АРЫСТА «ШАТҚАЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА



«Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» деген нақыл сөзді ұстанған қала тұрғындары бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен «Шатқал» бағдарламасы аясында Арыс-Шымкент тас жолы бойында орналасқан 1,5 га жерді алып жатқан көгалдандыру мақсатында құрылған саябаққа 1400-ге жуық үйеңкі, қаратал ағаштарының көшеттері егілді. Еліміздегі тың жобалардың бірі болып табылатын аталған бағдарламаның басты мақсаты - қараусыз қалған шатқалдарды халық демалатын саябаққа айналдыру болып табылады. Мұндай игі іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
11.03.2017-12:00:00