АНА – АЛТЫН ТҰҒЫРЫҢ



Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Отбасының, жалпы қоғамның ынтымағын сақтауда аналардың алар орны ерекше.

Осы мақсатта, бүгін көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, қала әкімі М.Қадырбек әр салада қызмет етіп, Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген аяулы аналарды жеке қабылдап, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың құттықтау хатын табыстады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
09.03.2017-12:00:00