ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ


Арыс қаласының 2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

Ағымдағы жылдың 6 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 7,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 0,3% құрады.

ӨНЕРКӘСІП

2016 жылдың 6 айында 2.072 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өнідіріліп, нақты көлем индексі 104,9% құрады.

Тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 15,1%-ға артып, 2,2 млн. теңгені,  өңдеу өнеркәсібі – 4,2%-ға артып 1.683 млн. теңгені құрады.

Қалада өнеркәсіп өнімдерін өндіретін заңды тұлғалардың саны 20 бірлік, оның  ішінде 7 ірі және орта кәсіпорындар, 9 шағын кәсіпорын, 4 қосалқы кәсіпорындар жұмыс жасауда.

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2016 жылдың 6 айына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3610 бірлікті құрады.

Оның ішінде: 530 бірлік заңды тұлға, 1051 шаруа қожалығы және 2029 бірлік жеке кәсіпкер). Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 3216 бірлік.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субьектілерінің саны 3216 бірлік, 89,1% құрайды. (Обл көр. 87,5%,  13 орын. Жылдық тапсырма 89,6%).

2016 жылдың 6 айына өндірілген өнім көлемі 6.616 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,5% артты немесе 164,4 млн. теңгеге артты.

Индустрияландыру картасы аясында 2016 жылы іске асыру жоспарланған жобалар:

 Жобалық құны 148 млн. теңгені құрайтын «Қостүйін»  ЖШС-нің құрама жем шығаратын кіші зауытын қосу жұмыстары жүргізілді. Жаңадан тұрақты 35 жұмыс орны ашылатын болады.

Жобалық құны 300,0 млн. теңгені құрайтын «MEGA-AGAT-АГРО» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін зауыты. Жаңадан 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Аталған жобалардың құжаттары Аймақтық Үйлестіру кеңесіне тапсырылған.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы  шеңберінде 4 жобаға 9 қолдау (әр жобаға субсидиялау және кепілдендіру) көрсетілетін болады.

 «Arys Kaun» ЖШС-ы А. Абрамановтың қауын мен асқабақты тереңдетіп өңдеу жобасы 5,0 млн. теңгенің грантын ұтып алды (грант).

Бағдарлама шеңберінде қолдау көрсету үшін тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жобалар:

  • ЖК А.Салкинбековтің құны 10,0 млн теңге құрайтын медициналық қызмет көрсету орталығының құрылысы бойынша кепіл құжаттарын рәсімдеуде. Жаңадан 5 тұрақты жұмыс орындары ашылады (субсидиялау және кепілдендіру).
  • «Абудин» ЖШС-ның құны 8,0 млн. теңгені құрайтын балабақша құрылысына, балалар санын арттыру мақсатында несие алу үшін кепіл құжаттарын рәсімдеуде (субсидиялау және кепілдендіру). 
  • «Бекзада» ЖШС-ның құны 8,0 млн. теңгені құрайтын балабақша құрылысына, балалар санын арттыру мақсатында несие алу жұмыстарын жүргізуде (субсидиялау және кепілдендіру).
  • ЖК М.Әмреев заманауи үлгідегі қонақ үй құрылысы жобасын іске асыру мақсатында несие алу жұмыстарын жүргізуде (субсидиялау және кепілдендіру).

Мемлекеттік гранттер беру тәртібіне сәйкес, конкурстық негізде өтетін комиссия отырысына қаладан 4 кәсіпкер қатысты.

  • «Arys Kaun» ЖШС-ы қауын мен асқабақты тереңдетіп өңдеу жобасы;
  • ЖК «Сара»  евротакеттер шығару жобасы;
  • ЖК «Мадияр» Б. Тукаловтың лего-қыш шығаратын цехы жобасы;
  • ЖК «Ташманбетова» ағылшын тілін тереңдетіп оқыту әдісін қолдана отырып, тіл үйрететін орталық жобасы ашу жобалары ұсынылды.

БӨЛШЕК САУДА

Бөлшек сауда айналымы 667,0 млн. теңгеге  жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 98,1% құрады.

НЕГІЗГІ ҚОРҒА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

2016 жылдың 6  айында 4.872 млн. теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 172,6% артты.

Жан басына шаққанда инвестиция көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 175,6% құрады.

Жеке инвестициялар көлемі 1.103,1 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122,6% құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2016 жылдың 6 айында 3.182 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 102,3% құрады.

2016 жылдың 6 айында 37,4 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 102,3% құрады.

2016 жылдың  егіс егу тапсырмасы 21,1 мың га, орындалғаны 21,3 мың га, яғни 101,0%.

Жаңадан қосылатын жерлердің 6 айға тапсырмасы 300 га, орындалған 390 га, яғни 130% құрайды.

 Жылыжай салу тапсырмасы 3 га, орындалғаны 1,9 га немесе 63,3%.

Тамшылатып суару әдісін ендіру тапсырма 900 га, орындалғаны 900 га немесе 100%.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Өнім көлемінің өсімі мал шаруашылығының есебінен орын алды       

2016 жылдың 6-айында: Ірі қара мал 31003 бас, 106,8%, қой-ешкі 399516 бас, 103,5%, жылқы 9405 бас, 100,2%, түйе 1614 бас, 104,1%, құс 60923 бас, 100,4%.

Мал басы және одан алынатын мал өнімдері 2016 жылдың қорытындысымен 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда барлық түрінен артты.

2016 жылдың 6 айында қаланың ауылшаруашылық тауар өндірушілері өндірген Ет 3088 тонна, 100,3%, сүт 9520,5 тонна, 107,4%, жұмыртқа 3756,6 мың дана, 100,6% құраған.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 айға тапсырма 500 бас ірі қара мал алынуы керек, нақты 699 бас алынды, немесе 139,8%  орындалды.

 «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 6 айға тапсырма 550 бас уақ мал алу тапсырылған, нақты 1002 бас алынды, немесе 182%  орындалды.

 «Құлан» бағдарламасы бойынша межеленген 160 бас жылқы алу жоспарланса, қазіргі таңға 160 бас жылқы алынып, жылдық жоспар 100,0% орындалды.

ҚҰРЫЛЫС

2016 жылдың 6 айына құрылыс жұмыстарының көлемі 876,6 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 93,1% құрады.

2016 жылдың 6 айында 494,2 млн. теңгеге 10545 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. нақты көлем индексі 58,0% құрады.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

2016 жылдың 1 тоқсанында орташа айлық жалақы көлемі 94 764 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға артты.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Оның ішінде, жастар жұмыссыздығы –  3,0%.

Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша еңбекке қабілетті мүгедектердің 44-і жұмысқа орналасқан. Жылдық жоспар 86 адам.

БІЛІМ

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуы – 81,0% құрады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ана өлімі орын алмаған.

Нәресте өлімі көрсеткіші 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,6% құрады.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

2016-2020 жж. арналған даму бағдарламасында көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы бойынша нақты 6 айда – 13,6% құрап отыр.

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

2016 жылдың  6 айында халықтың саны 74429  адамды құрады. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1262 адамға немесе 101,7% артқан.

2016 жылдың 6 айында дүниеге келген сәбилердің әр 1000 адамға шаққанда көрсеткіші 32,82, қайтыс болғандар көрсеткіші 5,46.