АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ


АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ С.ЕРТАЙДЫҢ ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҰЛТ ЖОСПАРЫ БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ 100 НАҚТЫ ҚАДАМ АЯСЫНДА АРЫС ҚАЛАСЫНДА 2016 ЖЫЛДЫҢ 1-ТОҚСАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

Арыс қаласының әкімі С.Ертайдың Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспары бес институционалдық  реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам аясында Арыс қаласында 2016 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

2015 жыл еліміздің қоғамдық-саяси және рухани-әлеуметтік өмірінде талай дүбірлі оқиғаларымен, ел есінде қаларлық ауқымды іс-шараларымен артта қалды. Олардың ішінде, мемлекет басшысын сайлау, Қазақ хандығының 550 жылдығы, еліміздің Конституциясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы секілді айтулы оқиғаларды айтуға болады. 

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталып отыр.  Шын мәнінде, бізге тарихымызда бұрын соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдаудың маңызы зор екені белгілі. Оның үстіне, бізді қазақстандық арманымыз – осы ғасырдың ортасына қарай әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылуды қамтамасыз ететін болады.

Біздің алдымызда тұрған басты мақсат – тәуелсіздік алған жылдан бері қол жеткізген игіліктерді одан әрі ұлғайтып, келешек ұрпақтың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудыру.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы     №728 қаулысына сәйкес, Арыс қаласы елімізде шағын қалалардың құрамына еніп, «2016-2020 жылдарға арналған Арыс қаласының кешенді даму жоспары» әзірленіп, облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілді.

(Қаржыландыру көздері мен көлемдері: 2016-2020 жылдары 4-мектеп құрылысына, 3-бала бақша құрылысына, 2-мектепті күрделі жөндеуге, жаңа кітапхана құрылысына, 4-денсаулық сақтау нысандары құрылысына, 3-тұрғын үй құрылысына, инженерлік-инфрақұрылымдарды дамытуға, жолдарды орташа жөндеуге, қалаға газ тартуға және инвесторлар тарапынан кәсіпорындар мен цехтар ашуға барлығы – 30 977,3 млн. теңге,  оның ішінде: республикалық бюджеттен – 12074,6 млн. теңге,  облыстық бюджеттен – 4572,9 млн. теңге, қалалық бюджеттен – 1491,3 млн. теңге, жеке инвестициялар мен қарызға алынатын қаражаттар – 12838,6 млн. теңге).

Еліміздің жемісті жетістіктері мен нәтижелі табыстарына қол жеткізуде облыс жұртшылығы мен өңір басшысы Бейбіт Бәкірұлының өзіндік үлесін қосып отырғаны белгілі. Елбасының алдымызға қойған міндеттері  мен облыс әкімінің тапсырмалары жүйелі түрде орындалып, іске асырылуда. 

Атап айтар болсам:

Қаржы саласы

№1 слайд

2015 жылдың қорытындысымен нақтыланған жалпы бюджет көлемі  9.101 млн. теңгені құрап, бекітілген бюджеттен 1.826 млн. теңгеге артты немесе өсім 25% құрады.

2016 жылдың 1-тоқсанына 10.214 млн. теңгені құрап, бекітілген бюджеттен 4.803 млн. теңгеге артты немесе өсім 89% құрады.

2016 жылдың қорытындысымен жалпы бюджет көлемі 10.466 млн. теңгені құрап, бекітілген бюджеттен 5.055 млн. теңгеге артады деп күтілуде. 2015 жылмен салыстырғанда 1.365 млн. теңгеге артатын болады.

№2,3,4 слайдтар

Өткен жылы жалпы кірістердің жоспары 9.101 млн. теңге болса, нақты түскені 9.511 млн. теңге немесе 104,5% орындалды, оның ішінде жергілікті  кірістердің жоспары 2.571 млн. теңге болса, нақты 2.981 млн. теңге болып, жоспар 116,0% орындалды немесе 410 млн. теңге жоспардан артық түсті. 2014 жылмен салыстырғанда 1.749 млн. теңгеге немесе 2,4 есеге артты.

2016 жылдың 1-тоқсанына жалпы кірістердің жоспары 1.986 млн. теңге болса, нақты түскені 3.767 млн. теңге немесе 190% орындалды, оның ішінде жергілікті  кірістердің жоспары 476 млн.теңге болса, нақты 1.844 млн. теңге болып, жоспар 387% орындалды немесе 1.367 млн. теңге жоспардан артық түсті. 2014 жылмен салыстырғанда 1.505 млн. теңгеге немесе 5,4 есеге артты.

(Қала бюджетінің шығыс бөлігінің жоспары 9.101 млн. теңге, игерілген қаржы көлемі 9.085 млн.  теңге, орындалуы 99,8%, 16 млн. теңге қаржы объективті себептермен игерілмеді.

2016 жылдың 1 сәуіріне қалалық бюджет шығыстарының жоспары 1.986 млн. теңге, нақты игерілгені 1.966 млн. теңге немес 99,0%. Игерілмеген қаржы 19,6 млн. теңгені құрады. Оның ішінде: 8,9 млн. теңге қаржы объективті себептермен игерілмесе, 10,7 млн. теңге қаржы субъективті себептермен игерілмеген. Жыл қорытындысымен 99,9% игерілетін болады).

Өнеркәсіп саласы

№5 слайд

2015 жылы 7.743 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7% құрады. (2014 жылы  6.086 млн. теңге).

2016 жылдың 1-тоқсанына 798 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,8% құрады.

2016 жылдың қорытындысымен нақты көлем индексі 104,2% құрайтын болады.

(Қалада өнеркәсіп өнімдерін өндіретін заңды тұлғалардың саны 20 бірлік, оның  ішінде 7 ірі және орта кәсіпорындар, 9 шағын кәсіпорын, 4 қосалқы кәсіпорындар жұмыс жасауда).

(Өткен жылы негізгі капиталға 6.386 млн. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде: Жергілікті бюджет есебінен 4.201,9 млн. теңге,

Жеке меншік қаражат  есебінен 2.184,2 млн. теңгені құрап, орындалуы 121,3% құрады. Жоспар 1.805 млн. теңге.

2014 жылмен салыстырғанда  71,6% құрады. 2014 жылы 8.487 млн. теңге, оның ішінде: Республикалық бюджет есебінен 1.046,2 млн. теңгені;

Жергілікті бюджет есебінен 4141,1 млн. теңгені;

Жеке меншік қаражат  есебінен 2.972,4 млн. теңгені құрады.

Инвестиция көлемі 2015 жылы Республикалық бюджеттен қаржылардың бөлінбеуі есебінен және Теміржол кәсіпорындарының 2014 жылмен салыстырғанда тартылған инвестицияларының 892,5 млн. теңгеге төмендеуінен. 2014 жылы 973,0 млн. теңге, 2015 жылы 80,5 млн. теңге).

Инвестиция

№6 слайд

2015 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі

6.386 млн. теңге болып, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2014 жылы  8.487 млн. теңге) 71,6% құрады.

(Республикалық бюджет есебінен қаржылардың бөлінбеуі есебінен  төмен көрсеткіштер орын алып отыр. Жекеменшік инвестицияның (бюджеттік инвестиция кірмейді) 2015 жылы орындалуы 2.184 млн. теңге немесе 121,3% (жоспар 1.805 млн. теңге) құрады). 

2016 жылдың І тоқсанына 1217,0 млн. теңгеге инвестиция тартылып,   2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  (2015 жылы  548 млн. теңге) 2,2 есеге артқан.

2016 жылы инвестиция 6.514 млн. теңге болып, нақты көлем индексі

102,0% құрайды деп күтілуде.

Кәсіпкерлік саласы

2015 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3484 бірлікке жетті. (Оның ішінде: 524 бірлік заңды тұлға, 1069 шаруа қожалығы және 1891 бірлік жеке кәсіпкерлер, жалпы тіркелген субъектілердің 89,5%, немесе 3114 бірлік субъектілер белсенді жұмыс жасауда. Оның ішінде: 258 бірлік заңды тұлға, 1051 шаруа қожалығы және 1805 бірлік жеке кәсіпкерлер).

2016 жылдың 1-тоқсанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3528 бірлікті құрады. (Оның ішінде: 523 бірлік заңды тұлға, 1052 шаруа қожалығы және 1953 бірлік жеке кәсіпкер).

№7 слайд

2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірілген өнім көлемі 18.887 млн. теңгеге жетіп, 2014 жылмен салыстырғанда 104,2% құрады немесе 761 млн. теңгеге артық өнім алынды. (2014 жылы 18.126 млн. теңге).

2016 жылдың 1-тоқсанына өндірілген өнім көлемі және ұсынылған қызметтер көлемі 3.166 млн. тенгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,8% артты немесе 24,5 млн. теңгеге артық өнім алынды. (2015 жылдың 3 айында 3.141 млн. теңге).

(Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 7644 адамды  құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 104,0% немесе      297 адамға артқан. 2014 жылы 7347 адам).

(2015 жылы бөлшек сауда көлемі 1.550 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 100,2% артқан. 2016 жылдың 1-тоқсанына 315,5 млн. теңге немесе өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 94,0% құрады).

Қаржы ұйымдары арқылы  2015 жылы 1827 бірлік бизнес субьектілеріне және жеке тұлғаларға барлығы 1.254 млн. теңге көлемінде несие берілді.

(«Казмикрофинанс»  ШНҰ арқылы 1680 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне 455,0 млн. теңге, «Арыс несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 64 адамға 473,0 млн. теңге, «Аграрлық несие корпорациясынан» «Шымкент-ет» ЖШС-і 140,0 млн. теңге, «Максимум» АИО» ЖШС-і және  «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы 61 адамға 134,8 млн теңге, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» МБ аясында 20 адамға мал шаруашылығы саласын дамытуға 43,4 млн. теңге және «КазАгроҚаржы» АҚ ОҚО филианынан «Бақжан» ШҚ-на 7,3 млн. теңге несиелер берілді).

2016 жылдық 1-тоқсанына 202 млн. теңгеге 416 адамға шағын несиелер берілді.

(«Ырыс» МҚҰ  арқылы 5,1 млн. теңге 4 адам, «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ арқылы 72,0 млн. теңге 12 адам, «Казмикрофинанс» ЖШС 124,7 млн. теңге 400 адамға несилер берілген).

(Қалада халықаралық сапа стандартына сәйкестік ИСО 9001-2001 сертификатымен 6 кәсіпорын, СТ-KZ сапа менеджменті сертификатымен

12 кәсіпорын жұмыс аткаруда).

(Индустрияландыру картасы аясында жұмыс жасап жатқан «Қазына жер ЛТД» ЖШС-нің 2015 жылғы жобалық қуаттылығы жоспары

2400 тоннаны құраса, нақты орындалғаны 2.999 тоннаны құрап, 125% орындалды. Сауылған сүт «Алтын-дән» ЖШС-не, «Компания Фудмастер-Шымкент» және «Отырар Сүт Ет» СТК-теріне өткізілуде).

Индустрияландыру картасы аясында аймақтық үйлестіру кеңесінде үш жоба мақұлданды:

Құны 164,0 млн. теңгені құрайтын «ЖК Б.Сарбасов» жаңа ұн диірмені кешенін ашу жобасы.

Жобалық құны 100,0 млн. теңгені құрайтын «ЭСЕД» ӨК-і ет өнімдерін өндіру цехының  жобасы.

№1 ф/слайд

Жобалық құны 300,0 млн. теңгені құрайтын «MEGA-AGAT-АГРО» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін зауыты.

Индустрияландыру картасы аясында 2016 жылы іске асыру жоспарланған жобалар:

Стратегиялық маңызы бар құны 13,5 млрд. теңгені құрайтын 2 жобаны іске асыру жоспарланған.  Олар:

«Ордабасы құс» ЖШС-нің құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын жылына 1,8 млн. бас асыл тұқымды жұмыртқа шығаратын фабрика жобасын іске асыру жоспарланған. Жобаның іске асырылу мерзімі 2015-2017 жылдар аралығы, қазіргі таңда жобалық құжаттары дайындалып, топографиялық және геодезиялық жұмыстары жүргізілуде. Тұрақты 70 адам жұмыспен қамтылатын болады. 

№2 ф/слайд

«KAZ GREEN TEK SOLAR» ЖШС–нің баламалы электр энергиясын өндіру жобасы Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округі аумағындағы қаланың арнайы арнайы жер қорынан күн сәулелік электростанция құрылысын салу үшін аумағы 30 га жер телімі берілді. Жоба құны 11,0 млрд. теңгені құрайды. Геодезиялық және топографиялық жұмыстары басталады. Өндірілетін электр қуаты 3 мВт. Жаңадан ашылған жұмыс орнымен 20-30 адам қамтылатын болады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7 жобаға қолдау көрсету жоспарланса, нақты бағдарлама аясында 10 жобаға қолдау көрсетілді.

(Оның ішінде: 5 жоба «Жылдық пайыздық мөлшерін субсидиялау», 4 жобаға «Кепілдік беру» және гранттық 1 жобаға қолдау көрсетілді).

Жобаларға барлығы 218,4 млн. теңгеге қолдау көрсетілген. 

(Оның  ішінде:  субсидиялау бойынша 156,0 млн. теңге, кепілдік беруде 59,4 млн. теңге  және гранттық жобаға 3,0 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілген. 

«Жеке кәсіпкер С.Алимов» субсидиялауда қаржы көлемі 25,0 млн теңге, кепілдік беру 7,0 млн теңге, «Алтын-балапан» ЖШС-і субсидиялауда қаржы көлемі 100,0 млн. теңге, кепілдік беру 26,3 млн. теңге, «ЖК О.Балабаев» қызмет көрсету саласына жалпы 5,0 млн. теңге  субсидиялау және кепілдік беру бойынша 1,5 млн. теңгеге қолдау көрсетілген. «ЖК Б.Сарбасов» ұн диірмені кешенінің құрылысы жобасына (несиенің жалпы құны 49,2 млн. теңге)  24,6 млн. теңгеге кепілдендіру бойынша қолдау көрсетілген. ЖК А.Артыкова киім тігу ательесіне 16,0 млн. теңгелік несиесі    субсидияланған.    ЖК Б.Баймурзаеваның   жалпы   құны  10,0  млн.

теңгені құрайтын жобасына 2010 жылы алынған несие бойынша субсидиялаудың мерзімі ұзартылуына байланысты қолдау көрсетілді. «Anar

& CO» ЖШС-нің 3,0 млн. теңгені құрайтын тропикалық және субтропикалық жеміс өсіру жобасы Гранттық жоба ретінде танылып, қолдау көрсетілді).

2016 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 бағыт бойынша 4 жобаға (әр жобаға субсидиялау және кепілдендіру) әр түрлі қолдаулар көрсету жоспарланып отыр.

(«Абудин» ЖШС-ның және «Бекзада» ЖШС-ның балабақшаларының құрылысына несие алу жұмыстары жүруде (8,0 млн. теңгемен 10,0 млн. теңге аралығында. Жаңадан барлығы 10 жаңа жұмыс орындары ашылады).

ЖК А.Салкинбековтің құны 10,0 млн. теңге құрайтын медициналық қызмет көрсету орталығының құрылысы бойынша кепіл құжаттарын рәсімдеуде. Жаңадан 5 тұрақты жұмыс орындары ашылады.

«Арыс Шпал Зауыты» ЖШС–нің құны 200,0 млн. теңгені құрайтын вагон жуу және вагондарға техникалық қызмет көрсету жобасына бағдарлама аясында қолдау көрсету жоспарлануда. Жаңадан 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

2016 жылдың 1-тоқсанында жобалардың несие алу үшін құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.

Индустрияландыру картасы аясында құны 448,0 млн. теңгелік 2 жоба іске асырылып, тұрақты 75 жаңа жұмыс орындары және құрылыс жұмыстарына 15 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылатын болады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында құны 230 млн. теңгелік 4 жобаны іске асыру көзделген. Жаңадан жалпы 45 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

(Қаладағы индустриялды аймақ құрылысының ЖСҚ-ның сараптамалық қорытындысын алу жұмыстары ағымдағы жылдың 12-мамырында аяқталды.

Индустриялды аймақтың инфрақұрылымы сметалық құнымен алғанда 744,2 млн. теңгені құрайды. Өндірістік алаңды іске қосу арқылы Балмұздақ шығаратын цех, құрама жем шығаратын цех, ұн шығаратын диірмен, балық өңдейтін цех, минералды сусын шығаратын цех, жиһаз шығаратын цех, сауда-логистикалық орталығын техникалық негіздеме бойынша арнайы орындар бөліп, құны 1885,0 млн. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Индустриялды аймақта іске асатын жобалардың есебінен ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны 1035 адам).

Туризм саласы

№3 ф/слайдҚалада 11 археологиялық ескерткіштер мен 5 монумент, 5 тарихи-мәдени зиярат ету орындары орналасқан. Емдік-сауықтыру және зиярат ету туризімін дамыту мақсатында қаланың туристік анықтамасы әзірленді.

(Тарихи-мәдени зиярат ету орындары: «Байырқұм төбе» әулиесі Байырқұм ауылында 4-5 шақырымда, «Жекен Саяқ» әулиесі Арыс қаласынан 5 шақырымда орналасқан, «Мұңлық-Зарлық» әулиесі Байырқұм ауылдық округінің  тұсында  25  шақырымда, «Монтайтас» әулиесі  Арыс-Монтайтас трассасының  бойында  2,5-3  шақырымда  орналасқан, «Ақын Жақып» әулиесі Арыс-Шардара  трассасынан  70  шақырымда  орналасқан).   

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы

№8 слайд

2015 жылы 9.906 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,5% құрады.

(Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы өнімдері 4.600 млн. теңге, 108,6%, мал шаруашылығы өнімдері 5.305 млн. теңге, 102,6%).

2016 жылдың 1-тоқсанына 1.454 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,9% құрады.

Жыл соңында нақты көлем индексі 106,0% жеткізу көзделуде.

Мал басы және одан алынатын мал өнімдері 2015 жылдың және 2016 жылдың 1-тоқсанының қорытындысымен алдыңғы жылдарға қарағанда барлық түрінен артты.

(2015 жылы: Ірі қара мал 26955 бас, 111,6%, қой-ешкі 331651 бас, 108,5%, жылқы 9125 бас, 101,6%, түйе 1522 бас, 112,3%, құс 61861 бас, 100,4%)

(Ет 7553 тонна, 100,7%, сүт 17814 тонна, 109,1%, жүн 661 тонна, 111,7%, жұмыртқа 7.275 мың дана, 100,6%).

(2016 жылдың 1-тоқсанына: Ірі қара мал 27809 бас, 104,7%, қой-ешкі 321379 бас, 105,5%, жылқы 7749 бас, 98,0%, түйе 1559 бас, 106,9%, құс 60308 бас, 100,1%)

(Ет 1957 тонна, 100,1%, сүт 3347 тонна, 110,3%, жұмыртқа 1398 мың дана, 101,1%).

№9,10 слайд

2014 жылы 20,1 мың га жерге егіс егіліп, 12,0 мың га суармалы жер игерілсе, 2015 жылы 22,6 мың га жерге егіс егіліп, 14,3 мың га суармалы жерлер игеріліп, жалпы егіс көлемі 2,5 мың га-ға, суармалы жерлер 2,3 мың га-ға артты.

(Қала дихандары 2015 жылы егіншілік талаптарын сақтай отырып, 6182 тонна астық, 11665,5 тонна жүгері, 1777 тонна мақта, 100475,4 тонна бақша, 10616,3 тонна көкөніс және 1331,6 тонна картоп өнімдерін өндірді).

2016 жылдың 1-тоқсанына 7,9 мың га-ға егіс егілді. 2016 жылы жалпы 21,1 мың га-ға егіс егу, оның ішінде 15,0 мың га суармалы жерлерді игеру жоспарлануда.

№4,5 ф/слайд

Көктемгі дала жұмыстары толығымен жүргізіліп, 2015 жылы тамшылатып суғару әдісімен ағымдағы жылы 939 га жерге егіс егілді.

3 га жерге жылыжай салынып, жылдық жоспар толық орындалды.

2016 жылдың 1-тоқсанына 0,6 га жерге жылыжай салынды. Жылдық жоспар 3 га.

(Жаңадан 36 дана ауылшаруашылығы техникалары алынып, жылдық тапсырма толық орындалды, 2016 жылдың 1-тоқсанында 14 дана алынып, 31,1% орындалды, жылдық тарсырма 41 дана).

(Жыл қорытындысымен жаңадан суғармалы жерлер 2985 га ұлғайды, тапсырма 3300 га, 90,4% орындалды, 2016 жылға тапсырма 700 га, 1-тоқсанда орындалғаны 30 га. ).

№11 слайд

61 - қадамды орындау мақсатында (ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту) 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1200 бас ірі қара мал алыну керек болса, нақты 1703 бас алынды, немесе  142%  орындалды.

2016 жылдың 1-тоқсанына 200 бас ірі қара мал алынуы керек, нақты 305 бас алынды, немесе 152%  орындалды. 2016 жылға жоспар 900 бас ірі қара мал алу.

№12 слайд

2015 жылы «Алтын асық» бағдарламасы бойынша қалаға 900 бас алу межесі берілсе, нақты алынғаны 1962 бас, немесе 218,0% орындалды.

2016 жылдың 1-тоқсанына 210 бас уақ мал алу тапсырылған, нақты 352 бас алынды, немесе 167%  орындалды. 2016 жылға жоспар 1000 бас уақ мал алу.

№13 слайд

 2015 жылы «Құлан» бағдарламасы бойынша межеленген 160 бас жылқы (асыл тұқымды) алыну керек болса, 165 бас алынды, немесе 103,0% орындалды.

2016 жылы 160 бас жылқы алу жоспарланса, қазіргі таңға жоспар 100,0% орындалды.

(Қаламызда мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. 26955 бас ірі қара малдың 4,1% (1112 бас), 331,7 мың бас уақ малдың 6,3% (20,3 мың бас), 9125 бас жылқының 5,7% (528 бас) асылдандырылған).

35-36-қадамдарды (ауылшарушылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету) іске асыру мақсатында, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, анықталғаны 28402 га оның ішінде суармалысы 1257 га, тәлімі егістік 3397,0 га, жайылым 23471 га. Осы пайдаланбай жатқан жер иелерінің тізімдері жинақталып жерді қайтару мақсатында сотқа талап арыздар берілді. Бүгінгі таңға қайтарылғаны 220,2 га. (Өз өтініштері бойынша қайтарылғаны 109,5 га, сот арқылы қайтарылғаны 110,1 га, сот өндірісіне 8 талап арыз өткізілді, оның ішінде 165,0 га суармалы, 2482,0 га жайылым жерлер).

Қаланың барлық әкімшілік-территориялдық бірліктерінің шекараларына өзгерістер енгізу және барлық елді мекендердің жер телімдерінің ішкі шекараларын анықтау жұмыстары жүргізілетін болады. (Бөлінген қаржы 22,7 млн. теңге).

Қалада 2014-2016 жылдары мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында ірі қара мал бордақылау алаңдарын ашу, шағын жанұялық сүт, құс фермаларын және сүт қабылдау бекетін құру тапсырмалары толық және артығымен орындалуда.

Тапсырма атауы

2015 жылға жоспары

Орындалуы

%

2016 жылға жоспары

01.04.2016 жылға орындалуы

%

1

Шағын құс фермаларын құру

1

2

200,0

-

-

-

2

Шағын жанұялық сүт аулаларын құру

27

31

114,8

32 / 11

11

34,4/ 100

3

Шағын ірі қара мал бордақылау алаңдарын ашу

124

136

110,0

140 / 39

37

26,4/ 105

4

Сүт қабылдау бекетін құру

2

2

100,0

-

-

-

5

Жаңадан құрылатын құдықтар

-

-

-

10 / 5

8

80 / 160

Құрылыс саласы

№14 слайд

2015 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 5.048 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,7% орындалды.

2016 жылдың 1-тоқсанына құрылыс жұмыстарының көлемі 259,1 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 97,2% орындалды. Жылдық жоспар 100% жеткізу.

№15 слайд

2015 жылы 493,5 млн. теңгеге 19576 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, 2014 жылмен салыстырғанда 149,0 % құрады.

9 кәсіпкерлік нысандар құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. (3807 шаршы метр).

2016 жылдың 1-тоқсанында 224,5 млн. теңгеге 4873 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, 2014 жылмен салыстырғанда 101,4% құрады. Жыл соңына дейін 12000 шаршы метр тұрғын үйлерді іске қосу жоспарлануда.

2015 жылы жалпы 53 нысанға сәулет-жоспарлау тапсырмасы жасалынды.

(заңды тұлға -37, жеке тұлға -16).

Тұрғындар саны 5000 адамға дейінгі елді мекендердің бас жоспарының оңтайландырылған нұсқасын дайындаудың кестесіне сәйкес, 6 елді мекеннің (П.Арапов, Орманды, Бақырша, 40-разъезд, 42-разъезд, Тоғансай) бас жоспарының оңтайландырылған нұсқалары дайындалып, қалаға қарасты барлық елді мекендер бас жоспарының оңтайландырылған нұсқаларымен                  100% қамтылды.

(2011-2015 жылдар аралығында 26 елді мекеннің оңайлатылған бас жоспарларын дайындауға қаржы бөлініп, бекітіліп, қолданысқа енгізілді. 5  елді   мекеннің    (Ақын - Жақып, Тоғайлы,   Тақыркөл,   Дарбаза,   Бұлақ)

экономикалық жағынан тиімсіз, болашағы жоқ деп танылуына байланысты және 1 елді мекен (Онтам) Арыс қаласы территориясына қосылу көзделуіне байланысты аталған 6 елді мекенге оңайлатылған бас жоспар жасату қажеттілігі жоқ).

2016 жылы «Отырар» және «Тараз» тұрғын аудандарының егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу жоспарлануда. (Бөлінген қаржы 30,4 млн. теңге).

2015 жылы төмендегі нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізілді.

№6,7 ф/слайдтар

Аққала елді мекеніндегі 200 оқушыға арналған мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

№8,9,10 ф/слайдтар

Қалалық мәдениет үйі ғимараты қайта жаңғыртудан өтті.

№11,12 ф/слайдтар

Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталып, 794 бала жүйелі түрде спортпен шұғылдануда.

№13 ф/слайд

«Көктем-2» тұрғын ауданындағы көпқабатты 60, 90 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, 150 отбасы пәтерлермен қамтылды.

№14,15 ф/слайдтар

Мемлекеттік жеке меншік әріптестікті нығайту мақсатында инвесторлармен жемісті жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, Монтайтас елді мекенінен 150 орындық  (120 млн. теңге), қалада 240 (190 млн. теңге) орындық бала бақша құрылысы аяқталып, балалармен қамтылуда.

№16 ф/слайд

Арыс қаласы әкімдігіне қарасты «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ғимаратының» құрылысы да аяқталып, қала кәсіпкерлеріне сапалы қызмет көрсетуде.

№17,18,19,20,21,22,23 ф/слайдтар

Шағыр, Шөгірлі, Қабылсай, Қаражантақ ауылдарында төрт орта мектептің, Дермене ауылында бір бала бақшаның және қалада дендросаябақтың құрылыс жұмыстары басталып, биылғы жылы жалғасын табуда.

2016 жылы ОҚО Арыс қаласы "Көктем-2" шағын ауданындағы 36 пәтерлі 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде, 2 үйдің жобалық-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамада.

Дермене ауылдық округіне қарасты Саналы ауылында мал тоғыту ваннасы құрылысының және Монтайтас ауылдық округіне қарасты Монтайтас ауылындағы Беккари шұңқыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Коммуналдық шаруашылық саласы

№24 ф/слайдтар

2015 жылы:

Қаладағы орталық жылу қазандығының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер сапалы жылумен қамтамасыз етілді.

(облыстық бюджеттен бөлінген қаржы 204,0 млн. теңге).

№25,26 ф/слайдтар

«Көктем-2» тұрғын ауданындағы жылу қазандықтың құрылысы жүргізіліп, 2 көпқабатты тұрғын үйдегі 150 отбасы сапалы жылумен қамтылуда.

(облыстық бюджеттен бөлінген қаржы 103,6 млн. теңге).

№27 ф/слайд

«Көктем - 2» тұрғын ауданында канализациялық насос стансасының және канализация жүйесінің құрылысы жүргізіліп, 1 мектеп 1 бала бақша мен 2 көпқабатты тұрғын үйлер қамтамасыз етілді.

(облыстық бюджеттен бөлінген қаржы 73,8 млн. теңге).

№28 ф/слайд

Қалаға жақын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесінің  2014-2015 жылдарға арналған, қайта құру және жаңарту нысандарының құрылысы жүргізілді.

(Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 653,0 млн. теңге).

Жөндеуді қажет ететін ауыз су, кәріз және жылу жүйелеріне барлығы қалалық бюджеттен 58,0 млн. теңге қаржы бөлініп, толық ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Арыс қаласы бойынша барлық 96 көп қабатты тұрғын үйлер кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен.

2015 жылы Арыс қаласы бойынша кондоминиум объектісіне өткен  32 үйге техникалық зерделеу жүргізілді.

Күрделі жөндеуден өтетін 15 көп қабатты тұрғын үйлердің келісімдері алынып, ақау актісі жасалынды және құжаттары толық дайындалды).

№29,30,31,32 ф/слайдтар

Қала көшелерінің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

№33,34,35,36,37,38,39 ф/слайдтар

Қаладағы 4 саябақ, скверлер мен аллеяларға, яғни, Жастар саябағына, Батырлар аллеясына, Орталық саябаққа және Жеңіс скверіне абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

(Қалалық бюджеттен бөлінген қаржы 124,0 млн. теңге).

№40,41,42 ф/слайдтар

Дермене, Монтайтас, Сырдария, Жиделі және Байырқұм елді мекендеріндегі саябақтарды қоршау жұмыстары жүргізілді.

(Қалалық бюджеттен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы бөлінген қаржы 29,0 млн. теңге).

(Арыс қаласының Ақынбеков көшесіндегі №127 және Әл-Фараби көшесіндегі №7 үйдің қасбеттеріне светодиотты шамдармен көріктендіру, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді).

№43,44 ф/слайдтар

Ақынбеков – Д.Қонаев көшесінің қиылысындағы «Мәңгілік ел», Д.Қонаев көшесі бойынан «Құрметті азаматтарға» арналған белгісі және спорт алаңшасының құрылысы жүргізілетін болады. Қала көшелеріне жарықтандыру және аяқ жолдар төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Ақынбеков және Әл-Фараби көшелері бойына жаңадан салынатын скверлердің жобасы.

2016 жылы:

Монтайтас ауылдық округі Қожатоғай ауылында ұңғыманы орнату және су өткізгіш тораптардың құрылысы жүргізіледі. (Құны 223,3 млн. теңге).

Қожатоғай ауылдық округі, Сырдария елді мекенінің 5 көшесін сумен қамтамасыз ету жобасының құрылысы жүргізілетін болады. (Құны 52,1 млн. теңге).

Қаладағы кәріз жүйесін  және 7 елді мекендегі ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделуде. (Құны 25,9 млн. теңге).

Қаладағы кәріз жүйесін қайта құруға және 7 ауылда, елді мекендерді ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жоспарлануда. (Қаралған қаржы – 31,5 млн. теңге).

Қаладағы  Ақынбеков көшесіндегі №127 және Ал-Фараби көшесіндегі №5 үйлердің жаны абаттандырылады. (Қаралған қаржы  - 68,9 млн. теңге).

Қаладағы 9 көп қабатты тұрғын үйлердің ауласына балалар алаңшалары орнатылады. (Қаралған қаржы  - 8,5 млн. теңге).

№45,46 ф/слайдтар

Облыс әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес, қаладағы 5 көп қабатты тұрғын үйлердің ауласына және 3 елді мекенде спорт алаңшасы салынатын болады, (Қаралған қаржы  - 104,3 млн. теңге).

Арыс қаласының «Отырар» тұрғын ауданын электр энергиясымен қамтамасыз ету 2016-2017 жылдарға жоспарлануда. (Құны 217,3 млн. теңге, 2016 жылға қаралған қаржы 78,0 млн. теңге).

Сонымен қатар қаланың 5 тұрғын ауданына және Ақдала елді мекеніне, жалпы 6 дана трансформатор орнату көзделуде. (Қаралған қаржы  - 12,8 млн. теңге).

Қаланың 1 тұрғын ауданын және 3 елді мекенді электр энергиясымен  қамтамасыз ету үшін, жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. (Қаралған қаржы  - 13,7 млн. теңге).

Табиғатты пайдалану және қорғау саласы

№47,48 ф/слайдтар

«Жасыл аймақ» іс-шарасы бойынша 117,6 мың түп көшет егілді. (Жылдық жоспар 279,8 га жер, орындалуы 183,6 га, 65,6 %). 

2016 жылдың 1-тоқсанында 39,83 га жерге 14,86 мың түп көшет егілді. 2016 жылға тапсырма 253 га, 106,3 мың түп көшет.

Көлік саласы

№49,50,51,52,53,54,55,56 ф/слайдтар

2015 жылы жалпы қаланың 20 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Соның ішінде, қаланың ішіндегі орталық көшесіне: Т.Тәжібаев, Ергөбек, Майлықожа, Әл-Фараби және Ақынбеков көшелеріне аяқжолдар төселіп, суағар науалар орнатылды, көшелер мен аяқжолдар жарықтандырылды.

алалық бюджеттен бөлінген қаржы  634,0 млн. теңге, 15,6 шқ).

2016 жылы қаладағы және елді мекендердегі 33 көшені  орта жөндеуден өткізу  жоспарлануда. Оның ішінде 7 көше жарықтандырылады, 4 көшеге тас төселінеді, 22 көшеге асфальт төселінетін болады. (Қаралған қаржы - 454,9 млн. теңге).

№57 ф/слайдтар

Қабылсай өткелі арқылы жаяу жүргінші көпірінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. (Қаралған қаржы - 52,4 млн. теңге).

Білім беру саласы

№16 слайд

Жалпы білім беру саласына 4 млрд. 995 млн. теңге қаржы  бөлінді.            

Білім беру мекемелерінің оқу материалдық базасын жаңғырту мақсатында бюджеттен 19,2 млн. теңге бөлініп, 1 мектепке ЛМК кабинет, 2 мектепке қазандық, мектептерге жиһаздар сатып алынды.

2015-2016 оқу жылына 71,3 млн. теңге қаржыға 90 мыңнан астам оқулықтар алынып 4, 5, 6 және 11 сыныптар барлық пәндердің, 3 сынып ағылшын тілі, 7 сынып информатика пәнінің оқулықтарымен 100% қамтамасыз етілді. 1-сынып оқушылары «Менің Отаным - Қазақстан» кітабымен толық қамтылды.

2015 жылы ұлттық бірыңғай тесттің орташа көрсеткіші 80,5 балды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,9 балға артты.

№58,59,60,61,62 ф/слайдтар

10 білім беру нысандарын (9 мектеп, 1 бала бақша) күрделі жөндеуге республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден барлығы 918,3 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

№63 ф/слайд

Т.Тәжібаев атындағы №1 балалар үйіне облыстық бюджеттен 81,0 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді.

№17 слайд

Республикалық бюджеттен «Балапан» бағдарламасына 2015 жылы 419,5 млн. теңге бөлініп, балаларды бала бақшамен қамту 80,2% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,6% артқан. 2016 жылы да 80,2% қамтылатын болады.

(Жалпы педагог кадрлардың (1, 2, 3 деңгей) деңгейлік курстарда оқудан өтуін және біліктілікті арттыруды қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 1,8 млн. теңге қаржы бөлінді).

(Қала сыртындағы лагермен жалпы оқушылардың 12,5% қамтылды. Инклюзивті білім беруді дамыту 29,2% құрады. Білім қоры  2,0%-ды құрады).

Білім мекемелеріне 100% интернет желісі және бейне бақылау камералары орнатылған.

2016 жылы қалалық бюджет есебінен 1 мектепті (Б.Момышұлы-53,5 млн. теңге) және «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2 мектепті (РжОБ, Ж.Тәшенов-35,0 млн. теңге, С.Қожанов-61,9 млн. теңге) күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қалалық бюджеттен 50,2 млн. теңге қаржы бөлініп, жылу қазандықтары, жиһаздар, автобустар, су тазартқыш құралдары мен компьютер жиынтықтары алынатын болады.

Денсаулық сақтау саласы

Қала бойынша есепті кезеңде 2001 сәби дүниеге келіп, 100 мың тұрғынға бала туу көрсеткіші 29,0-ы құрады  (2014 ж.-29,3 промиль)

Барлығы 381 адам қайтыс болып, (2014 ж. - 389) жалпы  100 мың тұрғынға өлім көрсеткіші  5,5-і құрап отыр (2014 ж.- 5,7).

0-1 жас аралығында 30 нәресте шетінеген (2014 ж.-30). 100 мың тұрғынға сәби өлімі көрсеткіші 14,9-ы құрады (2014 ж. -15,1).

0-5 жас  аралығында 38 бала шетінеген (2014 ж. - 40), 100 мың тұрғынға балалар өлімінің көрсеткіші 20,0-ы құрады (2014 ж.- 20,1).

(Табиғи өсу көрсеткіші 23,5-ті құрады (2014 ж. - 23,6).  Туберкулез  ауруымен алғаш рет 40 науқас тіркелді (2014 ж.-46). 100 мың тұрғынға көрсеткіші 57,8-ы құраған  (2014 ж. – 67,8). 0-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында  туберкулез ауруымен 6 науқас тіркелген (2014 ж. -2). Туберкулезге профилактикалық тексеруден өтуге 46930 адам қамтылған              (2014 ж. - 45424), жоспардың орындалуы 103,6% (2014 ж.- 97,4%). (Қалалық туберкулезге қарсы диспансерге 2015 жылы облыстық бюджеттен                          264,5 млн. теңге, республикалық бюджеттен 13,1 млн. теңге  қаржы қаралып, игерілді. 2016 жылға облыстық бюджеттен 264,5 млн. теңге, республикалық бюджеттен 36,8 млн. теңге  қаржы жоспарланған).

Қалалық бюджеттен 2015 жылы 88 науқасқа 20 мың теңгеден, барлығы 1760,0 мың теңгеге бір мәрте әлеуметтік қолдау көрсетілген.

2016 жылы амбулаторлық емдеуден өтіп жатқан науқастарға ай сайын 14847 теңгеден әлеуметтік қолдау көрсетілуде. 2016 жылға қаралған қаржы көлемі 2851,0 мың теңге.

№64 ф/слайд

Ақдала ауылында дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 51,2 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

Қалалық туберкулезге қарсы диспансердің сыртқы қоршауы жүргізіліп, толық аяқталды.

Саналы және Шағыр елді мекендерінде фельдшерлік амбулаториялық пункттің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

2016 жылдың 1-тоқсанында  туылған бала саны 473 (2015 ж.-519), бала туылу саны 46-ға (8,9%) кеміген. Туылу көрсеткіші 1 мың тұрғынға 6,4 (2015 ж.-7,0).  

0-1 жас аралығында шетінеген бала саны 4 (2015 ж.- 8), сәби өлімінің көрсеткіші 8,5 (2015 ж.-15,4) құрады. 0-5 жас аралығында 4 бала шетінеген (2015ж.-11), бала өлім көрсеткіші 8,5 (2015 ж.-25,5).

 82 өлім жағдайы тіркелді (2015 ж.-87). Жалпы өлім көрсеткіші 1,1   (2015 ж.-1,3).  

Туберкулез ауруымен алғаш рет 9 науқас тіркелген (2015 ж.-17), 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47,1% алғаш рет ауру саны кеміп  отыр. 100 мың тұрғынға алғаш рет аурушаңдық көрсеткіші –12,3 (2015 ж.-24,5). 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,2-ге кеміген.

(Флюро байқау  жоспары 31564 адам, 1-тоқсанда -25,2% орындалған. Манту-екпе жоспары 13657, орындалуы 51,6% (2015 ж.-20,1).  Міндетті топ жоспары 4013 адам, орындалуы 22,6% (2015 ж.-22,3). Қауыпты топ жоспары 13173 адам, орындалуы 27,7% (2015ж-20,1).

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы

№18 слайд

2015 жылы 1495 азамат өтініш жасап, 1093 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 535 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Мүмкіндігі шектеулі 117 азаматтың 90-ы  тұрақты жұмыспен, 13-і  әлеуметтік жұмыспен, 11-і ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылып, 3-і жастар практикасына жолданды.

(Ресми тіркелген жұмыссыздар саны -120 адам. Жалпы жұмыссыздар саны 1519 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1%).

(2015 жылға өздігінше жұмыспен қамтылған азаматтарды формалды секторға ауыстыру бойынша 2409 адам жоспарланып, толық орындалды).

(Қала көлемінде жұмыспен қамтуды тұрақтандыру (еңбек құқығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарымен жалақы мөлшерін қысқартуды болдырмау) мақсатында қала әкімдігімен, кәсіподақ кеңесі және жұмыс берушілер арасында 11 ірі, 37 орта және 225 кіші кәсіпорындармен меморандум түзіліп 100% орындалды).

(Қала бойынша бүгінгі таңға  «S.G.M Sroup» ЖШС-дан 204 адам қысқартылды. Көрсетілген әлеуметтік қолдаулар: Тұрақты, уақытша жұмысқа 50 адам жолданды. Жеке кәсіпкер 2 адам, басқа ауданда тіркелгендер 2 адам, өздігінше жұмыспен қамтылғандар - 150 адам.

2016 жылы «S.G.M Sroup» ЖШС-дан қысқартылып өзін-өзі жұмыспен қамтыған 150  адамға  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша  қайта даярлау, әлеуметтік жұмыс орындары, ақылы қоғамдық, жаңа жұмыс орындары, бос жұмыс орындары  ұсынылады  және  өз ісін ашуға шағын несиелер беру жоспарлануда).   

1849 отбасындағы 6673 балаға 126,3 млн. теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындалып, 123,8 млн. теңгесі төленді.

12 отбасындағы 66 адамға 610,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді.

348 отбасындағы 1782 адамға 13,5 млн. теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, толығымен төленді.

(Кедейлер саны 01.01.2015 жылы 11 отбасындағы 53 адамды құраса, қазіргі таңға  5 отбасындағы 23 адамды құрады).

«Өрлеу» пилоттық жобасына 38 отбасы қатысып, оларға жергілікті бюджеттен 6,5 млн. теңге шартты ақшалай көмек төленді.

(37 отбасы мал шаруашылығымен айналысуда, 1 отбасы асхана ашқан).

(Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру аясында 24 жеке кәсіпкерлермен жалпы 239,4 млн. теңгеге меморандумдар түзіліп, бүгінгі таңда 100% толық орындалды.

(Монтайтас а/о жекеменшік б/бақша  құны 120 млн. теңге, Арыс қаласында жеке меншік бала-бақша құны 110 млн. теңге. Аз қамтылған азаматтарға  9,4 млн. теңгеге  азық түлік, киім кешек, мал еті және т.б. берілді).

(Шымкент қаласындағы «Мүгедектерді оңалту орталығына» жеке оңалту бағдарламасына сәйкес  әр түрлі топтағы  38  мүгедекке жолдама берілді.

2015 жылы қол арбаға мұқтаж  жеке оңалту бағдарламасы негізінде 18 мүгедекке облыстық бюджеттен, 13 мүгедекке қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, 31 мүгедек қоларбамен қамтамасыз етілді).  

2016 жылдың 1-тоқсанына жұмыспен қамтылуға өтініш жасап келгендер саны 384 азамат, соның ішінде 344 азамат жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда тіркелген жұмыссыздар саны – 98.

Ақылы қоғамдық жұмыс бағдарламасының жобасы бойынша 540 жұмыссыз азаматтарды тарту жоспарланған, қазіргі таңға 110 азамат  жұмысқа тартылды.

(Қала көлемінде жұмыспен қамтуды тұрақтандыру (еңбек құқығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарымен  жалақы мөлшерін қысқартуды болдырмау) мақсатында қала әкімдігімен, кәсіподақ кеңесі және жұмыс беруші арасында 1 орта және 3 кіші кәсіпорындармен меморандум түзіліп 100 пайызға орындалды).

Мүмкіндігі шектеулі 22 азаматтың 8-ы тұрақты жұмыспен, 7 әлеуметтік жұмыспен, 4 ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылса, 3 жастар практикасына жолданды.

(Қала бойынша бүгінгі таңға  «S.G.M Sroup» ЖШС-дан 14 адам қысқартылды. Көрсетілген әлеуметтік қолдаулар: Басқа ауданға қоныс аударған - 1 адам, өздігінше жұмыспен қамтылғандар - 13 адам).

(18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы бойынша 1660 отбасындағы 5966 балаға 39,4 млн теңге тағайындалып, толығымен төленді.   

Атаулы  әлеуметтік  көмек бойынша 5 отбасындағы 21 адамға 132 мың теңге тағайындалып, толығымен  төленді.

Тұрғын үй көмегі бойынша 389 отбасындағы  1984 адамға 7,0 млн. теңге тағайындалып, толығымен төленді).

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша 50 отбасындағы 338 адамға 3,4 млн. теңге шартты ақшалай көмек төленді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы

№19 слайд

2015 жылы бағдарлама шеңберінде барлығы 1140 азамат жұмыспен қамтылды, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандары 649 адам және жұмыссыздар 491 адам (қатысушылардың 100 мүмкіндігі шектеулі азаматтар және 96-ы аз қамтылғандар).

1-ші бағыты бойынша ("Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту"):  Мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарында 85 жұмыс орындары ашылып, оның 43 жергілікті жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды.

2-ші бағыты бойынша: "Ауылда кәсіпкерлікті дамыту" бойынша жұмыссыз 20 азамат  өз ісін ашуға төмен пайызды шағын несиемен қамтылды.

Игерілген қаржы көлемі 43,4 млн. теңге. Өз ісін ашқан жеке кәсіпкерлердегі ашылған жаңа жұмыс орындарына 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

3-ші бағыты бойынша: Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 988 адам жолдама алып жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 294-і жаңа ашылған жұмыс орындары.

 Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтағы 46 адам жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасына жұмыссыз 56 жас маман жұмыспен қамтылды.

Кәсіби оқу бойынша 2012-2014 жылдары оқуға түсіп, 2015 жылы оқуын аяқтаған 79 азаматтың барлығы жұмыспен қамтылды.

 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша:       

3-ші бағыты ("Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу") шеңберінде

Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 150 адам  жолдама алып жұмыспен қамтылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 19 мекемемен келісім шарт жасалып, нысаналы топтағы 129 адам жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасына  жұмыссыз 63 жас маман жұмыспен қамтылды.

Мәдениет саласы

Қалада мәдениет саласында белгіленген тақырыптық және бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралар өткізілуде. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын  нығайтуға кітапханаға жергілікті бюджеттен  1,6 млн. тенге жаратылды. Мәдениет үйінің  материалдық-техникалық базасына 11,4 млн. теңге қаржы қаралды.  2015 жылы жалпы жыл бойына 407 мәдени іс-шара өткізілді. (Жаратылған қаржды көлемі 5,3 млн. теңге).

2016 жылдың 1-тоқсанында жалпы 203 мәдени іс-шара өткізілді, жыл соңына дейін 450 іс шара өткізу жоспарлануда. (Қаралған қаржды көлемі 7,2 млн. теңге). №65,66 ф/слайдтар

Байырқұм ауылдық клубы күрделі жөндеуден өткізілді.

Дене шынықтыру және спорт саласы

Дене шынықтыру–сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталып, 794 бала жүйелі түрде спортпен шұғылдануда.

Жалпы  алғанда  қала және  ауылдық жерлерде күнделікті спортпен  айналысатын адам саны 17620  яғни халықтың 23,8%  пайызы  күнделікті спортпен шұғылданады.

4 спорт мектептері жұмыс істейді. Спорт мектептерінде барлығы 2397 оқушы спорттың  13 түрімен оқу жаттығуларымен айналысуда.

(Балалар  жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 8 түрімен 498 бала, 41 топта жаттығуда, №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 9 түрімен  621 бала 37 топта жаттығуда,  Бокс мектебінде 484 жасөспірім 36 топта жаттығуда және Футбол мектебінде 794 бала 36 топта).

Ауылды жерлерде спортты дамыту үшін Ақдала, Байырқұм, Дермене, Жиделі және Задария ауыл округтерінен балалар жасөспірімдер, бокс және футбол  спорт мектептерінің жаттықтырушылары жұмыс істейді.

Қала және ауыл аймақтарда 229 спорттық  іс-шаралар өтіп, оларға 29240  адам қатысты.  

2016 жылдың 1-тоқсанында жалпы 69 іс-шара өтіп, 7200 адам қатысты, жыл соңына дейін 270 іс-шараға барлығы 32350 адам қатысады деп болжануда.

Ішкі саясат саласы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол–болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында 4 топ құрамында 25 мүшесі бар ақпараттық–насихаттық топ құрылып қала мен елді мекендерде бекітілген желілік кестеге сәйкес 24 жиын өткізіліп 3693 адам қамтылды.

Жалпы Елбасының Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында қала аумағындағы мекемелерде 186 кездесулер өткізіліп, оған 12124 адам қатысты.

Қала аумағында тіркеліп жұмыс жасап жатқан діни конфессиялардың жалпы саны – 2. Олар: Исламдық, Христиандық бағытта.

Қала аумағындағы діни бірлестіктер мен филиалдар 25, оның ішінде: 1 приход православтық бағытта.

24 мешіт Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігіне филиал ретінде тіркелген.

Қалада қоғамдық саяси ахуал тұрақты. 2015 жылғы 7-шілде күні «Мәдениет үйінде» Арыс қаласы әкімдігі жанындағы VIII «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумының «Тәуелсіздік қуатым-Мәңгілік ел мұратым» атты жиын өтті.

Арыс қаласы бойынша ресми тіркелген қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың саны - 7.

Қалада 4 этномәдени орталығының филиалы жұмыс жасайды. Олар: өзбек, башқұрт-татар, славян, иран-азербайжан этномәдени орталықтарының филиалдары болып  табылады.

Қоғамдық қауіпсіздік саласы

2015 жылы 513 қылмыс тіркелді. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 2014 жылы 91,4% құраса, 2015 жылы 94,4%, оның ішінде аса ауыр қылмыстардың ашылуы 100,0% құраған.

Қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алу бойынша, жол жүру ережесін, қылмыстың алдын алу және балалар қауіпсіздігін сақтау үшін қала көшелеріне 1 бағдаршам, 6 бейне-бақылау қондырғылары  және 4 жасанды жол кедергілері орнатылды.

2016 жылдың 1-тоқсанына 175 қылмыс тіркелген. Қылмыстардың 83-і немесе 47,4% ашылған.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 100,0% құраған.

2016 жылдың 3 айында кәмелетке толмағандармен жалпы 6 қылмыс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды (2015 ж.-1 қылмыс).

(Көрсетілген  6 қылмыс 2015 жылдың  соңғы  айларында  орын  алып,  тергеу   амалдарын жүргізулуіне байланысты  2016  жылы  қылмыстық іс   сотқа  жолданған).

2016 жылдың 1-тоқсанында жасөспірімдер   арасында,  профилактикалық  жұмыстары  өз  деңгейінде жүргізуіне байланысты  қылмыс  орын алған жоқ.

Қаланың көпшілік жиналатын орындарына 48 дана бейне бақылау камераларын және 2 жасанды жол кедергілерін орнату жоспарлануда. (Бейне бақылауға қаралған қаржы -103,6 млн. теңге, жасанды жол кедергісіне 668,0 мың теңге кезекті сессияда сұратылды).