Қала әкімдігінің қыз-келіншектеріне құрмет көрсетілді



Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. 
 Бүгін қала әкімі М.Қадырбек қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлестерін қосып жүрген қала әкімдігінің қыз-келіншектерін құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Сонымен қатар қала әкімінің орынбасарлары С.Дәрібай мен Р.Айтбаев, бөлім басшылары мен қызметкерлері жүрек жарды ыстық лебіздерін білдіріп, әкімдіктің қыз-келіншектерін құттықтады.
Мерекелік кеште ер азаматтар ән шырқап, әйелдер қауымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
07.03.2017-12:00:00