Арулар асыл жандар



Жылдың ең ғажап кезеңі, күннің нұрымен, көктемнің гүлімен ере келіп, кең сахараны махаббатына бөлейтін, нәзік жүректілердің мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі еліміздің барлық аймақтарында аталып өтуде.
Бүгін қала әкімі М.Қадырбек қаламыздағы түрлі салада қызмет етіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлестерін қосып жүрген жас қыз-келіншектерді қабылдап, аталмыш мерекемен құттықтап, сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.
Әр шаңырақтағы ынтымақ пен ырыстың, бақ пен берекенің ұйытқысы болған нәзік жанды аруларға еңбекте табысты болып, бақыт пен мықты денсаулық тіледі.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
09.03.2017-12:00:00