Аналарға құрмет көрсету – басты парызымыз



«Отан отбасынан басталады». Ал, отбасының ұйытқысы да, берекесі де әйел заты.
Қай қоғамда болмасын, ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеуде аналардың алар орны айрықша екендігі де белгілі.
Қарға тамырлы халқымыз әрқашан нәзік жанды әйел затын қастерлеген, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған.
Осындай құрмет пен ыстық пейілге бөленген, ұл-қыздары мен немерелерінің қуанышына бөленіп отырған қаламыздың тұрғыны Исаева Роза апамызды қалалық ішкі саясат бөлімі мен қала әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері 8 наурыз Халықаралық қыз-келіншектер күнімен құттықтап, сыйлық табыстады.
Қуаныш пен құрметке ие болған апамыз көз жасына ерік беріп, Тәуелсіз еліміздің тұғырының биік болып, келер ұрпақтың бейбіт өмірде сүруіне тілектестігін білдірді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
09.03.2017-12:00:00