БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы жұмыс істеуде.

Аталған бағдарлама 4 бағытта жүзеге асырылады:

Бірінші бағыт:Бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлер, моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер. (субсидиялау, кепілдендіру, грант беру)

Екінші бағыт: Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау.

Үшінші бағыт: Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерінтөмендету.

Төртінші бағыт:Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары.

Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау. Мысалы: 19 пайыздан жоғары емес несиенің 10,0 пайызын «Даму» қоры 9,0 пайызын кәсіпкер өтейді.

Жобаға кепілдендіру бойынша қолдау ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 85,0 пайыз, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге 50,0 көлемінде қолдау көрсетіледі. 

Кәсіпкерлікті бастау алдында қысқа мерзімді оқу-тренингісінен өту мүмкіндігі бар. Кәсіпкерлік мектебінде жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қатысу үшін,

*  1  - екінші деңгейлі банктерге баруыңыз қажет.

* 2 - екінші деңгейлі Банк қабылдаған оң шешімін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ОҚО филиалына жолдайды.

* 3 – Банк және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерге несиелендіру және кепілдендіру шарттары туралы түсіндірме жібереді.

* 4 - Кәсіпкер банктің қабылдаған оң шешімін ала отырып, бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Кәсіпкерлік, индустриял-инновациялық даму басқармасына) жолдайды.

* 5 - Жергілікті үйлестіруші Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне жобаны ұсынып, қабылданған шешімді Кәсіпкерге, банкке және «Даму» қорына жолдайды.

Қосымша ақпараттар ОҚО «Кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Шымкент қаласы,  Арғынбеков н/с, телефон:87252-39-39-21), «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ОҚО филиалы А.Байтурсынов көшесі №88б, телефон: 87252-28-32-90) Арыс қаласының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Арыс қаласы Д.Қонаев даңғылы №9а, телефон:872540-2-02-42).

Бұдан бөлек, екінші деңгейлі банктер «Каспий банк» АҚ және «АлХилал банк» АҚ банктерінен басқа банктер бағдарламаның қатысушысы болып табылады.


 

Документы: