БАЙЫРҚҰМНЫҢ БАЛАСЫ – БАР ҚАЗАҚТЫҢ ДАРАСЫ



Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: - «Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен мақтанады. Өзінің ұлттық мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»,- деп атап өткен болатын.

Бүгін қалалық мұражайда Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Көркемсурет Академиясының және Қазақстан тұрмыс-салт, әдет-ғұрып Академиясының Академигі, қазақтың мүсіншісі Бинашов Тілеуберді Мелдешұлының жеке  көрмесінің  салтанатты  ашылуы өтті.

Салтанатты жиында қала әкімі М.Қадырбек және қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаевтар көрменің  көгілдір лентасын  қиды.

«Адам көп дегенде жүз жасайды, мүсін жоқ дегенде мың жасайды», Тілеуберді Бинашов қазақтың бас балуаны Қажымұхан Мұңайтпасұлының, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің, Қайыр ханның, айбынды Абылай ханның, Әз-Жәнібек ханның,  Кейкі, Қарасай, Маханбет батырлардың, Ыбырай Алтынсарин, Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәншүк  Мәметова, Дінмұхаммед Қонаев, Күләш Байсейітова, Ергөбек ақынның, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуов сынды атақты тұлғалармен қатар тамыры тереңдегі тарихымызбен сусындаған Мұңлық-Зарлықтың және тағы да басқа жүздеген мүсіндердің авторы.   

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
09.03.2017-12:00:00