ӘКІМНІҢ БАЯНДАМАЛАРЫ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылауға арналған қала активінде қала әкімі Сейіт Мырзақұлұлының  сөйлеген сөзі.

 Құрметті арыстықтар!

Бүгін, Сіздер мен біздер, еліміздің Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты  дәстүрлі Жолдауын талқылауға жиналып отырмыз.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында іргеміздегі Ордабасы тауында ұлы жиын өткізіп, елді бірлікке шақырған, нарықтық қатынастың өтпелі кезеңінде халық көшін қайраңдатпай, тау-тасқа соқтырмай, дамудың даңғыл жолына түсірген және тарихи қысқа мерзімде дамыған 50 елдің қатарына енуімізді  қамтамасыз еткен ұлт көсемі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемдік дағдарыс белең алған жағдайда тағы да данышпандық пен көрегендік танытып отыр.

         Құрметті мәжіліске қатысушылар!

Жолдауды ақпарат құралдарынан үлкен ықыласпен оқыдық және теледидардан тыңдадық.  Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс және оның алдағы жылдарға созылатыны жөніндегі болжам, геосаяси дағдарыс, жетекші державалардың санкциялық саясаты — әлемдік экономиканы қалпына келтіруге қиындық тудырып отыр.

Қиын да күрделі кезеңнен экономикасы мықты мемлекет, жұдырықтай жұмылған халық қана өте алады. Сондықтан, Елбасымыз атап көрсеткендей, кейбір позицияны жедел түрде қайта қарап, алдағы жоспарларға түзету енгізу күн тәртібінде өте өткір тұр.

Сіздер мен біздерге аса маңызды құжатта айқындалған міндеттер мен мақсаттарды насихаттауда, қарапайым халыққа, әрбір әулет пен әрбір отбасыға, әрбір ауыл мен көшеге дейін жан-жақты жеткізіп, түбегейлі түсіндіруде   жүктеліп отырған жауапкершілік өте жоғары.

Биылғы Жолдаудың атап айтатындай, қайталап көрсететіндей, түсініп те, сезініп те сөйлейтіндей жақтары өте көп.

Ең біріншіден, жаңа Жолдаудың ерекшелігі қазіргі кезде әлемде болып жатқан аса қиын да күрделі, аумалы-төкпелі құбылыстарға талдау жасай келе біздің еліміз үшін ең дұрыс, адаспайтын бағыт-бағдар  айқындап, шығу жолдары көрсетіліп  берілуінде.

Елбасымыз алда жаңа қатерлермен қатар тың мүмкіндіктердің тұрғанын дәл және керемет жеткізді.

«Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасуы дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәттерде бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз  үшін, бәріміз – біріміз  үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз», — деді Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасымыз бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отырғанын атап көрсетті.

Нақтылап айтқанда елімізде бүгінгі таңда іске асырылып отырған индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Ұлт жоспары аталған «100 нақты қадам», қажетті мемлекеттік қордың жинақталуы, мұнай бағасы төмендеген жағдайда атқарылатын іс-қимылдардың әзірлеген нұсқасы, тағы да басқа атқарылып отырған қыруар жетістіктерді айта келіп еңбек өнімділігінің 60 пайыздан артқанын дәлелге келтірді.

Мемлекет қандай кезде де халықтың әлеуметтік жағдайына қарауды естен шығарған емес. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік.

Ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық татулықтың негізі қалыптасты.

«Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне негіз болады», — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа Жолдауында.

Атап айтуымыз керек, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 42-ші орынға, ал бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде 41-ші позицияға ие болып отыр.

Сонымен бірге, әлеуметтік саясат туралы талдама жасағанда Президентіміз бүгінгі жағдайларға қарай, уақыттың, заманның, нарықтық қатынастардың талабына орай нақты міндеттер қойды.

«Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалатын жіктерге сөзімді арнамақпын, — деді Президент.

– Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік төлем – бұл жай бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша салмақ.

Бұл орайда Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қойып отыр.

Елбасы, сондай-ақ өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің құрылымдарын қайта қарауды және оның түрлі деңгейлерін белгілеуді, үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.

Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс екені айтылды. Әлеуметтік көмектің мұндай түрлері 2017 жылдан бастап енгізілмек.

Адам капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болатынын, бұл – әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы екенін айта келе мемлекетіміздің басшысы 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялады.

Президентіміз жаңа Жолдауында кәсіпкерлерге, жалпы іскерлер қауымына келелі сөз арнап, үлкен сенім білдіріп, жоғары жауапкершілік жүктегенін жақсы білесіздер. Жолдауды жариялау барысында кәсіпкерлерге, іскер азаматтарға қайта-қайта оралып, ескертіп, елдің, мемлекеттің, келешектің қамы үшін үлес қосуға шақырды.

Оларға завод, фабрика немесе басқа активтерді сатып алып жұмыс орнын ашуды ұсынды.

Елбасы еліміздің жас азаматтарына да айрықша сөз арнады. Жас ұрпақты білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға шақырды. Шынында да шеберліктің шыңына жете білсе, мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. /Жұмысшы мамандығын белсенді де батыл меңгерудің маңызына тоқталған Президент: «Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар!» — деді./

Қоғамымыз, еліміз, оның ішінде Арыс қаласының тұрғындары да  мемлекет дамуының болашағын айқын сезінді.

Биыл еліміздің қоғамдық саяси өмірінде айтулы тарихи оқиғалар мол болды. Соның алғашқысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында бүкіл халқымызбен бірге қала мен ауыл сайлаушылары ел ынтымағын паш ете білді.

Тәуелсіздігіміздің бастауында тұрған, оны нығайтып, әлемдік дағдарысқа қарамастан еліміздің дамыған 50 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз еткен, енді Ұлы дала елін “Мәңгілік елге” айналдыруға бүкіл халықты жұмылдырып отырған Нұрсұлтан Әбішұлын  сайлаушылардың басым бөлігі  қолдап, дауыс беріп, зор сенім артты.

2015 жыл Халықтар достығының берік шаңырағы — Қазақстан халқы Ассамблеясының және Конституцияның      20-жылдығы, Ұлы жеңістің 70-жылдығы мен қазақ мемлекеттігінің бастауы-Қазақ хандығының 550-жылдық мерей тойлары салтанатты жағдайда атап өтілді.

Биыл «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызды бөлігі «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын іске асырудың алғашқы белесі. Әлемнің дамыған 30 елдің қатарына қосылуына және «Мәңгілік елге» айналуына бағытталған Елбасымыз белгілеген 5 институционалдық реформаны іске асырудағы «100 нақты қадам-Ұлт жоспары» қабылданды.

Жергілікті бюджет көлемі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1 млрд.  343 млн теңгеге ұлғайды немесе 2 еседен аса көбейді.

Биылғы 11 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 2014 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1 млрд. 789 млн. теңгеге көбейіп, 106 пайызға жуық өсті.

Бюджеттің негізі экономика болса, ол бізде түрлі салаларды қамтиды. Соның бірі – ауылшаруашылығында алынған өнім биылғы 11 айда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 518 млн. теңгеге артып отыр.

Биыл қаламыздың тарихында алғаш рет барлығы          39 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді немесе күрделі жөндеуден өткізілді.

Олардың қатарында  2 көп қабатты тұрғын үй, 1 мектеп,        1 бала бақша, 3 шағын орталық, кәсіпкерлік орталығы, спорт кешені, 1 жабық және 2 жазғы спорт алаңшалары, пайдалануға берілді.

9 мектеп, 1 бала бақша және 1 ауылдық клуб жөнделді. Мәдениет үйі, әкімшілік ғимараты,  4 саябақ жаңғыртылды. Ақдала ауылындағы амбулатория да күрделі жөнделді. Орталық қазандық күрделі жөнделіп, кіші қазандық және кәріздік насос стансасы салынды.

Бұдан бөлек   25 көше жолдары жөндеуден өткізілді. Сонда барлығы 64 нысанда жұмыс жүргізілді. Мұндай ауқымды жұмыс қала тарихында бұрын-соңды болған емес.     

2016 жылы  4 мектеп құрылысы, 2 бала бақша, күрделі жөнделетін  1 мектеп, Қабылсай өткелі көпірі, Ақдала мен Шөгірлідегі күрделі жөнделетін каналдар пайдалануға беріледі. Монтайтас ауылдық округінің Қожатоғай елді мекенінде және Қожатоғай ауылдық округі, Сырдария елді мекенінің 5 көшесінде су құбыры құрылысы жүргізіледі. Қаланың кәріз жүйесіне ағымдағы жөндеу жасалады. Дендросаябақ құрылысы аяқталады.

Қалада 10 көше жөнделеді. Осыларды қосқанда алдағы жылы 41 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Алда, тағы да 6 көп қабатты үйлерді салу үшін ЖСҚ-сы жасалынды. Болашақта   3 қабатты  тұрғын үйлер салу көзделуде.

Өздеріңіз естіп отырғандай дағдарысқа қарамастан экономика салаларында ілгерілеу бар, әлеуметтік мәселелерде уақтылы шешілуде. Бір сөзбен айтқанда, екі бүйірден қысқан экономикалық дағдарысқа халқымыз  үлкен жауапкершілік пен тиімді еңбектерімен жауап беруде.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде    «Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі… Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!» — деді .

Құрметті жиынға қатысушылар!

Арыстың Елі – намыстың елі. Арыстықтардың Елбасы Жолдауынан қанаттанып, алға қойылған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларымызды, Президентіміз айтқан тапсырмаларды жоғары деңгейде орындайтынына сенімім кәміл.

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!

Ендеше, құрметті ағайын ынтымағы жарасқан, еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

   

 Арыс қаласының әкімі  С. Ертайдың «Мәдениетім — мерейім» атты  облыстық фестивальде сөйлеген сөзі.

 18 маусым, Шымкент қаласы.

Жаңа іскерлік әкімшілік орталық

Құрметті шымкенттік бауырлар!

Өнер фестиваліне қатысушылар мен барша көрермендер!

Сіздерге, Арыс қаласы әкімдігі атынан,  барша арыстық өнерпаздар мен өнерсүйер қауым атынан  «Мәдениетім — мерейім» атты  облыстық фестивальге «Қош келіпсіздер» дегім келеді.

Облыстық фестиваль биылғы мерекелі де берекелі жылда шымылдығын сүйікті Шымқаламыздың жаңа іскерлік әкімшілік орталығындағы алаңда ашылуы біздің қай-қайсысымыздың болса да жүрегімізде үлкен мақтаныш сезімін туғызды.

Күн сәулетті Оңтүстігіміздің, үшінші қала атанып отырған Шымкентіміздің  стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруда  республикамызда жарыс көшін бастап келеді.

Бұл істе облыс әкімі Асқар Исабекұлының еңбегі орасан. Сіздер бүгінгі өнер додасында, өнер жарысында арыстық өнерпаздардың өнерін тамашалайсыздар.

Арыстықтардың әсем де асқақ әніне, мың бұралған биіне ризашылық білдіріп, қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізге,  қазылар алқасына алдын-ала шын ықыласты алғысымызды білдіреміз.

Қымбатты  өнер сүйер қауым!

«Ұлтымыз барыс болсын десек, ұл-қызымыз арыс болсын!» деп, мақалдап сөйлейтін Арыстың елі шын мәнінде намыстың елі. Намыс бар жерде – бірлік бар,  бірлік бар жерде – табыс бар.  Ынтымағы ұйыған, бірлігі жарасып, берекесі тасыған Арысымыздың елдік пен ерлікке толы бай тарихы бар.

Арыс – Орта Азия қақпасы, Батыс пен Шығыс мәдениетінің тоғысы, қазақ теміржолшыларының құтты қонысы.

Арыс стансасының перонында   халқымыздың кемеңгер перзенттері, мемлекет және қоғам қайраткерлері Тұрар Рысқұловтың, Ғани Мұратбаевтың, Сұлтанбек Қожановтың, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфулиннің, Ілияс Жансүгіровтың тағы да басқа жүздеген асыл азаматтардың іздері жатыр.

Арыстықтардың жүрегінде сол Алаш ардақтыларының ұлы рухы бар. Сол Отансүйгіштік ұлы рух арыстықтарды ақ бесігінде тербеп келеді. Алты бірдей кешегі Кеңес Одағының батыры, бес бірдей Социалистік Еңбек Ері шыққан Арыстың абыройы әрқашан биік.

Қадірменді көпшілік !

Арыс ежелден-ақ жыраулар мен ақындардың, әншілердің – өнер иелерінің қасиетті қонысы, қара шаңырағы екенін үлкен мақтанышпен айтамыз.

Шашасына шаң жұқтырмаған ақындар Майлықожа мен Мәдәлінің, Ергөбек пен Сақтың ізбасарлары Арыс даңқын биік көтеріп жүр.

Біз көзінен от, табанынан шоқ шашыраған сатира сардары Садықбек Адамбековтың, арқалы ақындар Бекен Әбдіразақов пен Қосжан Мүсіреповтың есімдерімен мақтанамыз.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы мінберінен тұңғыш сөз сөйлеген қазақ, академик Төлеген Тәжібаевты, академиктер Мұрат Жұрыновты, Мәди Өскенбаевты, Әдбімұса Қуатбековты мақтан тұтамыз. Біз әдебиет пен өнердің саңлақтары жазушы-драматург Дулат Исабековты, Арыстың аққуы — қазақтың «Гәккуі» атанған Нұржамал Үсенбаеваны, асқақ үнді әншілер Ақжол Мейірбековты, Шахизаданы, сазгер әрі әнші Ержан Серікбаевты, Нұрлан Еспановты, айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловты «Дүлділдеріміз» деп, «Бұлбұлдарымыз» деп, мақтаныш етеміз.

Арқасын Сыр-Анаға тіреген, маңдайын қасиетті Ордабасы мен Қазығұртқа сүйеген, қолтығынан киелі Отырар мен Түркістан демеген Арыс қаласы, Арыс    өңірінің   адамдары    арыстарша   еңбек  етіп, арыстарша өмір сүруді және күресуді өздерінің азаматтық борышы деп біледі.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың халқымызға арнаған «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Жолдауын  басшылыққа алып, «Мәңгілік ел» идеясымен қаруланған арыстықтардың алар асуы, шығар биігі әлі алда.

Құрметті өнер сүйер қауым!

Өнер – халықтікі. Яғни, Сіздер мен біздердікі. Ұлтымыздың ұйытқысы атанған Оңтүстік өзінің мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен тамсандырып келеді. Ендеше, арыстық өнерпаздарының өнеріне сәттілік, ақ жол тілейік!

Өнер фестивалі Тәуелсіздігіміздің Туын желбірете берсін!

   Қала әкімі С.М.Ертайдың Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 26 жылдығына арналған

жиында  жасаған баяндамасы.

         Құрметті Ауған соғысы ардагерлері!          Құрметті жиынға қатысушылар! Ұрыс аяқталады, ал тарих мәңгілік. Ауған соғысы да тарихқа енді. 1978 жылы Ауғаныстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Қайғы мен қасіреттің қара түнегіне 22 мыңнан астам қазақстандық жауынгер аттанып, соның 761-і қаза тауып, 761 отбасы қара жамылып, қайғыдан қасірет шекті. Арыс қаласы бойынша 69 азамат соғысқа аттанып, майдан даласында Аубакиров Атай, Сергей Седых сынды екі жауынгеріміз интернационалдық борышын өтеу барысында құрбан болды. Майдан даласынан аман оралғандардың үш мыңға жуығы мүгедектер қатарында. Талай жастың өмірін қиып, талай ананың көз жасын төккен сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 26 жыл толып отыр. Қанды қырғында оққа ұшқан жауынгерлер есімі алтын әріппен тарихқа енді. 15 ақпан Ауған соғысы ардагерлері үшін естен кетпес ерекше күн. Жыл сайын осы күні біздер аталмыш “қырғи қабақ соғысына” қатысқан жерлестерімізді еске аламыз. Қазіргі таңда Арыс қаласында 46 жауынгер-интернационалистер бар. Қазіргі таңда олар түрлі салада еңбек етіп, еліміздің экономикалық өсіп өркендеуіне, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіругеде үлкен үлес қосып келеді. Олардың әрқайсысы аталмыш ұрыс тарихының бөлігі. 2015 жыл ерекше жыл. Олай дейтін себебім биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толғанын, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтеміз. Қаламызды көріктендіру және саябақтарын абаттандыру жұмысы да кеңінен өрістетіледі. Орталық саябақты, осы Жеңіс скверін, Батырлар алаңын, Жастар саябағын абаттандыру жұмыстары жақын күндерде басталатын болады. Үстіміздегі жылы қаланың келбетін түбегейлі өзгертуге жұмыс жасайтын боламыз.

         Құрметті жиынға қатысушылар! Ел үшін етігімен қан кешкен жауынгерлер қашанда ұлы құрметке лайық. Жырақта жүріп бейбітшілікті аңсаған соғыс ардагерлерінің ерлігі жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып қала бермек. Сондықтанда соғысқа қатысқандардың бәріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, ұзақ өмір тілеймін!

Қала әкімі С.М.Ертайдың «Мәуліт» мерекесіне  құттықтау сөзі.

             Қадірменді бауырлар!              Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айы – мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани бас қосуларда атап өтуде. Мешіттерімізде аллаға мадақ Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтылып, тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Жер-жерде сауапты да, салауатты іс-шара – мәуліт кешін ұйымдастыру жалғасын тауып келеді. Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп аталады.             Қиямет күнгі шапағатшымыз, ұлы ұстазымыз, жолбасшымыз пайғамбардың (с.ғ.с) туған күнін атап өту – құптарлық жақсы амал. Мұсылмандардың өміріндегі басты идеал болуы тиіс Пайғамбардың (с.ғ.с) өнегелі өмірі мен өсиетін тағылымы толассыз ғибратты ғұмырын халқымызға насихаттау – баршаға ортақ игі іс. Бұл дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез құлыққа шақырудың орайлы сәті. Әлемдердің Раббысы қасиетті Құранда Пайғамбарымызды (с.ғ.с): «шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4 аят), — деп сипаттаса тағы бір аятта барша адамзатты Алла Елшісінен өнеге алуға шақырады: «Расында сендер үшін, алланы да, ақірет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың елшісін де көркем өнегелер бар» («Ахзаб» сүресі, 21 аят). Олай болса, бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Елшінің (с.ғ.с) есімін ардақтау, сүннетіне амал ету – сауапты іс. Ақиқатында, Алла елшісі (с.ғ.с) жаны жай тапқанша үмметіне деген үгітін еш үзбеді, көңілдердегі кірді, қайғы – қасіреттерді кетірді, әлсізді демеді, шектен асқанды сабасына түсірді. Күллі адамзаттың рухани әлемін дүр сілкіндірді, зұлымдық пен надандықтың қараңғылығын сейілтті, ізіне енген ізгілерді жақсылыққа жұмылдырып, жарқын болашаққа бастады. Үмметіне, яғни Сіз бен бізге пәни дүниеде бағдаршымыз болатын Алланың кәләмі Құран кәрім мен Өзінің (с.ғ.с) жан адам адаспайтын сара жолы – сүннетін қалдырды. Оны (с.ғ.с) досымен қатар дұшпаны да мойындады. Ардақты ағайын! Шарапаты мол мәуліт мерекесі біздің халқымызға да құтты болсын. Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (с.ғ.с) көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Осы мереке адамдар арасындағы рақым мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдылықтың арта түсуіне бір сеп болғай. Пайғамбардың (с.ғ.с) әміріне мойынсұнып, тыйымнан тыйылуға түрткі болғай. Мәуліт айында Алланы мадақтап, пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтып, өзгелерге жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз. Құран оқып, Алла елшісінің (с.ғ.с) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқудың да мұсылманға берері мол. Алла тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, халқымыздың кең пейілі мен ізгі ниетіне сай, бірлігігімізге сызат түсірмей жақсылығын нәсіп етсін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болғай! Жаратушы иеміз баршамызды жақсылықта, сауапты істерде, ел игілігі жолындағы жұмыстарда, берекелі басқосуларда жолықтырғай! Екі дүниеде де жүзіміз жарқын, мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай.

1 желтоқсан –ТұңғышПрезидент күні мерекесінде қала әкімі Сейіт Ертайдың жасаған баяндамасы.         

Құрметті арыстықтар!

Барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған бұл мереке елді біріктіретін біздің, Ұлттық рухымызды асқақтатын және Ұлы Даладағы мемлекеттіліктің, дәстүр мен мәдениеттің лайықты мұрагері Тәуелсіз Отанымыздың өз дәстүрлерін қалыптастыратын Ұлы мереке Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл – ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен, ұрпақтарымыз Ұлы елдің ұланы, азат елдің ақ иығы атануға жол ашылған, тілімізді жаңғыртып, дінімізді қайтарған, тарихымызды түгендеп, тағдырымызды таңдаған аса қасиетті де қастерлі, Ұлы күн. Тәуелсіздік-қазақ халқы үшін тым қымбатқа түсті. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандап, осы жолда қасық қандары қалмай күрескен Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге   22-жыл толып отыр. Осы қасиетті жолда бабаларымыз 300-ден аса ұлт азаттық көтерілістерін бастан кешірді. Қазақтың ханы Кенесары бастаған көтерілістер тәуелсіздік үшін күресіміздің бастамасы болса, соңғы сатысына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ елінің тәуелсіздігі мен дербестігі жолында алаңға шыққан қазақ жастары сол кездегі тотолитарлық, әкімшілдік саясатқа қарсы шығып, ерлік пен отаншылдық рухтың биік үлгісін көрсетуі халық жадынан шықпақ емес. Тәуелсіздік-әр бір қазақ үшін, әр бір қазақстандық үшін ең қастерлі ұғым. Бабалар арман еткен бұл Тәуелсіздікті қастерлеп, әр біріміз көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Ата-бабаларымыздың жүрегінде тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. Тәуелсіздік күнінің 1986 жылғы 16 желтоқсанмен тұспа-тұс келуінің терең мәні бар. Ғұмыры көшіп қонумен өтседе қазақ жұртының       береке-бірлігінің көбесі сөгілген жоқ. Өткен ғасырлардағы қалмақ қырғыны, жоңғар шапқыны, кешегі қызыл империяның боданы, қуғын-сүргін, ашаршылық, одан қалса кеңестер одағының   кеңістігі   қазақтың басына «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күнді» орната қоймағынына қазақтың қатпарлы тарихы куә. Азаттықты аңсап, ұлы арман жолында құрбан болған арда азаматтардың өшпес ізі, өлмес мұрасы бүгінгі күнмен астасып жатыр. Ұғынғанымыз – қасірет пен қасиетке тұнған қазақтың тарихына құрметпен қарау, одан бұлжымас сабақ алу бүгінгі ұрпаққа – парыз, ертеңгі жасқа – аманат. Біз – алтын таққа отырған асқақ дәуірлерді де, өзгенің бодауында болған кер заманды да бастан кешкен елміз. Сөйтіп, қазақтың еркіндік, теңдік, азаттық сияқты қадір-қасиетін жан-жүрегімен ұғынуына мүмкіндік туды. Ел еркіндігі, мемлекет дербестігі, адам бостандығы бәрінен де қымбат. Солай екенін жан-жүрегімізбен ұығынып, ғасырлар ширегінде бабалар аңсаған Тәуелсіздік деген ұлы күнді асыға күттік. Сол асқақ арман орындалып, әлем картасында Қазақстан деген ұлы елдің мекені орнады. Кемеңгер үш би де, Абылайхан да, басын бәйгеге тіккен батырлар да жете алмаған. Ия, тағдыр, қилы заман солай болды. Арайлап атқан  Тәуелсіздікке Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы көшті бастап, өткенге оралмау, бірақ бабалар дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын жаңаның жақсысымен байыта отырып жаңа мемлекет Қазақстанды құрды.   Назарбаев бастаған Қазақстан жолы – түлеу, жаңару жолы болды. Н.Назарбаев ел тізгінін қолына алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан аман өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Мемлекет құруда, ел билеуде бабаларымыз мирас етіп кеткен сара жолдан тайған жоқ, ел бірлігін тәуелсіз елінің туы етіп желбіретті. Біз бұрын мемлекет орнатпаған, астана, орда салмаған ел едік, Елордалы, Ақордалы, Елбасылы ел болдық. Бір кезде жығылған орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. Тәуелсіздік жеңісін бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезініп отыр. Аллаға шүкір, жеріміз абат, еліміз азат. Басты тұғырымыз – ұлтымыздың рухы, жігері мен санасы. Ал, басты байлық жай ұлттық мүдде ғана емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі бүкіл әлемде жоқ үлгіде сақталып отыр. Адамзаттың алтын ғасыры болады деп күтілген ХХІ ғасыр Қазақстан үшін тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Мемлекет өзінің стратегиялық міндетіне тұрғындар өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеруді қойды. Мемлекет басшысының көрегендігі мен дер кезінде жүзеге асырылған саяси экономикалық реформалардың арқасында елдің әлеуеті артып, еңсесі түзелді. Тәуелсіз Қазақстанның жасампаздыққа толы жаңа бастамалары әлем елдерінің назарын аударуда. Тәуелсіздік – ол ұлттың мемлекеттік, оның тамыры-жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемінің жаңалықтарына ұмтыла бермек. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі жастарымыз жанындай сезінуі керек. Өйткені, жастар жасампаздықты жалғастырушылар. Қазір біздің мемлекетіміз не атқарса да – бәрін ел болашағы жастарға арнап жатыр. Демек, бүгінгі жас ұрпақ туған отаны Қазақстанның оттан да ыстық екендігін білуге тиіс.Тәуелсіздік – ту, тәуелсіздік – ауа, жер, су, тәуелсіздік – ел дәулеті. Олай болса, Тәуелсіз тудың астында тәуелсіз күн кешуді сезінуден артық бақыт бар ма? «Азат елдің азаматы болу қандай бақыт», — деген болатын Елбасы бір сөзінде. Тұңғыш Президенттің осы бір сөзі тәуелсіздігімізді тәу етіп тұруға шақырып тұрғандай емес пе?! Данагөй бабаларымыз: халықтың өмірі мемлекеттің өмір сүруінің мән-мағынасына айналғанда ғана адамдар рухани тірекке табан тірейді деп тегін айтпаған ғой. Ендеше, ел тарихына алтын әріппен жазылған – Тәуелсіздік күінінің қадір-қасиетін жүрегімізбен сезініп, егемендігімізді іргелі ете түсуге бірге ат салысайық. Тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, қастер тұтып, хақымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің өркендей беруіне, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етіп, сіздер де өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Біртұтас еліміздің бөлшегі ретінде облысымыз бен қаламыз да дамып айтарлықтай табыстарға жетіп келеді. Туған Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның мерейі биік, мәртебесі үстем болсын! Ынтымақтың ордасы, әруақты да ардақтап, дәстүрді де қастерлеп отырған Арыс жеріне – баянды бақыт, «Ырыс алды – ынтымақ» деп аянбай халқына қызмет етіп жатқан елге абырой тілейік! Ұлы мереке бізге әр қашан келешек ұрпақтың бақытты өмірі жолындағы жарқын жетістіктерге бастайтын сарқылмас күш-қуат, берік сенім сыиласын. Ұлтымыздың Ұлы мерекесі құтты болсын!

1 желтоқсан –ТұңғышПрезидент күні мерекесінде қала әкімі Сейіт Ертайдың жасаған баяндамасы.

Құрметті арыстықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын ықыласпен қызу құттықтаймын.

Республика жұртшылығы бұл мерекені биыл үшінші рет тойлауда. Айқындап атап өтетін жай: бұл мереке алғашқы күннен-ақ халқымыз қадірлейтін, жақсы көретін мейрамға айналды. Осындағы орта және аға буын өкілдері сонау 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен алғашқы Президенттік сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланғаны, өздерінің де үлкен қуанышпен дауыс бергенін мақтаныш сезіммен еске алады. Өйткені, сол күннен бастап ел тарихы Елбасы тағдырымен біте қайнасып, ажырағысыз байланыстармен келеді.

          Біз қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуы мен өркендеуі кезеңін қалай алып қарасақта, тарихтың осы бір айтулы кезеңінің парақтарын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлы көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевсыз елестете алмаймыз. Қазақстан және Елбасы егіз ұғым десек те болады. Себебі, Тұңғыш Президенттің еліміздің өркендеуі жолындағы еңбегі ұшан-теңіз. Ол ешкімге дау тудырмас тарихи шындық.

          Тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының — дамуы,  барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – барлық ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

          Қарқынды жүргізілген жұмыстар нәтижесінде экономикамыз тұрақтанып, халықтың әл-ауқаты жақсара түсті.

          Өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылып, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енгізіліп, жекешелендіру жүргізілді. Зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

          Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі міндеттерін мезгілінен бұрын орындап, әлемнің дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылдық. Ендігі жерде «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілгендей әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіспіз.

          Елбасының экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына игі ықпал етті. Көптеген мемлекеттер мен халықаралық қаржы институттары қарқынды экономикалық ынтымақтастыққа келді.

          Елімізде ауылды және тұрғын-үй құрылысын дамытуға бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Ұлт көшбасшысы индустриалды–инновациялық даму стратегиясын әзірледі. Осы орайда инвестициялық қорлар құрылды.

          Дүниежүзілік сарапшылар арасында «Қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық мазмұнға ие. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава  мәртебесінен бас тарту осының айғағы.

          Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы болды, сондай-ақ, экономикамен қатар білім, мәдениет, спорт және өркениет саласындағы жұмыстарды жүйелі жолға қойды.

                    Қазақстан көп ұлтты, толерантты мемлекет ретінде ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты әрдайым ту етіп жоғары ұстап келеді. Халықтар достастығы нығайды. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы өмірге келді. Ол ұлтаралық келісімді күшейтіп отыр.

          Бүкіл әлем тамсанып отырған сұлу да әсем қаламыз – Астананың іргетасын қалаушы, әрі Бас сәулетшісі Тұңғыш Президентіміз екендігін мақтанышпен айта аламыз.

          2017 жылы халықаралық «ЕХРО» көрмесі Астана қаласында өтеді.

          Мемлекетімізді нығайтып, еліміздің күш-қуатын арттыруда, тәуелсіздігімізді баянды етуде Ұлт Көшбасшысының еңбегінің аса зор екенін тағы да айрықша атап өткім келеді. Президентіміздің рухани күші – артындағы қабырғалы қалың елінің күші, «Нұр Отан» партиясының күші. Демек, күшті тұлға – күшті мемлекет. Міне, біздің Президентіміз де, мемлекетіміз де осындай.

Тұңғыш Президентіміздің ресми мерекесі құтты болсын!

          Мемлекет басшысы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жолымен» Мәңгілік Елдің төріне қарай еркін адымдап, табыстан табысқа, жеңістен жеңіске жете берейік.

          Президентіміздің мерейі биік, мәртебесі жоғары болсын.

Жаңа экономикалық  Саясат — әлеуметтік әлеует кепілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Жолдауын 2014 жылдың 19 қараша күні  талқылауға арналған қала активінде қала әкімі Сейіт Ертайдың жасаған баяндамасы.

 Құрметті арыстықтар!

Бүгін, Сіздер мен біздер, еліміздің Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты күні кеше жария еткен дәстүрлі Жолдауын талқылауға жиналып отырмыз.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында іргеміздегі Ордабасы тауында ұлы жиын өткізіп, елді бірлікке шақырған, нарықтық қатынастың өтпелі кезеңінде халық көшін қайраңдатпай, тау-тасқа соқтырмай, дамудың даңғыл жолына түсірген және тарихи қысқа мерзімде дамыған 50 елдің қатарына енуімізді  қамтамасыз еткен ұлт көсемі Н.Назарбаев әлемдік дағдарыс белең алған жағдайда тағы да данышпандық пен көрегендік танытып отыр. Дамудың Нұрлы жолын ұсынып отыр.

Құрметті мәжіліске қатысушылар!

Жолдауды ақпарат құралдарынан үлкен ықыласпен оқыдық және теледидардан тыңдадық.  Елбасымыз бұл Жолдаудың бұрынғы Жолдаулардан неге ерте жариялағанының себебін жан-дүниемізбен түсінгендей болдық. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс және оның алдағы жылдарға созылатыны жөніндегі болжам, геосаяси дағдарыс, жетекші державалардың санкциялық саясаты — әлемдік экономиканы қалпына келтіруге қиындық тудырып отыр. Қиын да күрделі кезеңнен экономикасы мықты мемлекет, жұдырықтай жұмылған халық қана өте алады. Сондықтан, Елбасымыз атап көрсеткендей, ырғалып- жырғалуға уақыт жоқ. Кейбір позицияны жедел түрде қайта қарап, алдағы жоспарларға түзету енгізу күн тәртібінде өте өткір тұр.

Бұған Қазақстанның «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы Елбасымыздың Жолдауы нақты жауап. Бұл орайда, 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы шараларды да еске алған абзал. Ұлттық қордан бөлінген      10 млрд доллар дағдарысты ауыздықтап қана қоймай, экономиканы көтеруге мүмкіндік ашты. Дамыған 30 елдің қатарынан мықтап орын алды. Ендеше, қазіргідей туындап келе жатқан қиын кезеңде Ұлттық қордағы сақтаған және көбейткен қаржыны неге пайдаланбасқа? Дамудың жаңа ауқымды бағдарламасына сәйкес, Жолдауда атап көрсеткендей, Елбасы Үкіметке Ұлттық қордан 500 млрд теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын 2015 жылы мына мақсаттарға бағыттауды тапсырды. Атап айтқанда:

Бірінші. Шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 млд теңге;

Екінші. Банк секторын сауықтыруға және несиелер қорын капиталдандыруға 250 млд теңге;

Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарта отырып, арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымына 84 млрд теңге;

Төртінші. ЭКСПО – 2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін қосымша 40 млрд теңге;

Бесінші. Астана аэропортының әлеуетін арттыру үшін 29 млрд теңге бөлінеді.

Құрметті Арыстықтар!

Елбасымыз өз Жолдауында ел экономикасын дағдарыстан алып шығып қана қоймай, одан әрі дамудың сара жолдарын, басым бағыттарын айқындап бергенін айрықша атап өткім келеді. Инфрақұрылымдық даму жоспары шын мәнінде жаңа экономикалық саясаттың болат өзегі, алтын арқауы болып отыр. Ол 5 жылға есептелген. Жалпы инвестициялық қоржын 6 триллион теңгені құрайды, мемлекет үлесі 15 пайыз. Дамудың болашаққа бастайтын нұрлы жолы – жеті бағытқа басымдық береді. Сонымен бірге оларды жүзеге асырудың жолдарын анықтады. Жолдауда «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімнің драйвері болады деп айрықша атап көрсетті.

Енді осы жеті басым бағыттың әр қайсысына жеке-жеке, сондай-ақ, қаламыз бойынша осы бағыттарға орай атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы  қысқаша тоқталып өткенді жөн көріп отырмын.

Бірінші. Көлік логистикалық инфрақұрылымдар макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастырады. Ал Астана мен макроөңірлерді өзара магистральді, темір жол және авиа желілерімен шұғыла қағидаты бойынша байланыстырады. Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттырады. Сондай-ақ Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен Еуроодақ елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттарын салу және жалға алу мәселесі тапсырылды.

Елбасымыз атап көрсеткендей, «Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі… жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты». Арыстықтар осы салаға байланысты әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын, облыс әкімінің тапсырмаларын орындауда айтарлықтай табысқа қол жеткізіп отыр. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша қаламыздың елдімекендеріндегі жалпы ұзындығы 15 шақырым  19 көшеге республикалық бюджеттен 148 млн теңге, облыстық бюджеттен 16 млн теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша қаламыздың елдімекендеріндегі жалпы ұзындығы 3 шақырым 6 көшеге республикалық бюджеттен 29 млн теңге қаржы қарастырылып, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Өмірлік маңызы бар Саяжай аумағындағы Қабылсай арнасынан өтетін көпір құрылысына облыстық бюджеттен 71 млн теңге бөлініп, заман талабына сай көпір құрылысы салынды.  Монтайтас ауылындағы көпір де облыс қаржысы есебінен 44 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, қаламыздың 10 көшесі жалпы ұзындығы 4  шақырым жолға жергілікті бюджеттен 44 млн теңгеге асфальт төселді.

Қаламызда жол қаіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық бюджеттен жалпы көлемі 38 млн теңгеге қарастырылды. 13 жасанды жол кедергісі, 3 бағдаршам, 9 бейнебақылау құрылғылары орнатылды.

Алдағы жылы атқарылар жұмыстар да ауқымды.

— «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жалпы соммасы 152 млн теңгені құрайтын 9 көше, облыстық бюджет есебінен жалпы соммасы 105 млн теңге құрайтын 4 көше,  қалалық бюджет есебінен жалпы соммасы 77 млн теңге болатын 13 көше орташа жөндеуден өткізілетін болады. Сонымен бірге қала аумағындағы көшелерге бейнебақылау камералары, бағдаршам, жасанды жол кедергілері қойылады.

Екінші. Индустриялық инфрақұрылымды дамыту өмірлік маңызы бар салалар үшін өнімдер мен қызметтерге үлкен сұраныс тудырады. Шағын және орта бизнесті, туризмді дамытуға кең мүмкіндіктер ашады.  Елбасымыз қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін көтерді. Қазір біз бұл бағытта жұмыстар жүргізудеміз. 2012 жылы қаламыздағы «Арыс-Шардара» бағытындағы айналма автокөлік жолы бойынан «Индустриалдық аймақ» құру үшін 50 га жер телімі бөлінді. Индустриалды аймақта алты жобаны іске асыру жопарлануда. Олар: 1. Сауда –логистикалық орталығы, 2. Жиһаз шығаратын цех, 3. Ұн өнімдерін шығаратын диірмен, 4. Минералды сусын шығаратын цех, 5. Балмұздақ шығаратын цех, 6. Құрама жем шығаратын цех. Инвестициялық жобалардың жалпы құны 1 млрд. 885 млн. теңге. Индустриалды аймақта іске асатын жобалардың есебінен ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны 1035 адам. Жұмыстың нәтижелі болатынына сеніміміз мол.

Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту негізінен екі жобаға шоғырландырылады. «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары кернеулі желілер құрылысы жүргізіледі.Мұның өзі бүкіл елді энергиямен толық қамтамасыз етуге толық жағдай жасайды. Яғни, электр қуатына, көгілдір отынға тапшылық жойылатын болады.

Қаламызда,  ауылдық округтерде электр қуатымен толық қамтамасыз ету бағытында бірқатар игі тірліктер атқарылды. Мәселен биылғы жылы қалалық бюджеттен 7 млн теңге бөлініп, П.Арапов, Отырар тұрғын аудандарына 2 дана КТП орнатылып және 2,3  шақырым электр желісі тартылды. Сондай-ақ, күн сәулесі арқылы баламалы энергиясын өндірумен айналысатын «Инновациялық энергетика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесіне Қожатоғай ауылдық округінен 22 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актсі алынды. Аталған аумақта құны 11 млрд. 160 млн. теңгені құрайтын күн сәулесі арқылы энергия өндіретін электростанция жобасының құжаттары әзірленіп, аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылатын болады. Аталған ауылдық округтен күн сәулесі арқылы баламалы энергиясын өндірумен айналысатын «KAZ GREEN TEK SOLAR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  мекемесі мен Француздық «Urbasolar» компаниясы бірлесіп 12 МВт  баламалы энергия өндіретін зауыт салуға 30 га жер телімі бөлінді. Бұл жұмыс алдағы жылы да жалғасын табады. Жаңа тұрғын аудандардағы жаңа көшелердің инфрақұрылымын қалыптастыру басты міндетіміз болып отыр. Қала және елдімекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу — Бозой — Ақбұлақ» газ магистралы бойынан салынатын арнайы газ тарату стансасына келетін табиғи газ құбырының бірінші және екінші кезең үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленді. Облыстық бюджетке жобалық сметалық құжатын дайындауға келесі жылғы мәслихат сессиясына тиісінше 53 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Қала мен елдімекендерді табиғи газбен 2018 жылы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Үдемелі индустриалық-иновациялық дамуының 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазына жер ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асыл тұқымды 800 бас ірі қара малға арналған тауарлы сүт фермасы ашылды. Қазіргі таңда 389 бас аналық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынған. Алдағы жылы жобаның  ІІ-кезеңіне сәйкес 411 бас аналық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынатын болады.  Жоба толық қуатына шыққанда 5200 тонна сүт өндіріліп, 36 адам тұрақты және 100 адам маусымды жұмыспен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, Ақдала ауылдық округі аумағынан 2016-2017 жылдар аралығында жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын «Ордабасы-құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асыл тұқымды күрке тауық фабрикасын салу жобасы Өңірлік үйлестіру кеңесінде қолдау тапты. Жоба аясында тұрақты жұмыспен 70 адам қамтылатын болады.

Төртінші. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға жылына қосымша      100 млрд теңге бағытталатын болады. Яғни 2020 жылға дейін қаржыландырудың барлық көздерінен жыл сайын 200 млрд теңгеден кем емес деңгейде бөліп отырғанда 2 трлн теңге жұмсалады.              

Соңғы жылдары, өздеріңізде байқап жүрген боларсыздар, «Тұрғын үй,  коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында өте ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Республикалық бюджеттен 75 млн. теңге қаржы бөлініп, бес қабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. Ал қалалық бюджеттен бөлінген 37 млн. теңгеге көпқабатты №47, 49 үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталатын болады. Сонымен бірге қаланы көріктендіріп, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарының ауқымы да, сапасы да жақсара түскенін айтқан жөн.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Арыс қаласының кәріз жүйелерін қайта құру» бойынша республикалық және облыстық бюджеттен     56 млн. теңге бөлініп, №1 негізгі мектептің, балабақшаның және орталық стадионның кәріз жүйелері пайдалануға берілді. Қаладағы ыстық су көзінен «Арыс-Жылу» ЖШС-не қарасты орталық қазандыққа дейінгі жылу құбырын жүргізуге 9 млн. теңге қаржы қарастырылып, жылу құбырлары толық жаңартылды. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 2014-2015 жылдарға Арыс қаласына жақын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және жаңғыртуға сәйкес 653 млн. теңге қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы 300 млн. теңгесі игерілуде. Келесі жылы ауыз су жүйелерінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Алдағы 2015-2016 жылдары да Елбасымыз айтқандай «Шаңын шығарып» үлкен жұмыстар атқаратын боламыз. Атап айтатын болсам қаламыздағы орталық қазандық күрделі жөндеуден өтеді.  Қожатоғай, Монтайтас ауылдарындағы ауыз су жүйелері құрылысы, Талдықұдық тұрғын ауданындағы магистралдық ауыз су құбыры жүйелері құрылысының жұмыстары жоспарлануда.

«Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қаладағы 15 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу, Отырар, Наурыз, Оңтүстік тұрғын аудандарының инфрақұрылымын жүргізу, Стадион тұрғын ауданындағы Қабылсай арнасынан өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу, Арыс-Шымкент трассасы бойынан 12 гектар жер теліміне саябақ салу, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласына балалар ойын алаңшасын, «Мәңгілік Ел» белгісін салу жоспарлануда.

Қаламыздың саябақтарын абаттандыру жұмысы да кеңінен өрістетіледі. Орталық саябақты, Жеңіс скверін, Батырлар алаңын, Жастар саябағын абаттандыруға 121 млн теңге жұмсау көзделуде. Келесі жылы қаланың келбетін түбегейлі өзгертуге жұмыс жасайтын боламыз. Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту барлық жағдайы жасалады. Арендалық тұрғын үй құрылысына көзқарас қайта қаралып, 2015-2016 жылдары осындай үй құрылысын қаржыландыру 180 млрд теңгеге ұлғайтылады. Мемлекет әлеуметтік арендалық тұрғын үй салып, оны сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді арендаға делдалсыз, тікелей беріледі және несие үшін барынша төмен пайыз оны алу бағасын төмендетеді. Мұның өзі оны бұрынғыданда қолжетімді етеді.

Әрбір азамат тұрғын үй алуға құқылы. Өкінішке орай бұл мәселе қаламызда 30 жылдан бері өз шешімін таппай келді. Осы олқылықтың орнын толтыруға, расын айту керек, көп күш жігер жұмсадық нәтижеде «Көктем-2» тұрғын ауданынан көпқабатты 90 және 60 пәтерлік тұрғын үй салуға қол жеткіздік. Алдағы жылы 150 отбасы қоныс тойын тойлайды. Болашақта бұл тұрғын ауданда көпқабатты жаңа қалашық бой көтеретін болады.

Алтыншы.  Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту ең алдымен апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту проблемаларын шешуге бағытталады және 70 млрд теңге көлемінде қаржыландырылады. Ал мектепке дейінгі ұйымдарға орын тапшылығы қысқаруы үшін жыл бойына 20 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

Әлеуметтік саланы дамытуға жергілікті және республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп келеді. «Көктем-2» тұрғын ауданынан 280 орындық балабақша құрылысы пайдалануға берілді.

2015-2016 жылдары Аққала елдімекенінен 200 орындық мектеп құрылысы аяқталып, Шағыр елдімекеніндегі 200 орындық мектеп құрылысы мен Шөгірлі және Қабылсай елдімекендерінен екі 150 орындық мектеп құрылысы басталады. Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды іске асыру бағытында мектептердің ғимараттарын жаңғыртуды заман талаптарына сәйкестендіру үшін жалпы сметалық құны 1 млрд. 49 млн. теңгеге 12 мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі. Дермене ауылында 75 орындық балабақша құрылысы жүргізіледі. Мемлекет және жекеменшік серіктестік аясында Монтайтас ауылынан 100 орындық балабақша және теміржол колледжі мекемесінен 75 орындық шағын орталық салынып, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайтын болады.

Алдағы жылы мәдениет пен спорттың материалдық техникалық базасы нығайтылады. Қаламыздағы Мәдениет Үйі қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, орталық стадион аумағында салынып жатқан спорт кешені аяқталады. Қаламыздан жаңа аурухана салу ісі де жоспарда тұр.

Жетінші. Шағын және орта бизнеспен іскерлікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Елбасымыздың бұл мәселеге бұрынғы Жолдауларындағыдай бұл Жолдауында да айрықша назар аударды. Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толық игеріліп, 4,5 мың жұмыс орны құрылды. Бизнесті 10 жылға бары-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған сияқты жаңа салаға жарқын мүмкіндіктер ашты. Оның үлесін 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыру қажет. 2015-2017 жылдары жалпы соммасы 155 миллиард теңге несие желілерін Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану керек. Міне, кәсіпкерліктің көкжиегі осындай.

Біздің қаламызда шағын және орта бизнеске жете көңіл бөлініп келеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қаламыз шағынқалалардың тізіміне енгендіктен 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы аясында кәсіпкерлеріміз үкімет  тарапынан 14 пайызбен берілетін несиенің 10 пайызын даму қоры арқылы мемлекет төлесе, қалған 4 пайызын кәсіпкердің өзі төлейді. Бұл несиені Кәсіпкерліктің барлық салаларымен айналысатын кәсіпкерлер ала алады. Келесі жылы кәсіпкерлік орталығының жаңа  Келесі жылы кәсіпкерлік орталығының жаңа ғимараты ашылады. Ғимарат кәсіпкерлерге қызмет ететін болады.

Қадірменді көпшілік!

Дағдарыс жағдайында алға қойған жоғарыдағы жеті бағыт бойынша жұмыс істеу, табысқа қол жеткізу күрделі, әрі қиын. Бюджет қаржысы тапшылық етеді. Сондықтан Президентіміз ұлттық қордан 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдады. Ұлттық қордың басты міндеті, өздеріңізде жақсы білесіздер, тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуды қамтамасыз ету  және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау болып табылады. Қиындау кезеңде өмір сүрген ұлы әжелеріміздің «Тарта  жесең – тай қалады, қоя жесең – қой қалады, қоймай жесең – нең қалады?» деген сөзі бүгін де маңызды. Тірнектеп жинаған Ұлттық қор қаржысы қиын кезеңде халық игілігі үшін жұмсалып жатыр. Сонымен бірге, Елбасымыз бюджет қаржысының, Ұлттық қордан бөлінген қосымша қаржы әр тиынына дейін есепте болуын қатаң ескертті. Жалпы, табысты жұмыс істеуімізге барлық жағдайлар жасалып жатқаны баршамызды қатты қуантады.

Қала басшысы ретінде, қарапайым азамат ретінде «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық саясаты — әлеуметтік әлеуетін арттырудың бірден-бір кепілі екенін шын жүрегіммен сезінгенімді айтқым келеді. Сіздердің де дәл осындай адами ахуалды терең сезініп отырғандарыңызға ешқандай күмәнім жоқ.  Болашаққа, Жарқын болашаққа бастайтын – Нұрлы жол – жеті басым бағыт. Осы жеті бағыттың қай қайсысын алып қарасаңда әлеуметтік инфрақұрылымды айналып өтпейді. Қайта, тікелей қатысты. Міне, «Нұрлы жолдың» ел игілігі жолындағы, сіз бен біздің әлеуметтік жағдайымызды жақсарту жолындағы қызметін нақ осы қаралатын мысалдардың өзі-ақ аңғартады. Айналып келгенде бәрі де өзімізге байланысты.

Құрметті жиынға қатысушылар!

Елбасымыз алда тұрған жауапты жұмыстарды ойдағыдай орындап, жаhандық сыннан абыроймен өту үшін қазақстандықтардың арасындағы сенімді нығайта отырып, топтаса білу қажеттілігіне айрықша назар аударып отыр. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді Біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Оны өзіміз сақтауға тиіспіз.         Текті халқымыздың тарихы да осыны міндеттейді. Ұлы бабамыз Қаз дауысты Қазыбек бидің «Дәм- тұзды ақтай білген еліміз, достықты сақтай білген елміз» дегенінде терең мән жатыр. Кешегі Кеңес Одағы тұсында саяси – қуғын сүргінге ұшыраған ондаған ұлттың мың – мыңдаған өкілдері қазақ құшағынан пана тапты. Олардың бүгінгі ұрпағы Қазақстанды өзінің Отаны санайды. Ел игілігі жолында жемісті еңбек етіп жатыр. Демек, этносаралық келісімнің тарихи, саяси мәнін бүгінгі буынның жүрегіне сіңіру  — аға ұрпақтың парызы.  Қазақстандағы тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Бұл сауалға Елбасымыз «Бейбітшілік- тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенімділігі. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік» дейді. Жүректен шыққан сөз біздің әрқайсымыздың жүрегімізге жетіп, санамызды нұрландырып отыр.

Елбасымыздың  Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік ел – Басты бағытымыз туралы дана ой толғамы барша қазақстандықтардың мерейін көтеріп, мәртебесін асырды. Жалпыұлттық идеямызды өміршең ететін – Елдің бірлігі- ең алдымен қазақ бірлігі және қазақстандықтар бірлігі. Жалпыұлттық сипаттағы Ел бірлігі – Жалпы ұлттық идеямыз Мәңгілік ел – ұрпақтан ұрпаққа аманат. 

Алдағы жыл —  мерекелі жыл, берекелі жыл. Біздің халқымыз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын атап өтеміз. Елбасымыз осынау тарихи белестердің Жаңа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруді ел алдына басты міндет етіп қойды.

Өйткені, бұл мерекелердің Тәуелсіздігімізді баянды етіп, мерейіміз бен мәртебемізді асырудағы орны айырықша.

«Мәңгілік Ел» идеясы жүзеге асу үшін бүкіл Қазақ Елі болып, бір мақсатқа жұмылсақ, бір мүдде төңірегіне ұйыссақ, болашағымыздың да бір болары сөзсіз.

Елбасымыздың Жолдауында «бірлік, келісім, тұрақтылық» сөздері 30 реттен астам, «Мәңгілік Ел» 6 рет аталуы тегіннен тегін емес.  

Азаматтық жауапкершілік пен мемлекетшіл ұстаным танытып, асыл қазынамыз – достық пен ынтымақ екендігін терең сезіне білейік. Себебі, біз бірлігі жоқ елдің тозатынын, бірлігі мықты елдің озатындығына талай рет көз жеткізген текті халықтың ұрпағы екенінімізді ұмытпайық, ағайын!

Арыстың Елі – намыстың елі. Арыстықтардың Елбасы Жолдауынан қанаттанып, алға қойылған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларымызды, Президентіміз айтқан тапсырмаларды жоғары деңгейде орындайтынына сенімім кәміл.

Ел бірлігін айрықша қастерлеген халқымыздың тарихында алтын әріптермен жазылған Қасымханның Қасқа жолы, Есімханның Ескі жолы бүгінде Нұрсұлтанның Нұрлы жолына айналды. Халық қамын, мемлекеттік ұлттық тұрғыдан ойлаған ұлы тұлғалардың ісі мен сөзі мәңгі жасай бермек.

«Нұрлы жол» — Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық!

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!

Ендеше, құрметті ағайын ынтымағы жарасқан, еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына орай қала активімен өткен жиындағы қала әкімі С.Ертайдың баяндамасы

Құрметті  Арыстықтар!

Өздеріңізге мәлім  қаңтардың  17 күні   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев  халыққа жаңа Жолдау жасады.

Елбасы: «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде,  бір болашақ» деп аталатын биылғы  Жолдауында  «Қазақстан-2050» стратегиясында  белгіленген  межелерді қалай орындау қажет екендігіне тоқталды. Сондықтан,  Жолдау дамыған   30 елдің қатарына кіру жоспарын айқындайтын құжаттардың бірі ретінде тарихқа  еніп отыр. Жаңа жолдау  Қазақстанның жаңа белестерді бағындыруына, жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізіп, қарқынды дамыған  мемлекетке айналуына  жол ашады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің  үшінші он жылдығын толайым табыстармен бастап отыр. Алайда,   жаңа заманның сын-қатерлеріне дайын болу, жаһандық  экономиканың даму үдерісінен  қалыс қалмау мәселесі өте өзекті болып қала бермек. Президент: «Көптеген  болжамдар  бойынша,  алдағы 15-17  жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін  «мүмкіндіктер көзі» болмақ. Бұл кезеңде сыртқы ортаның  қолайлығы,  ресурстарға, энергия көздеріне  және азық-түлікке сұраныстың артуы, Үшінші  индустриялық серпілістің  пісіп-жетілуі сақталады» деді биылғы Жолдауында.

Елбасының бұл айтқандары алдағы уақытта еліміз үшін  мол мүмкіндіктер ашылатындығын, бірақ сол  мүмкіндіктерді сәтті пайдалана білу  қажет екендігін көрсетеді.

Сондықтан қуатты Қазақстанды бірге құру үшін  Президенттің алға қойған міндеттерін орындау жолында  Арыстықтар үшін де  жаңа межелерді бекітіп,   аянбай еңбек ету қажеттілігі туындап отыр.

Өздеріңізге мәлім Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері зор. Арыс халқы ежелден еңбекқорлығымен, татулығымен, бәсекеге қабілеттілігімен танымал. Бұл  жүктелген  жаңа міндеттердің орындалуына үлкен негіз болады.

Алайда, бұл бізге қазіргіден де қажырлы, қазіргіден де қарқынды  еңбек ету, береке-бірлігімізді тереңдете түсу талабын  жүктейтіндігін бәріміз бір кісідей түсінуге тиіспіз. Бұл тұрғыда Елбасының биылғы Жолдауында айтылған  тапсырмаларды жүзеге асыру үшін бізге  бірқатар міндеттерді  орындау қажет.

Мемлекет басшысы Жолдауда  шағын және орта  бизнес көлемін 2050 жылға қарай еліміздің  жалпы ішкі өнімінің 50 пайызын қамтамасыз ететін  деңгейге жеткізу қажет екендігін атап  өтті.

Қаламыздың  бұл саладағы табыстары жылдан-жылға артып келе жатыр.

Биылғы жылы қала нарығында  белсенді  жұмыс істейтін  шағын  бизнес  субъектілерінің  саны 3373 бірлікті (113,3 пайыз өсім) құрады. Ал,  олардың  өндірген  өнімі 15 млрд. 25 млн. теңгені құрап, жұмыспен  қамтылғандар саны 7244 адамға (9,0 пайыз өсім) жетіп отыр.

2013 жылы Арыс қаласында орналасқан қаржы институттары бойынша кәсіпкерлік мақсатында барлығы 918,1 млн теңге  несие берілді, оның ішінде:

 «Казмикрофинанс» ШНҰ (шағын несие ұйымы), (2628 адамға, 526,1 млн тенге.)  «Арыс несие серіктестігі» ЖШС (48 адамға, 336 млн тенге) және  «Ырыс» МКҰ (микрокредиттік үйым) (34 адамға,    56,0 млн тенге.)

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақдала ауылдық округінде жалпы құны 1,6 млрд теңгеге «Қазына-жер ЛТД» ЖШС-ы тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүргізілуде.

Онда  ірі қара малдың сүт бағытындағы 800 бас асыл тұқымды аналық ірі қара мал бағылып, жылына 5200 тн сүт өндіріліп, жаңадан 36 тұрақты жұмыс орындары ашылып, 100 адам маусымдық жұмыстарға тартылатын болады.

Серіктестік тарапынан Канададан 189 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінді, жыл соңына дейін тағы да 611 бас ірі қара мал әкелу жоспарлануда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында2013 жылы «Қазына жер ЛТД» ЖШС-ң егістік жерін суландыру жүйесінің инфрақұрылымын жүргізуге құны 116,0 млн. теңге құрайтын жобасы қаржыландырылып, жұмыстар жүргізілуде.

  «Арыс санаториясы» ЖШС-ы 1 га жылыжай құрылысының  инфрақұрылымын жүргізуге құны  27,0 млн. теңге құрайтын жобасы аумақтық үйлестіру комиссиясында мақұлданып, жұмыстар атқарылуда.

 «Ордабасы-құс» ЖШС-нің құны 2,5 млрд. тенге құрайтын 120 мың бас асыл тұқымды үндік балапандарын шығаратын фабрика құрылысы 2014 жылы басталады деп күтілуде.

Фабрика құрылысына 100 га. жер телімі және өзін-өзі қажетті құс азығымен қамтамасыз ету мақсатында 1000 га. суармалы жер телімдерін бөлу мәселесі толық шешілді.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында да кәсіпкерлікті қолдау  жалғаса бермек.

Елбасы тапсырмасын орындауда біздің мүмкіндіктеріміз мол, ендігі жерде осы мүмкіндіктерді   іске асыру міндеті тұр.

2013 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 млрд. 742 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 556,7 млн. теңгеге артып, нақты көлем индексі 106% құрады.

Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 2013 жылы 11 млрд. 464 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артып немесе 6 млрд. 623 млн. теңге артық инвестиция тартылған.

Өздеріңіз білесіздер қаламызда ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді. Соңғы жылдары  бақша дақылдарын өсіру, жылыжай салу мен  тамшылатып суару әдісін пайдалану жағынан да алға ілгерілеу бар. Өткен жылы қаламызда  ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6 млрд.  930 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 602,9 млн. теңгеге артық.

2013 жылы 15,5 мың га жерге егіс егілді. 8,3 мың га  суғармалы жерлер игерілді.

Тамшылатып суғару әдісімен 300 га егіс егілді.

2013 жылы 2,2 га жерге жылыжай салынып, пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдау (субцидия) көлемі 62 млн. теңгеге жетіп отыр.

Алдағы уақыттарда да  жерді тиімді пайдалану,  ауыл шаруашылығы саласында  бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне  қолдау көрсетіле беретіндігі сөзсіз. Бұл Президенттің биылғы Жолдауында атап өтілген бағыттардың бірі.

Бүгінде   қаламыздың инфрақұрылымы, соның ішінде көлік пен байланыс саласы да дамып келеді. Қала тұрғындары байланыстың барлық түрлерінің қызметін пайдалануда.

Қаламызда 2013 жылы 28 көшесі орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Монтайтас елді мекеніндегі Жұмжаев және Ерубаев көшелеріндегі көпірлердің орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысандар пайдалануға берілді.

Байырқұм-Арыс трассасы жөнделді, Қожатоғай-Сарыкөл жолы салынуда, Ақдала-Дермене жолы жөнделуде. Сырдария өзені үстіндегі көпір жөнделді, Монтайтас ауылынан Сарыағаш қаласына баратын 35 шақырымдық автожол теміржол үстінен өтетін аспа көпірімен салынуда.

2014 жылы ауылдар мен елді мекендерде 22 көше орташа жөндеуден өткізіледі және аудандық маңызы бар Байырқұм ауылы мен Көкжиде елді мекені аралығына автожол құрылысының ЖСҚ-сын дайындауға қалалық бюджеттен 4,5 млн. теңге бөлініп жұмыс жүргізілуде. Қаламызда көлік инфрақұрылымын  жетілдіру мақсатында әлі де бірқатар  жұмыстар атқарылатын болады.

Нәтижесінде,  негізгі бағыттардағы жолдар заман талабына сай келетін болады.

Кез келген ел үшін адам капиталы бірінші орында тұратыны белгілі. Біздің ел де солай. Сондықтан,  тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту,  білім беру мен денсаулық сақтау саласын заман талаптарына сәйкестендіру өмір талабы.

Елбасы жолдауынан  туындайтын міндеттерді орындау үшін барымызды саларымыз анық. Дегенмен, әр адам өз денсаулығына жауапты екендігін, білімге өзі ұмтылуы қажет екендігін сезінуге де тиіс.

2013 жылы 1 мектеп, 1 балабақша пайдалануға берілді.

2014 жылы  2 балабақша биыл пайдалануға беріледі және 1 мектеп құрылысы жүргізіледі.

Сонымен қатар 4 мектеп 2 балабақша құрылысының ЖСҚ-сын дайындауға 22 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Ал, денсаулық сақтау саласы бойынша 2013 жылы  2 нысан  пайдалануға берілді, биылғы жылы 1 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіледі.

Мәдениет және спорт салаларына да көңіл бөлінуде. Қаладағы орталық стадион мен Монтайтас ауылдық округіндегі клуб күрделі жөндеуден өткізілді.

Биылғы жылы қаламыздағы Ергөбек мәдениет үйінің қайта жаңғырту және спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған азаматтарды қолдау, оларға қамқор болу да біздің міндетіміз. Ал, мемлекет әлеуметтік әлсіз топтарға қамқорлық жасауды жалғастыра береді.

Бүгінде  қаламызда 375 адам мүгедектіктің зардабын тартып отыр.

2013 жылы мүгедектерге әлеуметтік қолдауды жақсарта түсу үшін 24 млн. 874 мың теңге. қарастырылып жұмсалды.

Сонымен қатар Шымкент қаласындағы мүгедектерді оңалту орталығына 36 мүгедекке жолдама беріліп, ем қабылдады және ол жұмыстар жалғасын табуда.

Қаламыздағы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 101 мүгедек балаларға 19 әлеуметтік қызметкер;

Жүріп-тұруы қиын бірінші  топтағы 53 мүгедекке 48 жеке көмекші;

Естімейтіндігі бойынша үшінші топтағы 12 мүгедекке 2 ымдау тілі маманы қызмет көрсетуге бекітілген.

Жеке оңалту бағдарламасы негізінде 112 мүгедекке гигиеналық құралмен қамтамасыз ету үшін 3 млн. 535 мың теңге қаралған және 97 мүгедектің барлығы да  қоларбамен қамтамасыз етілген.

Тағдырдың бұл жерлестеріміздің  иығына артқан ауыр салмағын жеңілдетуге барымызды салатын боламыз.

Арыс жері ежелден Мәңгілік ел идеясынан туындап отырған ұлттық бірлікті  санада сақтаған,  татулықтың  ордасы болған қала.

Бұл Президент  ұсынған «Мәңгілік ел» идеясымен толық үндесетін жайт. Сондықтан біз барымызды бағалап, отандастарымыздың береке-бірлігінің темір қазығы болатын   идеяны  одан әрмен дамытуға міндеттіміз.

Құрметті  Арыстықтар !

Басты бағыттағы кейбір ғана дәйектердің өзі Арыс қаласының Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. Жерлестеріміз қоғамның кез-келген саласында қажырлы еңбек етіп жатыр.

Қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің саны мен сапасын арттыра түсу, кәсіпкерлікті, өндіріс пен басқа да шаруашылықтарды  дамыту  ісі, жолдауда қамтылған басқа да бағыттағы жұмыстар одан әрмен  жалғаса беретін болады.

Өткен жылы  қабылданған «Қазақстан 2050» стратегиялық  бағдарламасы жүктейтін міндеттерді орындауды  Арыстықтар бастап та кетті.

Ал,  биылғы Жолдау алға қойылған  мақсаттарымызды нақтылай,  айқындай түскені сөзсіз.  Жол ұзақ болғанымен,  бағыт айқын. Нұрсұлтан Әбішұлы  айтқандай біз бір мақсат жолына біріккен,  мүддеміз бір,   болашағымыз  айқын халықпыз. Елбасы саясатына сәйкес біз келер ұрпаққа қарқынды дамыған, саяси-экономикалық тұрғыда әлемнің озық елдерінің қатарындағы, бейбіт те бақуатты  мемлекет қалдыруға тиіспіз.

Жаңа стратегия сол күндердің кепілі.

Ал, жаңа Жолдау сол жарқын болашақтың іргесін бүгіннен бастап қалауды мінтеттейтін құжат.

Осы жолдағы еңбектерімізге табыс тілеймін!