КӨКЕЙДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛҒАН – ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ



Бүгін «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы, Арыс қаласының әкімі Мұрат Болатұлының қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті.

Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары жол салу, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу, жер алу мәселелері бойынша өз өтініш-арыздарын білдірді.

Шаһар басшысы аталған мәселелерді шешу үшін бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелер бақылауға алынды. Бірқатары қабылдау барысында оң шешімін тапты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
09.03.2017-12:00:00