация жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Қалаға жақын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесінің 2014-2015 жылдарға арналған, қайта құру және жаңарту нысандарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Қаладағы орталық жылу қазандығының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер сапалы жылумен қамтамасыз етілді.

Жөндеуді қажет ететін ауыз су, кәріз және жылу жүйелері толық ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Қаладағы 4 скверлерге абаттандыру жұмыстары жұргізілді.

Дермене, Монтайтас, Сырдария, Жиделі және Байырқұм елді мекендеріндегі саябақтарды қоршау жұмыстары жүргізілді.

Арыс қаласының Ақынбеков көшесіндегі №127 және Әл-Фараби көшесіндегі №7 үйдің қасбеттеріне светодиотты шамдармен көріктендіру, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар саны 5000 адамға дейінгі елді мекендердің бас жоспарының оңтайландырылған нұсқасын дайындаудың кестесі жасалып, 6 елді мекеннің  бас жоспарының оңтайландырылған нұсқалары дайындалып, барлық елді мекендер бас жоспарының оңтайландырылған нұсқаларымен 100% қамтылды.

Ішкі саясат, діни ахуал және жастар саясаты саласы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрамында 25 мүшесі бар, 4 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, 154 кездесу өтіп, 13521 адам қамтылды.

Жолдауды БАҚ арқылы халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы айдарлар ашылып, телеарнадан 36 сюжет, басылымдарда 48 мақала шықты. Сонымен қатар 50 билборд орнатылды.

Діни экстремизм, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында қала әкімдігі мен қалалық білім бөлімі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ құрылып, арнайы іс-шаралар бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.

Білім беру саласы

2015 жылы ұлттық бірыңғай тесттің орташа көрсеткіші 80,9 балды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,9 балға артты.

10 білім беру нысандарын (9 мектеп, 1 бала бақша) күрделі жөндеуге республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден барлығы 918,3 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Балаларды бала бақшамен қамту 80,2% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,6% артқан.

Т.Тәжібаев атындағы №1 балалар үйіне облыстық бюджеттен 81,0 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді.

Қала сыртындағы лагермен жалпы оқушылардың 12,5% қамтылды. Инклюзивті білім беруді дамыту 29,2% құрады. Білім қоры  2,0% -ды құрады.

 Денсаулық сақтау саласы

Қала бойынша есепті кезеңде 1832 сәби дүниеге келіп, табиғи өсім 20,3% құрады. 2015 жылы туберкулез  ауруымен алғаш рет 37 науқас тіркелген, алғашқы аурушаңдық 2014 жылмен салыстырғанда 19,5%. кеміген.

Ақдала ауылында дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

Қалалық түберкулезге қарсы диспансердің сыртқы қоршауы жүргізіліп, толық аяқталды.

Мәдениет және спорт салалары

Қалада мәдениет және спорт салаларында белгіленген тақырыптық және бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралар өткізілуде.

Байырқұм ауылдық клубы күрделі жөндеуден өткізілді.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы

2015 жылы 1442 азамат өтініш жасап, 1081 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 535  ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.

2015 жылы 18 жасқа дейінгі 6673 балаларға 124,0 млн. теңге жәрдемақы төленді.

Тұрғын-үй көмегіне 2015 жылы 348 отбасына 13,5 млн. теңге төленді. 2015 жылы 12 отбасындағы 66 адамға 610,0 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді.

2015 жылдың шілде айынан бастап «Өрлеу» пилоттық жобасына 38 отбасы қатысып, оларға жергілікті бюджеттен 6,5 млн. теңге шартты ақшалай көмек төленді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру аясында әлеуметтік жобаларды арттыру мақсатында 2015 жылы 24 мекемемен  меморандум  түзіліп,  4 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы шеңберінде барлығы 1140 азамат жұмыспен қамтылды, оның ішінен өзін-өзі жұмыспен қамтығандары 649 адам, жұмыссыздар 491 адам.

1-ші бағыты бойынша «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту»  шеңберінде қаралғаны 1 жоба. Қожатоғай ауыл округіндегі Аманкелді мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы 213,7 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 43 жергілікті жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды.

2-ші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жұмыссыз 20 азаматты  өз ісін ашуға төмен пайызды шағын несиемен қамтылды.

Игерілген қаржы көлемі 43,4 млн. теңге. Өз ісін ашқан жеке кәсіпкерлердегі ашылған жаңа жұмыс орындарына 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

3-ші бағыты бойынша: Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 988 адам жолдама алып жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 294-і жаңа ашылған жұмыс орындары. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 11 мекемелермен келісім шарт жасалып нысаналы топтағы 46 адам жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасына жұмыссыз 56 жас маманды жұмыспен қамтылды.

Құжаттардың орындалуы

2015 жылы тіркелген құжаттар саны – 8904, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардан 1125, шығыс құжаттар саны –2799 құрады.

Құқық қорғау саласы

Қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алу бойынша, жол жүру ережесін, қылмыстың алдын алу және балалар қауіпсіздігін сақтау үшін қала көшелеріне 1 бағдаршам, 6 бейне-бақылау қондырғылары  және 4 жасанды жол кедергілері орнатылды.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 2014 жылы 84,6% құраса, 2015 жылы 92,5 %, оның ішінде ауыр қылмыстардың ашылуы 92,1% артқан.

Арыс қаласы әкімі С.Ертайдың 6 айлық есебі 2015 жыл

Құрылыс саласы бойынша:

Қала бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі бойынша жоспарлы индикаторының орындалуы 2014 жылдың 6 айында 705 млн теңгеге орындалып, 2015 жылдың 6 айымен салыстырғанда  ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 908 млн теңгеге орындалып 123 % құрады.

Нысанды пайдаланушы мекеменің басшылары пайдалануға тапсырылған нысанның техникалық жағдайына тексеру жүргізіліп, әр он күн сайын ақаулар мен кемшіліктер туралы мәлімет облыстық құрылыс басқармасына облыс әкімімен бекітілген кестеге сәйкес мәлімет жолдануда.

— 2014 жылы облыстық бюджет есебінен Жиделі ауылдық округі, Аққала елді мекеніндегі 200 орындық мектеп (365,6 млн теңге), Көктем-2 тұрғын ауданындағы көпқабатты   90 және 60 пәтерлі  тұрғын үй (697,7 млн теңге), қалалық Мәдениет үйін қайта құрылымдау  (260,3 млн.теңге), дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылыс (294,6 млн.теңге) жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды және мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданды. (Жалпы құны 1 618, 234 мың теңге)

2014 жылы желтоқсан айында жергілікті бюджет есебінен Дермене ауылындағы 75  орындық балабақша құрылысына қаржы қаралып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

2015 жылы  облыстық бюджет есебінен Қожатоғай ауылдық округі Шөгірлі елді мекеніндегі 150 орындық орта мектеп, Монтайтас ауылдық округі Шағыр елді мекеніндегі 200 орындық орта мектептердің   құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан  2016 жылдың  маусым айында пайдалануға беріледі.

2015 жылға жергілікті бюджет есебінен — Қабылсай елді мекеніндегі 150 орындық мектеп,  Дермене ауылы Қаражантақ елді меніндегі 120 орындық мектеп, Арыс-Шымкент тас жолы бойындағы  саябақ, Арыс-Шардара тас жолы бойынан ипподром құрылыстарына қаржы қаралып  аталған нысандардың құрылысына конкурс жарияланып жеңімпаз күтілуде.

Жобалық -сметалық құжаттамалар бойынша:

— «Жас натуралистер, техниктер, туристер станциясы» ғимараты, М.Маметова мектебінің спорт залы, Дермене, Жиделі және Монтайтас ауылдық округ  әкімдерінің қызметтік ғимараттарының  құрылыстарының ЖСҚ –сына қаржы қаралып, конкурс жарияланып жеңімпаз күтілуде.

Жол саласы бойынша:

2015 жылы  қаладағы 13 көшелерді орташа жөндеуге (10,314 шқ)  қалалық бюджеттен  82,8 млн теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қалада жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қалалық бюджеттен бейнебақылау камераларын орнатуға 8,7 млн теңге қаралып,                   белгіленген орындарға 6 бейнебақылау және қала көшелерінің қиылыстарына бағдаршам орнату үшін 5,5млн теңге қаралып, 1 дана бағдаршам орнатылды.

«Стадион» тұрғын ауданындағы Қабылсай арнасынан өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына жергілікті бюджеттен 58,3 млн тенге қаржы  қарастырылып, ағымдағы жылы құрылысын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу үрдістері жүргізілуде.

Қала көшелерін орташа жөндеуге және екі жақты бағаналармен жарықтандыруға Ергөбек, Т.Тәжібаев, Майлықожа, Ақынбеков, Әл-Фараби көшелеріне қалалық бюджеттен 500,4 млн теңге қаржы қарастырылды және Н.Исмайлов, К.Омаров көшелерін орташа жөндеуден өткізуге қалалық бюджеттен 50,8 млн тенге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу үрдістері жүргізілуде.

Ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша:  

«Қазсушар» РМК  тарапынан «ОҚО Арыс топтасқан су өткізушіне қосумен қаланы және жақын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және жаңарту» (ІІІ-кезең) жұмыстары бойынша республикалық бюджеттен 2014-2015 жылдарға 650,0 млн тенге қаржы бөлініп, Ақдала елді-мекенінің және қаладағы Елетов, Север, Елшінбеков, Байсейтова көшелері,  «Самал», «Наурыз» «Тараз» және «Көктем» тұрғын аудандарында 45 шақырым су құбырлары жүргізілді. Қазіргі таңда су жинау стансасында қайта құру жұмыстары жүргізілуде.  Құрылыс – монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін тәулігіне 24 сағат таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.  Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қараша айы.

2015 жылы қалалық бюджеттен «Көктем-2» тұрғын ауданы және Онтам елді-мекенінің  су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына  21,3 млн тенге қаржы қарастырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сырдария елді мекенінің 6 көшесіне таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен ЖСҚ-сын әзірлеуге 3,0 млн тенге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу үрдістері жүргізілуде. Аталған көшелерге су көзі ретінде Азизаев көшесіндегі коммуналдық меншіктегі су ұңғысын тазалау жұмыстарына 2,4 млн тенге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы.

Коммуналдық су беруші мекеменің тарифін бекіту бойынша Теміржолшы, Монтайтас, Шағыр,  Байырқұм, Жиделі, Қожатоғай, Сырдария  елді мекендерінің және қаладағы Көктем-2 тұрғын ауданының  ауыз су жүйелерінің жер телімдеріне мемлекеттік акт  және техникалық түгендеу құжаттары алынып,  қазіргі таңда коммуналдық мекеме «Қызмет-Сервис-Арыс» ЖШС-гі ауыз су тарифін бекіту бойынша жұмыстар жүргізуде.

(Арыс қаласында Арыс қаласы және  32 елді мекен бар, оның  18 елді мекені  құбыр суымен қамтылған. Қалған 12 елді мекен  құдық суымен, 3 елді мекен ұңғы суын пайдалануда.  Су беруші мекемелер: «Қазсушар» РМК Оңтістік Қазақстан филиалы Арыс топтастырылған су жүйесі өндірістік бөлімшесі, «Теміржол су-Арыс»  ЖШС және «Қызмет-Сервис-Арыс» ЖШС).

Электр энергиясы  жұмыстары бойынша:

Қала және елді-мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін және мемлекеттік сараптамадан қорытынды алу үшін қалалық бюджеттен «Отырар» тұрғын ауданына 6,6 млн тенге, «Наурыз» тұрғын ауданына 6,3 млн тенге, «Оңтүстік» тұрғын ауданына 5,7 млн тенге  қаржы қарастырылып, ЖСҚ-сы әзірленуде.

«Отырар» және «Көктем-2» тұрғын аудандарына 2 дана трансформаторлар орнатылды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі тарапынан инвестициялық жобалар  арқылы  2015 жылы тозығы жеткен  Байтұрсынов көшесінің  0,4 кВт 1,4 шақырым электр әуе желісін , Аймаутов көшесінің 0,4 кВт 2,4 шақырым электр әуе желісін, Дулатов көшесінің 0,4 кВт 2,4 шақырым электр әуе желісін, Сырдария елді мекенінің 10 кВт 3,7 шақырым электр әуе желілерін толығымен жаңадан ауыстырып, іске қосылды.  Абдразахов және Ергөбек көшелеріне 2 дана трансформаторлар жаңадан орнатылды.  Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айы.

Көркейту, абаттандыру  және көгалдандыру жұмыстары бойынша:

Байырқұм, Жиделі, Монтайтас, Сырдария және Дермене елді-мекендеріндегі аллея, саябақтарды қоршауға республикалық бюджеттен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 28,979  млн тенге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда, аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы.

2015 жылы батырлар алаңы, орталық саябақ, жеңіс скверіне  және жастар саябағын абаттандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 124 млн қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу үрдістері жүргізілуде.

Тәжібаев көшесін абаттандыру мақсатында «Сквер» салу үшін ЖСҚ-на жергілікті бюджеттен 968,0 мың тенге бөлініп, ЖСҚ-сы әзірленуде, аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың шілде айы.

Ақынбеков және Әл-Фараби көшелерінің қиылысына «Мәңгілік ел» паносы абаттандырылып, жарықтандырылды.

Жергілікті бюджеттен 4,4 млн теңге бөлініп, Ақынбеков көшесі №127 және Әл-Фараби көшесі №7 үйлердің  қасбеттеріне светодиотты шамдармен көріктендіру-жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Қала көшелерінің белгіленген орындарына 30 дана  баннерлер   жаңартылып ілінді.

Елді мекендер көше бойларындағы талдарды, жиектастарды, жарық бағаналары және панолар әктеліп сырланды.

2015 жылы 13334 түп  көшеттері  қала және ауылдық округтерге таратылып, толық егілді:

Осы бағдарлама бойынша ағымдағы жылдың 6 айлығына 29,8 млн теңге қарастырылды. Жалпы  жыл аяғына дейін  61,2 млн теңге қаралды

Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша:

Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалық жағдайын жақсарту мақсатында 6 айда  8 рет сенбілік өткізіліп, қала мен  6 ауылдық округінде тазалық   жұмыстары жүргізілді.

Жалпы жыл басынан 146 шақырым көше бойлары,   1103 тонна күл-қоқыс арнайы орынға шығарылып, 6400 шаршы метр үй іргелік аулалары, көп қабатты үйлердің 43 кіре берісі тазаланып, 11379 дана  тал түптері әктелді.

Жалпы бұл бағдарлама бойынша 2015 жылға қаралған қаржы 14,438 млн теңге, оның 6 айына қаралған қаржы  6,381 млн теңге.

Жылу жұмыстары бойынша:

2015 жылы «Арыс жылу» КМК –на қарасты орталық қазандықтың ғимаратын күрделі жөндеуге  облыстық бюджеттен 204,0 млн тенге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айы.

«Көктем-2» тұрғын ауданындағы қазандықтың құрылысына облыстық бюджеттен 2014-2015 жылдарға 104,4 млн тенге қаржы бөлініп,  ағымдағы жылдың маусым айында аяқталып, пайдалануға берілді.

«Арыс жылу» КМК-не 2015-2016 жылдары жылу маусымына 3056 тонна қатты отын алу үшін 27,0 млн қаржы бөлінді, «Көктем-2» тұрғын ауданындағы жылу қазандығына сұйық отын алу үшін қалалық бюджеттен 13,0 млн қаржы бөлінді.

2015-2016 жылдарға жылу маусымына жалпы саны – 116 нысан ағымдағы жылдың қыркүйек айында толық қатты және сұйық отынмен қамтамасыз етіледі.  

(Жалпы қатты отынның қажеттілігі – 9526 тонна, Оның ішінде: білім саласына-8015 тонна дайындалғаны 650 тонна, денсаулық саласы- 1278 тонна, дайындалғаны 0 тонна, спорт саласы – 127 тонна, дайындалғаны – 0 тонна, мәдениет саласы – 106 тонна, дайындалғаны – 0 тонна. Сұйық отын   қажеттілігі – 660 тонна. Білім саласы – 528 тонна, дайындалғаны 200 тонна. Денсаулық саласы – 138 тонна.)  

Кәріз жүйелері жұмыстары бойынша.

«Көктем-2» тұрғын ауданында кәріз насос стансасының және кәріз жүйесінің құрылысына облыстық бюджеттен 2014-2015 жылдарға 74,4 млн тенге қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың маусым айында аяқталып, пайдалануға берілді.

Тұрғын үй жұмыстары бойынша.

2014 жылы ҚР «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында республикалық бюджеттен күрделі жөндеуге 75,2 млн тенгеге  5 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың  6 айына  қайтарылуға тиіс 2,4 млн теңгенің 800,0 мың тенгесі қайтарылды. Қазіргі таңда штаб құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылға 15 көпқабатты және көппәтерлі тұрғын үйлерді «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ЖСҚ әзірленіп мемлекеттік сараптамадан қорытынды алып, республикалық бюджетке өтінім берілді.  2017 жылға 15 көпқабатты және көппәтерлі тұрғын үйлерді «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ-сы әзірленіп, мемлекеттік сараптамада қорытынды алынуда.

Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша:

Халқының саны 5000 адамға дейінгі елді мекендерді

Халық саны 5 мың адамға дейінгі 32-елді мекен бар. 2011-2014 жж. аралығында 20 елді мекеннің схемасы әзірленген.Схема жасауды қажет етпейтін — 6 елді мекен. Оның ішінде: болашағы жоқ — 5 елді мекен (Ақын-Жақып, Тақыркөл, Тоғайлы, Дарбаза, Бұлақ)  және қалаға қосылатын — 1 елді мекен (Сырдария). Бекітілген кестеге сәйкес 2015 жылы 6 елді мекенге схема әзірлеуге қаржы қаралып, жұмыстары жүргізілуде. 2015 жыл қорытындысымен елді мекендер 100% схемамен қамтылатын болады.

Заңсыз салынған сәулет және қала құрылысы нормалары мен талаптарын бұзған құрылыс нысандарының Арыс қаласының бас жоспарында ортақ меншік болып табылатын МПС тұрғын ауданында өз бетінше құрылыс жүргізген 16 нысан бойынша бүгінгі таңда облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан тексеру актісі ашылып, тексеру жұмыстары тағайындалған. 2 нысаны өз еркімен бұзылып, 1 нысанның құжаттары рәсімделген, 3 нысан бойынша сотқа талап-арыз беріп, нысан иелеріне 15 АЕК  айыппұл тағайындалып және салынған нысанды мәжбүрлеп бұзу жөнінде сот каулы шығарды. Қалған 10 нысан сотта қаралуда.

Қала құрылысы кеңесі қазіргі таңға дейін 7 рет мәжілісі өткізілді.

Ағымдағы жылдың 6 айында 88 үй (10982,0 ш.м. жылдық жоспардан 80,2%) және 8 кәсіпкерлік нысанның құрылысы мемлекеттік қабылдау бойынша пайдалануға берілді.

Арыс қаласының әкімі С.Ертайдың 2014 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары   туралы есепті баяндамасы

Елбасымыздың тапсырмасы бойынша есепті жылдың алғашқы айларында  барлық деңгейдегі әкімдердің есептерін тыңдау, табыстарымыз бен жетістіктерімізді саралап, алдағы атқарылатын жұмыстарымызды айқындау бұлжымас дәстүрге айналды. Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы Қазақстан Республикасының  әлеуметтік – экономикалық нақты жеті басым бағыты бойынша жаңғыртудың жарқын жағы жан сүйсінтеді. Шабытты да жасампаз еңбекке жұмылдырады. Жарқын болашаққа деген сеніміміздің тұғырын биіктетеді.

Біздің ең басты мақсатымыз, Жолдауда атап көрсетілгендей, жеті басым бағыт бойынша жемісті жұмыс істеп, Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген игіліктер мен құндылықтар одан әрі ұлғайып, келешек ұрпағымыздың саналы да сапалы өмір сүруіне барынша қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Бұған бізде толық негіз бар.

Алға қойылған міндеттерді шешуде елбасының, үкіметтің, облыс әкімдігі тарапынан берілген тапсырмаларды орындау нәтижесінде өткен жылы әлеуметтік – экономикалық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Мерекелі де берекелі биылғы жылдың алғашқы аяқ алысы да қуантады.

Қадірлі  көпшілік!

Қаңтардың 21 мен 23 жұлдызы аралығында қаламыздың барлық ауылдық округтерінде қала әкімінің есептері тыңдалғанын, олардың бүкпесіз, ашық әңгіме жағдайында өткенін айтқым келеді. Бүгін сіздердің назарларыңызға қала әкімдігінің 2014 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары мен                                     2015 жылдың негізгі міндеттері туралы есебін ұсынамын.

Бюджет саласы

№ 1 слайд

Жалпы бюджет көлемі 7.386,0 млн теңгені құрап, бекітілген бюджеттен  1.391,3 млн  теңгеге, оның  ішінде жергілікті кірістер 152,5 млн теңгеге,  немесе 114 %-ға артты.

№ 2 слайд

Өткен жылы жалпы кірістердің жоспары 7.386,0 млн теңге болса,                 нақты  түскені  7.391,0  млн  теңгеге  немесе  100%-ға  орындалды, оның ішінде

жергілікті  кірістердің жоспары 1.228,0 млн теңге болса, нақты 1.232,2 млн теңге болып, жоспар 100,4 %-ға орындалды немесе 4,5 млн. теңге артық түсті.  2013 жылмен салыстырғанда жергілікті түсімдер 227,0 млн теңгеге артты. Өсім 22,6 %.

(2014 жылдың нақтыланған кірістердің 16,0 %-н жергілікті кірістер,  84,0 %-н облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер құрайды).

Өнеркәсіп саласы

№ 3 слайд

2014 жылдың қорытындысымен 6.011 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 2013 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,2 %-ды құрады.    (Кен өндіру өнеркәсібі — 108,2 млн теңге, өңдеу өнеркәсібі -5.283,6  млн теңге, электрмен жабдықтау, бу беру және сумен жабдықтау – 619,1 млн теңге, (2013 жылы  5.988,9 млн теңге).

Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2014 жылы             8.487 млн теңгені құрады(Оның 12,8 пайызы республикалық бюджет есебінен, 48,8 пайызы жергілікті бюджеттен және 38,4 пайызы ұйымдардың өз қаржысы есебінен, (2013 жылы 11.464,5 млн теңге).

(Бюджеттік емес инвестициялар көлемі көлемі 3.299,4 млн теңгені құрады, 193,5 %-ға  орындалды. (Үш жақты келісімдегі тапсырма 1.705,0 млн тенге).

(Жыл қорытындысымен экономикалық өсім 7,2 %-ды  құрады)

Кәсіпкерлік саласы

№ 4 слайд

Шағын және орта бизнес субьектілерінің өндірген өнімі 19.917 млн теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 2.788 млрд теңгеге, жұмыспен қамтылғандар  саны 7474 адамды құрап, 230 адамға артты.

(Субъектілер саны 3803 бірлік жеке кәсіпкерлер 2038, заңды тұлға 501 және шаруа қожалықтары 1264 бірлік. Белсенді жұмыс жасап жатқан субъектілер саны 2051 бірлікті немесе 54,0 %-н құрады, оның ішінде 152 заңды тұлға, 622 шаруа қожалығы, 1277 жеке кәсіпкер. 1752 субъектілер немесе 46,0 %-ы негізінен қаржы тапшылығынан белсенді жұмыс атқармауда).  

Қаржы ұйымдары арқылы  2014 жылы (3224 бірлік) бизнес субьектілеріне және жеке тұлғаларға  барлығы   2762,4  млн тенге көлемінде несие берілді.

(«Жұмыспен қамту 2020» бағдарлаамасы бойынша» «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы – 87, 1 млн теңге, «Максимум» АИО» ЖШС және «Ырыс» МКҰ арқылы – 97,3 млн  теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ОҚО филиалы арқылы – 91,8 млн теңге, «КазАгроҚаржы» АҚ ОҚО бойынша филиалы арқылы – 6,6 млн теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ОҚО бойынша филиалы арқылы – 905,3 млн теңге, «Арыс несие серіктестігі» ЖШС арқылы – 801,3 млн теңге, «Казмикрофинанс» АҚ арқылы – 773,0 млн теңге).

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бағдарламасы аясында

№1  ф/с

Өткен жылы  облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінде «Ордабасы құс» ЖШС-нің құны 2,5 млрд теңгені құрайтын жылына 1 млн 800 мың дана жұмыртқа шығаратын фабрикасы жобасы мақұлданды. (Жобаның іске асыру мерзімі  2015-1016 жылдар аралығын  құрайды. Тұрақты 100  жаңа жұмыс орыны ашылатын болады).

«Бизнестің жол картасы 2020»  мемлекеттік бағдарламасы аясында             3 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: 2 жоба субсидиялау бойынша («Сәрсенкүл-Ана» ЖШС-гі құны 24,8 млн теңге,  ЖК Б.Баймұрзаева құны 10,0 млн теңге)  және 1 жобаға инфрақұрылым тарту  («Санаторий Арыс» ЖШС-гі құны 27,3 млн теңге).

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы

№ 5 слайд

«Арыс қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауылшаруашылық құрылымдары 2014 жылы 8.930,0 млн теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 2,0 млрд теңгеге нақты көлем индексі 109 % құрады.

№ 6-7 слайд

2013 жылы 15,5 мың га жерге егіс егіліп, 8,3 мың га суғармалы жер игерілсе, өткен жылы 20,2 мың га жерге егіс егіліп, 12,0 мың га суғармалы жерлер игеріліп, жалпы егіс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 4,7 мың га-ға, суғармалы жерлер 3,7 мың     га-ға артты.

Қала дихандары өткен жылғы ауа райының қолайсыз болуына қарамастан егіншілік талаптарын сақтап, 7171 тн астық, 12718 тн жүгері, 1405 тн мақта, 83240 тн бақша, 8255 тн көкөніс және 1268 тн картоп өнімдерін өндірді.

Сонымен қатар 7495 тн ет, 16326 тн сүт, 7.212,0 мың дана жұмыртқа өндірді. Қала халқының сұранысы толығымен қамтамасыз етілді.

№2  ф/с

Нәтижесінде қала әкімдігі ет өндіруде жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, облыста өткізілген «Алтын күз-2014» мерекесінде 1-ші орынды және тамшылатып суару әдісін ендіруден облыста екінші орынды иеленді.

Қала халқын қыс айларында көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында жылы жайлар көлемі 6,3 га жеткізілді.

2014 жылы 4 га жылыжай салу тапсырмасы 100 пайызға орындалды. Осы жылыжайлардан 96 тн қызанақ, 36 тн қияр өндіріліп, Алматы, Атырау және Шымкент қалаларының тұрғындарына сатылуы қамтамасыз етілді.

№ 8 слайд

Тамшылатып суғару әдісімен 970 га-ға егіс егілді немесе өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есеге артты.

3000 га суғармалы жерді ұлғайту тапсырмасы жыл қорытындысы бойынша 100 пайыз орындалды.

Жаңадан 32 ауыл шаруашылығы техникалары алынды.

Мал басы және одан алынатын мал өнімдері 2013 жылмен салыстырғанда барлық түрінен артты. (Қаламызда мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Атап айтқанда 23182 мың бас ірі қара малдың 3 пайызы (703),  289,5 мың бас уақ малдың 8,6 пайызы (24957), 782,9 мың бас жылқының 3 пайызы (241) асылдандырылған).

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 400 бас ірі қара мал алу тапсырмасы 584 басқа немесе 146,0 пайызға орындалды.

Малдарды асылдандырудың бір жолы қолдан ұрықтандыру, өткен жылы 3623 ірі қара мал қолдан ұрықтандырылды.

Жалпы 2 жылда 35,2 млн теңгеге 11 жаңа ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пунктері салынып, пайдалануға берілді.

№3  ф/с

2014-2016 жылдары мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында, қалада «Максимум АИО» ЖШС-нен 53,0 млн теңге несие алынып, осы несие негізінде мал өнімдерін қабылдап өткізетін «Арыс-Сико» селолық тұтыну кооперативі (СТК) ашылды. 113 дана мал бордақылау алыңдары ашылып, 1364 бас ірі қара мал бордақылануға қойылды. Арнайы типтік үлгідегі мал сою пунктінің құрылысы аяқталды. Ет өнімдерін консервілейтін цех құрылысы жұмыстары аяқталып, құны 9,6 млн теңгенің құрал жабдықтары алынды.

№4  ф/с

Елді мекендерде 4 сүт қабылдау тректері ашылды.

№ 5 ф/с

Өткен жылы «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС қайтадан жұмысын бастады.

Агрофирма тамшылатып суғару әдісімен 170 га-ға қызанақ, 170 га-ға жүгері дақылдарын екті.

(170 га жерде жеміс жидек егісі орналасқан. Қызанақ дақылының  115 га жерінен 4760 тн өнім алынып, оның 4607 тноннасы қайта өңделіп 525 тонна томат пастасы өндірілді. 170 га жүгері дақылынан 130 тн жүгері дәні жиналды, 70 тонна алма, 5 тонна алмұрт жиналды).

Ауылшаруашылығы саласы бойынша үш жақты келісім толық орындалды.

Бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген Ақдала ауылдық округі тұрғындарына 265,0 га суғармалы егістік жер бөлініп берілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық округтер бойынша пайдаланылмай жатқан 37006,1 га жер, оның ішінде: суғармалы егістік 3100 га, тәлімі егістік 10555 га, жайылым 23351 га аңықталып, қаланың арнайы жер қорына қайтару үшін құжаттары әзірленіп, облыстық жер инспекциясына жолданды.

Бүгінгі таңға сот шешімімен 1420 га қайтарылды. Оның ішінде; суғармалы егістік 181 га, тәлім егістік 867 га, жайылым жер 372 га.   (Сотта 4 талап арыз (548 га жер) қаралуда).  

Құрылыс саласы

Өткен жылы қала аумағында жалпы құны 7.034,2 млн теңгені құрайтын 78 нысанның құрылыс  және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

№ 6 ф/с

«Көктем-2» тұрғын ауданындағы 280 орындық балабақшаның құрылысы өткен жылдың маусым айында пайдалануға берілді. (Құны 373,5 млн.теңге).

Аққала елді мекеніндегі 200 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде, нысан биылғы жылға өтпелі. (Құны 365,5 млн.теңге).

Дермене ауылында жергілікті бюджет есебінен 75 орындық бала бақшаның құрылысы жүргізілуде. Нысан биылғы жылға өтпелі.

№ 7 ф/с

Монтайтас ауылында жеке инвестор есебінен 100 орындық бала бақша құрылысы жүргізілуде.

«Көктем-2» тұрғын ауданындағы көпқабатты 60, 90 пәтерлі  тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысандар биылғы жылға өтпелі.

Мәдениет үйін қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Нысан биылғы жылға өтпелі. (Құны 256,3 млн.теңге).

Қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы жүргізілуде.  Нысан биылғы жылға өтпелі. (Құны  294,5 млн.теңге).

№ 8 ф/с

Монтайтас ауылында тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонның құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

№ 9 ф/с

«Көктем-2» мөлтек ауданындағы кәріз насос стансасының, кәріз жүйесінің және қазандықтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысандар биылғы жылға өтпелі.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан биылғы жылдың Көктем айларында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

№ 10 ф/с

Дермене және Ақдала ауылдық округтеріндегі мал өлекселерін тастайтын Беккари шұңқырының құрылысы толығымен аяқталды (Құны 12,5 млн теңге),  6 ауылдық округтерде ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пунктері құрылысы жүргізілді. (Құны 16,9 млн теңге).

№ 11 ф/с

Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер ауласына спорт алаңшалары салынды.

№ 12 ф/с

Сонымен қатар қалада ветеринариялық зертхананың және санитарлық эпидемиологиялық зертхананың құрылыстары жүргізіліп, жаңа ғимараттарға қоныстанды.

Табиғатты пайдалану және қорғау саласы

«Жасыл аймақ»  іс-шарасы бойынша 133,1 мың түп көшет егілді.          (Жылдық жоспар 318,5 га жер, 100 %-ға орындалды).

Энергетика және тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық саласы, қаланы көріктендіру және абаттандыру бойынша

№ 13 ф/с

П.Арапов елді мекенінің электр желісін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 5,5 млн. теңге бөлініп, елді мекенге 1 дана трансформатор орнатылып, 2,3 шақырым электр желісі ағымдағы жөндеуден өткізілді.

(Қала және 32 елді мекеннің 17-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған,  оның ішінде  14 елді мекенге су  тұрақты, қалған 4 елді мекенде сағатпен берілуде (электр энергиясын үнемдеу мақсатында), 3 елді мекен ұңғы суымен, 12 елді мекен құдық суымен қамтылған).

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті арқылы республикалық бюджеттен қаржы бөлініп 3 елді мекенде (П.Арапов, Шаян, Аққала) жер асты су қорын зерттеу жұмыстары жүргізілуде, зертеу қортындысы күтілуде.

Қалаға жақын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесінің 2014-2015 жылдарға арналған, қайта құру және жаңарту нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны 653,0 млн. теңге.

Өткен жылға республикалық бюджеттен  295,0 млн теңге бөлініп, жалпы 45 шақырым  (Ақдала е.м., Елетов, Север, Елшінбеков, Байсейтова көшелері,  «Самал», «Наурыз» «Тараз» және «Көктем» тұрғын аудандарында)  су құбырлары және  су жинау стансасында қайта құру жұмыстары жүргізілді.  (Таза ауыз сумен 4320 тұрғын тұрақты  қамтылатын болады. Нысан 2015 жылға өтпелі).

№ 14-15 ф/с

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы» аясында қаладағы 5 көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 75,2 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

№ 16 ф/с

2 көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу және сейсмонығайту жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 37,1 млн теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

№ 17 ф/с

Республикалық бюджеттен 55,5 млн теңгеге, қаладағы 2 мектептің және орталық стадионның кәріз жүйелері қайта жаңғыртудан өткізілді.

Қаламызды табиғи газбен қамтамасыз етудің I-ші және  II-ші кезеңінің сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасына өткізілді. (I-ші кезеңіне 2015 жылға 15,0 млн тенге, 2016 жылға 38,4 млн тенге облыстық бюджеттен ЖСҚ-на қаржы қаралды).

«Отырар», «Наурыз», «Оңтүстік» тұрғын аудандарын коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға (таза ауыз су және автомобиль жолдары)  қалалық бюджеттен 10,0 млн теңге қаралып, жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасына ұсынылды. (Сметалық құны 1,8 млрд теңге, жобаны қаржыландыру  үшін республикалық бюджетке  ұсыныс берілді).

Тұрғындар саны 5000 адамға дейінгі елді мекендердің бас жоспарының оңтайландырылған нұсқасын дайындаудың кестесі жасалып, 3 елді мекеннің (Қожатоғай, Байтоғай, Ақтас) бас жоспарының оңтайландырылған нұсқалары дайындалды.

№ 18 ф/с

Қаламыздың орталық көшелерін көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

№ 19-20 ф/с

Қала көшелерінің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасын тапты. Жаңадан бильбордтар орнатылып, ескілері жаңартылды.

№ 21-22-23 ф/с

Қала көшелеріне 3 бағдаршам, 9 бейне-бақылау қондырғылары  және 13 жасанды жол кедергілері орнатылды.

Көлік саласы

№ 24 ф/с

 Былтыр барлығы 35 көшелер (21,97 шқ. 280,1 млн теңге) орташа жөндеуден өткізілді. (Оның ішінде 12 қала және 23 ауылдық  елді мекендердегі көшелер орташа жөндеуден өткізілді).

№ 25 ф/с

Қала көшелері бойына, жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жолдар төселінді. (8,0 млн теңге 0,6 шқ)

№ 26 ф/с

 Өткен жылы облыстық бюджеттен 73,0  млн теңге бөлініп, Саяжай мөлтек ауданындағы Қабылсай арнасынан өтетін көпір құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Монтайтас ауылында жаңа көпір салуға облыстық бюджеттен 44,0 млн теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

Төтенше жағдайлар және оның алдын алу мақсатында Монтайтас елді мекенінде  тасқын суды өзінің бұрынғы су арнасына қосу үшін 60 метр канал қазылды және су тасқынының алдын алу мақсатында Қожатоғай елді мекенінде 500 метр су қашыртқысы тазаланды, Ақтас елді мекенінде 800 метр су қашыртқысы каналы қазылды.

№ 27 ф/с

Қожатоғай және Байтоғай елді мекендерін көктемгі тасқын судан қорғау мақсатында ұзындығы 4 шақырым биіктігі 3 метрді құрайтын дамбы құрылысы жүргізілді.

(149,0 млн теңгеге әлеуметтік нысандардың құрылысы және күрделі жөндеудің ЖСҚ-лары әзірленді)

Білім саласы

Білім саласына өткен жылы 4.226,7 млн теңге қаржы бөлініп, қаржыландыру 2,3 %-ға артты.

Мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 37,0 млн теңге (жергілікті  бюджеттен 9,8 млн теңгеге, облыстық бюджеттен  27,1 млн теңге)  қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

№ 9 слайд

2014 жылы ұлттық бірыңғай тесттің орташа көрсеткіші 77,6 баллды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 6,2 баллға артты. Облыс бойынша   4 орынға тұрақтады.

Балаларды бала бақшамен  қамту 76,6 % құрады.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға (республикалық бюджеттен  калалық, ауылдық елді мекендерде орналасқан) 2 мектепке 8,2 млн теңгеге химия кабинеттері және қалалық бюджеттен         56,6 млн теңгеге мектептерге жылу қазандықтары мен лингофондық, мультимедиялық кабинеттері және оқушыларды тасымалдауға 3 автобус алынды. Қала сыртындағы лагермен жалпы оқушылардың 13,0 %-ы қамтылды.

Инклюзивті білім беруді дамыту 30%-ды құрады. Білім қоры  2,0 %-ға артты.

Денсаулық сақтау саласы

№ 28 ф/с

Қала бойынша есепті кезеңде 1987 сәби дүниеге келіп, табиғи өсім көрсеткіші 23,6-ны құрады.

Жиделі ауылында облыстық бюджеттен құны  81,0 млн теңгеге дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп пайдалануға беріліді.

Мәдениет  және  спорт  саласы

Қалада мәдениет және спорт салаларында белгіленген тақырыптық және кестеге сәйкес іс-шаралар өткізілді.

№ 29 ф/с

Облыстық «Мәдениетім мерейім» фестивалінде қала өнерпаздары жүлделі 1 орынды иемденіп, автокөлікпен марапатталды.

№ 30-31 ф/с

Осындай іс-шара қалалық «Мәдениетім – мақтанышым» фестивалі қала мекемелері, теміржолшылар мен әскери бөлімдер және ауылдық округтері арасында өткізілді.

№ 32-33-34 ф/с

Өткен жылы Қожатоғай ауылында Шопандар тойы мен Монтайтас ауылының 60 жылдық мерей тойлары жоғарғы деңгейде атап өтілді. Сонымен қатар 2,2 млн теңгеге Қожатоғай ауылдық клубына жихаздар мен музыкалық аппаратура  алынды. Қожатоғай, Монтайтас және Жиделі ауылдарына жаңа жылдық шыршалар берілді.

№ 35 ф/с

Мұңлық, Зарлық белгілері қайта жаңғыртудан өткізілді.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Өткен жылы 1482 азамат өтініш жасап, 1010 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 530 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Балалар жәрдем ақысы, тұрғын үй көмегі және атаулы әлеуметтік көмек сұранысқа сәйкес тағайындалып, толығымен төленді.

 (2014 жылы 18 жасқа дейінгі жәрдем ақы 6395 балаларға 108,0 млн. теңге. (2013 жыл 12 айда 6128 балаға 89.3 млн. теңге төленген).

Тұрғын-үй көмегіне 312 отбасына 12,3 млн. теңге (2013 жылдың        12 айында   288 отбасына 7,7 млн.  теңге).

2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек 25 отбасындағы 130 адамға         1,3 млн.  теңге.

(2013 жылы 53 отбасындағы 282 адамға 2,6 млн. теңге тағайындалып, толық төленді).

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру аясында әлеуметтік жобаларды арттыру мақсатында 13 мекемемен  меморандум  түзіліп, 5,2 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды.

№ 10 слайд

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы бойынша жыл қорытындысымен 1037 адам бағдарламаға қамтылып, әлеуметтік келісім шарт түзілді. (Оның ішінен өз бетінше жұмыс істейтіндері 433 адам, жұмыссыздар 396 адам, аз қамтылғандары 208 адам).( Жоспар 869 адам, орындалуы 119 %).

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 21 жоба бойынша 71 жаңа жұмыс орны ашылды, онда 40 адам жергілікті жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды (Жоспар 21 жобаға 39 адам).

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша  43 азамат (Жоспар 30 адам) өз кәсібін ашуға 93,6 млн теңге шағын несие алды. Осыашылған жаңа жұмыс орындарында 60 адам жұмыспен қамтылды.

2014 жылы 53 адам кәсіпкерлік негізінде оқыды.

Бағдарламаның үшінші бағыты  шеңберінде тұрақты, уақытша, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, кәсіби оқуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға тиісті жұмыстар толығымен атқарылып, барлығы белгіленген межеден артығымен орындалды.

(Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 642 адам. (Жоспар 571 адам) әлеуметтік жұмыс орындарына 82 адам (Жоспар 50 адам) жастар практикасына 47 жас маман (жоспар 30 адам)       кәсіби оқуға  68 адам жолданды. Оның ішінде: біліктілігін артыруға 3 азамат, қайта даярлауға 45 азамат және кәсіби даярлау шеңберінде 20 азамат (10 айға) жолдама алды). 

Сонымен қатар, ата анасының қамқорлығынан айырылған 1 отбасы балалары (отбасы құрамы 3 адам)  Шымкент қаласына  және Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласына 1 отбасы (отбасы құрамы 3 адам) жаңа пәтерлерге қоныстанып, жұмыспен қамтылды.

Қоғамдық қауіпсіздік және саяси ахуал

№ 36-37-38 ф/с

Қалада қоғамдық саяси ахуал тұрақты.

Қалалық «Ардагерлер ұйымына» жеке ғимарат берілді. Арыс қаласы әкімдігі жанындағы «Ырыс алды — ынтымақ» қоғамдық форумы аталған ғимараттың ауласында өткізілді.

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында демеушілер есебінен жаңа қызметтік автокөлік табыс етілді.

Өткен жылы 358 қылмыс тіркелді. Ашылу 91,4 % құрады. (2013 жылы 332 қылмыс. Оның ішінде ауыр қылмыстардың  2013 жылы 39 фактісі тіркелсе, былтыр 34 фактісі тіркелді.2013 жылы  ашылуы 75,6%).

Қылмыстың алдын алу бойынша түнгі бірнеше топтар құрылып, қылмыстың орын алуы мүмкін криминогендік аумақтар қатаң бақылауға алынып, жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы жаңадан 2 полициялық тірек ашылды.

Құрметті  жиынға  қатысушылар!

Өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап өттім. Енді биылғы жылы атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталсам:

Олар: «Ордабасы-құс» ЖШС-нің құны 2,5 млрд теңгені құрайтынжылына 1 млн 800 мың дана жұмыртқа шығаратын фабрика құрылысын жүргізу. Осы жобаны іске асыру мақсатында қаланың арнайы жер қорынан фабрика құрылысына 100 га жер, жүгері өңдейтін цех үшін 4 га жер және құс азығын өндіруге 1000 га суармалы жер берілді;

—        «Жилстройиндустрия» ЖШС-нің құны 2,5 млрд теңге құрайтын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және көкөніс сақтау қоймасы құрылысын жүргізу. Аталған жобаны іске асыру үшін қаланың арнайы жер қорыннан, өңдеу цехына және көкөніс сақтау қоймасының құрылысына 30 га жер берілді. Көкөніс өндіріп, өсіру үшін 1000 га суармалы жер берілді;

—        «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында ЖК Б.Сарбасовтың  қуаттылығы  тәулігіне 120 тн бидай өңдейтін, (құны 200,0 млн теңге құрайтын) замануи талапқа сай жаңа диірмен кешенін іске қосу;

—                     Шағыр елді мекеніндегі Тлеубердин атындағы 200 орындық жаңа мектептің құрылысын жүргізу;

—                     Шөгірлі ауылындағы Макаренко атындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысын жүргізу;

—                     Қаражантақ ауылындағы Кенжебаев атындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысын жүргізу;

—                     Қабылсай ауылындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысын жүргізу;

—                     Дермене ауылындағы 75 орындық жаңа бала бақша құрылысын жүргізу;

—                     6 мектеп пен 1 бала бақшаны күрделі жөндеу;

—                     Ақдала ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу;

—                      Қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің сыртқы қоршау және аймақтандыру құрылысын жүргізу;

—                      Орталық қазандық ғимаратын күрделі жөндеу;

—                      Арыс өзені жағасына салынатын жаңа саябақ құрылысын жүргізу;

—                      Қаладағы «Жеңіс» скверіне, «Батырлар» аллеясына, «Жастар» және «Орталық» саябақтарына  абаттандыру жұмыстарын жүргізу;

—      Қаланың және ауылдық елді мекендердің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;

—          Қала көшелеріне қосымша 6 бейне камера және бағдаршам орнату;

—                      Байырқұм ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

—                      Ақдала (А-1, Р-1 және Р-0 каналдарын) және Дермене ауылындағы (АК-1) каналдарды ағымдағы жөндеу;

—                     200 орынға арналған Аққала жаңа мектебінің құрылысын аяқтау;

—                     60 және 90 пәтерлі екі жаңа тұрғын үй құрылысын аяқтау;

—                     Көктем-2 мөлтек ауданындағы канализациялық насос стансасының және канализация жүйесінің құрылысын аяқтау;

—                     «Көктем-2» шағын аудандағы қазандықтың құрылысын аяқтау;

—                     «Арыс қаласы мен жақын жатқан елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және жаңғырту» жобасының ІІІ-кезеңін іске асыру;

—         «Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат-Ленгір» автомобиль жолының 50-80 шақырым аралығын қайта құруды аяқтау;

—         Арыс қалалық мәдениет үйін қайта құру жұмыстарын аяқтау;

—        Дене-шынықтыру -сауықтыру кешенінің жаңа құрылысын аяқтау;

—         Ауылдық округтердегі саябақтар мен егілген тал көшеттерін қоршау;

—         Қаланың бас жоспарына өзгертулер енгізу;

—          Білім, мәдениет және спорт салаларының нысандары базасын материалдық-техникалық жарақтандыру;

—       Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру.

Мақсатымыз айқын, міндетіміз белгілі. Арыс қаласының әкімдігі өзінің бүкіл ұйымдастырушылық қызметін мерекелі де берекелі жылдың әлеуметтік – экономикалық даму жоспарларын, Елбасымыз алға қойған міндеттер мен облыс әкімінің тапсырмаларын орындауға барынша жұмылдырылады деп кәміл сенім білдіремін.

«Арыстың елі – намыстың елі», «Ұлтымыз барыс болсын десек, ұл қызымыз арыс болсын», деген қағиданы өмірлік ұстанымға айналдырған арыстықтар қашанда сертіне берік.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.