МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ИМИДЖІ


АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КЕЛУ ТӘРТІБІ

Саяси мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау немесе сайлау арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген басқа да жағдайлары бойынша іске асырылады. Әкімшілік мемлекеттік лауазымға бару конкурсы мемлекеттік қызметке бір дәрежеде қол жеткізу Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.

Конкурсты әкімшілік мемлекеттік лауазымға бос орындары бар мемлекеттік органдар (әрі қарай – мемлекеттік орган) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен тиісті лауазымның категриясына резервте тұрғандардың тізімін қарағаннан кейін мемлекеттік қызмет істері бойынша өкілетті орган (әрі қарай -- өкілетті орган) өткізеді. Бос орынға конкурсты жариялаған мемлекеттік орган конкурстық комиссияны құрады, әкімшілік мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеуді іске асырады. Конкурсты өткізетін кезде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және басқа да мемлекеттік қызметке қатысты заңдылықтардың талаптары сақталуы тиіс. Конкурстық комиссияның шешімі тиісті бос тұрған әкімшілік мемлекеттік қызметтің лауазымына тағайындалуға немесе одан бас тартуға негіз болып табылады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы:
1) Он сегіз жастан асқан;
2) Біліктілік талаптарға сәйкес келетін.
Конкурсқа мына азаматтар қатыса алмайды:
1) Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін;
2)заңды күшіне енген сот шешімімен еңбекке жарамсыз немесе еңбекке жарамсыздыққа шектеулі болып танылғандар;
3) заңды күшіне енген сот шешімімен тиісті бір мерзімде мемлекеттік лауазымға бару құқығынан айрылған;
4) заңдылықтармен қаралған бсқа да жағдайларда.
Конкурстың қатысушылары болып конкурс туралы хабарландыру берілгеннен кейін тиісті құжаттарын мемлекеттік органға тапсырған азаматтар болып табылады. Әкімшілік мемлекеттік лауазымға бару үміткерлері (әрі қарай – үміткерлер) болып конкурстық комиссияның шешімі негізінде тестілеуге жіберліген конкурс қатысушысы болып табылады. Конкурстық комиссия коллегиялық орган болып табылады. Олар конкурсқа қатысушы тапсырған құжаттарды, тестілеулерінің нәтижелерін қарайды, үміткерлермен сөйлесулер өткізеді және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тиісті кандидаттарды қалдыруды іске асырады.
Конкурста келесі кезектер болады: 
1) мемлекеттік орган тарапынан конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурстық комиссия құрамын құру;
3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
4) қатысушылардың құжаттарын әкімшілік мемлекеттік лауазымның біліктлік талаптарына сәйкестігін қарау;
5) бекітілген өкілетті орган тәртібімен үміткерлерді тестілеуден өткізу;
6) конкурстық комиссия тарапынан үміткермен сөйлесу;
7) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер конкурсты өткізетін мемлекеттік органға келесі құжаттарды тапсырады:
1) өкілетті орган бекіткен үлгі бойынша өтініш (№1 Қосымша);
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты мекен-жайды, телефонды көрсете отырып);
3) өкілетті орган бектікен үлгі бойынша толтырылған сауалнама (№2 Қосымша);
4) нотариалды немесе басқа да бекітілген заңнамалық тәртіпте нақтыланған білі туралы құжаттардың;
5) нотариалды немесе басқа да бекітілген заңнамалық тәртіпте нақтыланған еңбек кітапшасының көшірмесін;
6) бекітілген үлгі бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) 3х4 көлеміндегі 1 дана фотосурет.
Азаматтар олардың білімдеріне, жұмыс тәжірибесіне қатысты (біліктілігін арттырғандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми материалдары туралы құжаттардың көшірмелерін) қосымша ақпартатты ұсынуларына болады. Конкурстық комиссияның қарауына азаматтар тарапынан тиісті тәртіп немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде жолданған құжаттар қабылданады. Конкурстық комиссияның теріс қорытындысын алған конкурсқа қатысушы үміткерлердің құжаттары, кадрларды есепке алудағы жеке парағы мен конкурстық іріктеуден өте алмай қалған тұлғалардың өтініштері және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшылығында (кадрлық қызметте) сақталады.
Тестілеуден өту:
Әкімшілік мемлекеттік лауазымның санатына байланысты өкілетті орган тестілеудің түрлі бағдарламаларын бекітуі  мүмкін. Екі немесе одан да көп бос орынға құжат тапсырға, әкімшілік мемлекеттік лауазымның түрлі санатына жататын және олар бойынша тестілеуге жіберілген үміткерлер тиісті бағдарламалар бойынша тестілеуден өтеді. Аралық қиындықтағы бағдарлама бойынша үміткердің жақсы нәтижесі тестілеудің соңғы бағдарламалары бірдей немесе қиындығы дәрежесінен төмен шарты негізінде оның бос орындар конкурсына қатысуға жарамды болып табылады. Үміткердің тестілеу нәтижесі тестілеу нәтижесінің өзгеріссіз қалуы шарты незігінде тестілеуден өткен сәттен бастап 1 жылға дейін жарамды. Үміткер бір және сол бағдарлама бойынша қайта тестілеуден алдағы тестілеу сәтінен бастап үш айдан кешіктірілмей өтуге құқылы. Тестілеудің нәтижелері өкілетті орган немесе оның аймақтық бөлімшелері тарапынан тестілеуден және тиісті мемлекеттік органның конкурстық комиссиясынан өткен үміткерлерге  беріледі. Сөйлесуге тестілеуден өкілеті органның лауазымның категориясына  бекіткен тиісті бағаны алған үміткерлері жіберіледі. Төмен баға алған үміткерлер сөйлесуге жіберілмейді. Сөйлесуге жіберілген үміткерлер конкурстық комиссия тарапынан өткізілетін сөйлесуге шақырылады.


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ИМИДЖІ

Облыстың мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау туралы материалдарын жариялау бойынша мемлекеттік органдардың құрылымдары мен функциялары туралы үнемі жаңартылып тұратын ақпараттар орналастырылатын, сондай-ақ мемлекеттік қызметке тарту үшін бағытталған ақпараттар веб-сайттар құрылған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің жақсы жұмыстары үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрды. Барлық дәрежедегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері облыстық, қалалық және аудандық газеттерде жарық көрді. Теле-радио-бағдарламаларда аймақтың актуалды әлеуметтік – экономикалық мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдардың басшыларымен кесдесулер, брифингтер, пресс-конференциялар өткізілді. БАҚ-та «Мемлекеттік қызметке», «Мемлекеттік қызметкерлердің білімі» және тағы да басқа айдарлармен мемлекеттік қызметкерлердің дәрежесін көтеру мақсатына бағытталған материалдар жарияланды.
2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық оталығында 1707 мемлекеттік қызметкер оқып шықса, олардың 1227-і біліктілігін арттырған, 480-і қайта даярланған, ал 451-і мемлекеттік тілді және іс жүргізуді үйренген, құқықтық білім алуға 434 мемлекеттік қызметкер қатысқан. Барлық білім құрылымдарында мемлекеттік қызметкерлерге 2320 сабақ өткізілген. Ағымдағы жылдың 6 айында оқудан 1707 мемлекеттік қызметкер өткен, олардың 1227-і біліктілігін арттыру, 480-і қайта даярланған, жергілікті және аймақтық мемлекеттік органдардың 40 мемлекеттік қызметкері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында біліктілігін арттырған. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары шеңберінде барлық бағдарламаларға Ар-намыс Кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығын сақтау бойынша білім алу модульдері қосылған.
Білім алу процесін сапалы түрде жетілдіру және оның халықаралық стандарттарға, әкімшілік реформаны іске асыру процестеріне сіңісіп кетуі үшін орталықта тынымсыз жұмыс жүргізіліп келеді.
Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау білімді және арнайы тәртіп блоктары бар бағдарламалар бойынша іске асырылуда, сондай-ақ компьютерлік біліктілікті, электронды құжат айналымды үйрету бойынша практикалық дәрістер өткізіліп келеді.
Біліктілігін және икемділігін жүйелі түрде қалыптастыруды құрылымдау компьютер және видеотехниканың заманауй үлгісін қолдана отырып тренингтер мен басқа да пайдалы тәсілдер  арқылы іске асырылуда. Өз білімін өздігінше тұрақты  түрде жетілдіруге де үлкен көңіл бөлініп келеді. Мәселен, «Үкіметті модернизациялау» сабағы шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 17 маусымдағы халықаралық конференциядағы «Елдің бәсекелестік қабілетін арттыруда мемлекеттік қызметтің рөлі» тақырыбындағы сөйлеген сөзін және үкімет басшысы К.Мәсімовтың «Казахстанская Правда» газетінде 13.05.2008 жылы жарық көрген материалын тыңдаушылар өздігінше үйренуде.
Семинар кезінде әр мемлекеттік қызметкер үйренген тақырыбы бойынша методикалық жәрдем алады, мекемелерге барып сабақ беретін тәсіл қоладынылып келеді.  Семинар соңында білімінің сапасы мен үйренгендерін білу мақсатында тыңдаушылардан семинардағы тақырыптары бойынша тест түрінде емтихан қабылданады.
Сонымен бірге мемлекеттік органдарда Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша кеңейтілген жиналыстар өткізілген, БАҚ-та және веб-сайттарда сенім телефондары орналастырылды. Келіп түскен заң бұзушылық фактілері қолданыстағы заңдылықтар бойынша қаралды.
Мемлекеттік қызмет саласында заңдылықтардың сақталуын бақылап отыру Тәртіптік кеңестерге жүктелген. Тәртіптік кеңестер мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапасын білу мақсатында тұрғындардың әлеуметтік сұратымдары арқылы комплексті тексерулер жүргізеді. Тексерулерді жүргізуге азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен саяси партия институттары тартылады; Тәртіптік кеңестің лауазымды тұлғалары қабылдайтын күнделікті қабылдаулар ұйымдастырылады; сенім телефондары мен тұрғындардың хаттарына арналған жәшіктер орнатылған, тексерулер жайында ақпараттар жергілікті және республикалық басылымдарда жарық көреді. Бұл тәсіл  тұрғындардың билікке деген сенімін нығайтады және заң бұзушылықтарды азайтады.
Патриоттылыққа үйретуге, азаматтық борыш сезімін оятуға жетелейтін жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында облыстың барлық білім беру орындарында мектеп оқушылармен және студенттермен бірге өсіп келе жатқан ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу, әр ұлттың балдарын біріктіру үшін түрлі жиындар, іс-шаралар өткізіліп келеді.
Жеке біреудің интеллектуалды қасиетін қалыптастыру бойынша мәселелері шешімін тауып жататын  ұлттық жаңғыру мектептері жұмыс жасайды. Мемлекеттік рәміздерді білу және насихаттау бойынша кездесулер өткізіледі.
ЖОО-нын бітірген түлектерді мемлекеттік қызметке тарту үшін студенттермен кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» өткізілуде.
Стипендианттар мен студенттерге қолданыстағы заңдылықтар негізінде облысты басқару сұлбасы бойынша, мемлекеттік қызметке келуде үміткерлерге қойылатын талаптар бойынша кеңестер және түсіндірмелер беріледі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
17.08.2016-12:00:00