Қарт аналарға құрмет көрсетілді



Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. 
 Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.
Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.
Осы мақсатта, бүгін қала әкімі М.Қадырбек Ұлы Отан соғысының ардагері Савина Варвара Макаровна мен 110 жасқа келген қаламыздың ең қарт тұрғыны Жұманова Орын әженің отбасында болып, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
07.03.2017-12:00:00