ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР


1-сұрақ: Қаламызға газ қашан келеді?

Жауабы: Арыс қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобаның сметалық құжаттамасын дайындау үшін облыстық бюджеттен қаржыландыруға 2016 жылы ұсыныс берілді. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 9,0 млн теңге қаралып, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысан өтпелі. 2017 жылы Арыс қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысының жұмыс жобасы дайын болған жағдайда, облыстық немесе республикалық бюджеттен қаржыландыруға сұраныс берілетін болады.


2-сұрақ: Арыс-Ордабасы тас жолы қашан жөнделеді?

Жауабы: Облыстықмаңызы бар КХ-8 автомобиль жолының Ордабасы аумағы учаскесі жөнделген. Арыс қаласындағы 21,5 шақырымы тозығы жеткен. Облыстық маңызы бар КХ-8 автомобиль жолы Оңтүстік Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының меншігінде.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
17.08.2016-12:00:00