МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ

Анықтамалық ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Арыс қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдармен Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері мен талаптарын ұстану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Арыс қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан 91 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік корпорация арқылы, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы және тікелей қызмет берушілер арқылы көрсетіледі.

Арыс қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдар арқылы 2016 жылдың 12 айында 133297 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілді.  Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-7468, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3291, қағаз түрінде-122538.

Арыс қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша 54 іс-шаралар жүргізілді.

Арыс қаласы әкімінің «Бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» 13.05.2016 жылғы №1-27Ө өкімімен бекітілген.  Бекітілгеніс-шараға сәйкес ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп  тұрады.

Арыс қаласы бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын басқару әрекетін жетілдіру» тақырыбы бойынша Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Дарменов Мақсат және Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі М.Асанов МҚДО семинарына  қатысып, біліктілігін арттырған.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
09.02.2017-12:00:00