БЮДЖЕТТІ ОРЫНДАУ


Қаржы экономикалық сала (бюджеттің атқарылуы)

2018 жылдың  8 айының қорытындысымен нақтыланған жылдық бюджет көлемі 14359,2 млн. теңгені құрады яғни бекітілген бюджеттен 2131,0 млн. теңгеге артты.

2018 жылдың 8 айында жалпы кірістерінің  жоспары 8962,1 млн. теңге болса, нақты түскені 9256,2 млн. теңге немесе 103,3% орындалды, оның ішінде жергілікті кірістер жоспары  784,1  млн. теңге болса, нақты орындалғаны 1078,2 млн. теңгені құрап, жоспар 137,5 % орындалды. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 264,2 млн. теңгеге кеміген.

Қала бюджетінің шығыс бөлігінің  8 айға жоспары 9026,8 млн. теңге  8488,5 млн. теңге қаржы игеріліп, орындалуы 94,0 %  құрады, 538,3 млн. теңге қаржы игерілмеді.

(Обьективті себептермен 19,5 млн. теңге игерілмеген).

1) Жергілікті атқарушы органның жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаражатының  2018   жылға сомасы 623,8  млн. теңге, 8  айға қаралған қаржы 436,2 млн. теңге. Игерілгені 427,9  млн теңге немесе 98,1%

2)   Әлеуметтік маңызды  жобаларға  (мектептер, ауруханалар, бала-бақшалар және т.б.)  жылға бөлінген жалпы бюджет қаражаты 8964,4  млн. теңге 8 айға қаралған қаржы  6252,6 млн. теңге. Игерілгені 6216,4 млн теңге немесе 99,4%



 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
17.01.2016-12:00:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
27.11.2018-12:00:00