Халыққа қызмет көрсету орталығы

Тұрғындар назарына!!!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде барлық қажетті анықтамаларға қол жеткізіп, құжаттарды рәсімдей алады. Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, аптасына алты күн жұмыс істейді және  530 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Қазіргі таңда   Арыс  қаласы бойынша мемлекеттік корпорацияның 2 фронт-офисы қызмет атқарады.

Арыс  қаласы бойынша орналасқан фронт-офистердін мекен-жайы:

Арыс қ, Ергобек көшесі, н/с

Арыс қ, Төле би көшесі, н/с

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерді үйде отырып ала алады.

2016 жылғы 30 маусым                                                                                     Астана қ.

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін қызметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысын бастағалы бері мобильдік топтар 3 670 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 5 761 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, мемлекеттік корпорация                   1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжірибесін жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдік топты шақыру үшін Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары керек. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оған 72 сағат ішінде  барады.

Жалпы, мемлекеттік корпорация мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөліп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді.

Мемлекеттік корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуірінде "Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы" РМК, "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК және "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-нің қайта құрылуы жолымен бастағанын естеріңізге саламыз. Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 530 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

                   
                 
 
                  «ХҚКО» жауапты қызметкері

А.Ә.Т.

Автокөліктің маркасы  және мемлекеттік номері Ескертпе
   Арыс қ. Аққала Ақын Жақып 21 60  11.07.2016 ж   25.07.2016 ж    01.08.2016ж   15.08.2016 ж         05.09.2016 ж  19.09.2016 ж            2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Тақыркөл 23 70 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Аққала 996 70 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
 Байырқұм Байырқұм 4800 75 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Қожатағай Байтоғай 909 88 12.07.2016 ж   26.07.2016 ж     02.08.2016 ж   16.08.2016 ж  06.09.2016 ж  20.09.2016 ж   2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Шөгірлі 909 70 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Дарбаза 81 115 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Бұлақ 117 130 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Қожатоғай 4276 85 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Монтайтас Шағыр 868 40 13.07.2016 ж   27.07.2016 ж    03.08.2016 ж  17.08.2016 ж   07.09.2016 ж  21.09.2016 ж   2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Тоғансай 107 43 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Бақырша 116 45 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Шаян 632 40 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
Монтайтас 5765 50 2 10:00 Касымов А Chevrolet Niva 515 AU 13  
  жалпы   14 19620 981   28        

 

Қазақстандықтар тұрғылықты жеріне

тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алады

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған ХҚКО-ларында қазақстандықтар автомектептерде оқымай және тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алатын өзгерістер күшіне енді. Жаңа қағидалар «А» және «В» санатындағы, сондай-ақ «А1» және «В1» кіші санатындағы жүргізуші куәліктеріне таратылады.  

Азаматтар үшін жүргізуші куәліктер алу процедураларын жеңілдетін өзгерістер көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа енгізілді.   «Егер бұрын мысалы, сіз Петропавл қаласында тіркелген болсаңыз, жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін тұрақты тіркелген жеріңізге баруыңыз керек еді, енді сіз өзіңізге ыңғайлы қаланың мамандандырылған ХҚКО-да ала аласыз», - деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков айтады, - «Жаңа енгізілім қызметті алушылардың уақыты мен қаржысын маңызды үнемдеуге жол береді».

Жүргізуші куәлігін алу үшін 083/У нысанындағы медициналық анықтаманы ұсыну қажеттігін естеріңізге саламыз. Айтпақшы, қазақстандықтар медициналық қараудан мамандандырылған ХҚКО-лардың ғимараттарында өте алады, онда бұл үшін арнайы медициналық кабинеттер, сондай-ақ психиатр мен наркологтың кабинеті жұмыс істейді.    

Үміткер жүргізуші куәлігін алғаш рет алған кезде екі емтихан тапсырады. 40 сұрақтан тұратын теоретикалық емтихан және автодромда 12 жаттығудан тұратын практикалық емтихан. Әрбір үміткердің емтиханды 3 ретке дейін тапсыру мүмкіндігі бар. Әрекеті үш рет сәтсіз болған жағдайда, кандидат соңғы емтихан өткізілген күннен бастап алты айдан кейін келесі емтиханға жіберіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 11 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, олар Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай және Ақтөбе қалаларында. Жылдың басынан бастап жүргізуші куәліктерін беру бойынша 94 636 қызмет көрсетілді.  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 55 85 99

Мобильдік ХҚКО құрамына еңбек комитеті және жұмыспен қамту

басқармаларының өкілдері қосылды

Шалғай ауылдық округтерінің халқына ыңғайлы болу үшін құрылған Мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетілетін кеңестердің ауқымын кеңейтті.  Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы департаменттерінің қызметкерлерімен бірге еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері шығатын болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттік қызмет қазақстандықтарға мобильдік ХҚКОлары арқылы қолжетімді. Жобаны іске қосқан сәттен бастап 66 бірлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттік қызметтерді ғана алып қоймай, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелері бойынша да кеңестер алды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбділмановтың айтуы бойынша мобильдік ХҚКОлар жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша бекітілген кестелер бойынша шығады. «Мобильдік ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған болатын. Көрсетілетін қызметтердің ауқымы мен сервистерін кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшін неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай ішінде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елді мекенді қамтыды», - дейді Әбділманов.

 Республиканың 14 өңірінде 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдік ХҚКОлар 127 063 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Сапарлар кестесін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкімдіктердің және өңірлік БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтеміз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 55 85 99

Тілге құрмет – елге құрмет.

Тілді өркендету – баршаның ісі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым.

 Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назарда ұстап келеді.  Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді. Негізгі мақсаты - өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін жеке тұлға қалыптастыру.

Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы"

КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан

облысы бойынша филиалы -  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арыс қалалық. Бөлімі басшысы                                                                                             

                                                   А.А. Касымов

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша, қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 530 ден астам қызметкері қатысты.   

«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік қазақстан облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Серік Авганбайев – Бүгін біз облыстық орталықтардың аумақтарын тазартуға және ағаштар отырғызуға қатысып қана қоймай, сондай-ақ  бұрын жеке-жеке жұмыс жасаған төрт ұйымның ұжымын біріктірдік.

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, қалалалық бақтары мен саяжайларын тазартып, 100 астам көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді.

«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», - деді  «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК департаментінің қызметкері Үсенбек Байкен. – Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны көбейгенін 20 мың адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды».

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.

Баспасөз қызметі

Дербес несие есебі

Бүгінгі таңда, несие тарихы қаржылық төлқұжат ретінде банктер мен несиелік ұйымдарда азаматтардың несие алуы үшін кредиттеу барысында, шешім қабылдау кезінде қажетті құрал ретінде қолданылады. Несие алушылардың несие тарихы және басқа да мәліметтері бірінші бюрода сақталады.

Арнайы дербес несие есебі несие алушының барлық кредиттік міндеттемелері туралы ақпараттық жиынтықтарды құрайтын құжат болып табылады. Сонымен қатар, бұл құжатта несие алушының банктен алған ақшаның өтелуі мен уақыты, көрсетілген мерзімде төлемдердің төлегендігі, өтеу мерзімін өткізіп алғандығы және несиенің жабылғандығы туралы мәліметтері сақталады.

Арнайы дербес несие тарихы туралы есепті азамат ҚР жеке куәлік немесе төлқұжатын ұсына отырып, 15 минут ішінде алуына болады. Бұл аталған қызметті азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кез келген  Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады.  Арнайы дербес несие тарихы туралы есепті азаматтар жылына бір рет тегін алуына болады. Егер де азамат бір жылда осы қызметті екінші рет алатын болса, ақылы түрде жүзеге асады. Мемлекеттік қызмет көрсету құны 400 теңге. Бұл қаражатты Электронды Үкімет порталының төлем шлюзі арқылы төлеуіне мүмкіндігі бар.

ОҚО ХҚКО арқылы 2016 жылдың басында 1609 азаматқа несиелік деректер тарихы берілген.

Т.А.Ә.

Лауазымы

Айлық табысы (теңге)

Жылжымайтын мүлкі

1

Касимов Адилет Амангельдиевич

Бөлім басшысы

117 500

ОҚО, Арыс қаласы, Төле би № 58 үй.

2

Алимсакова Бибинур Ергешбаевна

Реттеу зал басшысы

71 954

Жоқ

3

Скаков Айдар Ермекович

Инспектор

66 939

Жоқ

4

Купекова  Акмарал  Амангелдиевна

Инспектор

66 939

Жоқ

5

Байжекеев Берик Асанович

Инспектор

66 939

Жоқ

6

Сейдахметов Берик  Серикболович

Инспектор

66 939

Жоқ

7

Сапарбеков Максат Аныкбаевич 

Инспектор

66 939

Жоқ

8

Исаева Венера Ермековна

Инспектор

66 939

Жоқ

9

Юнусова Галия Нуриддиновна

Инспектор

66 939

Жоқ

10

Алдабергенова Бахыткуль

Инспектор

66 939

ОҚО, Арыс қаласы, Сырдария ауылы, Уалиханов № 21 үй.

11

Толстых Алена Валерьевна                       

Инспектор

66 939

Жоқ

12

Адамбеков Батырбек Сагынбекович

Инспектор

66 939

Жоқ

13

Шойтасов Азамат Ерикович

Инспектор

66 939

Жоқ

14

Абдикова Макпал Темирхановна

Инспектор

66 939

Жоқ

15

Бибасарова Жанат Есембековна

Инспектор

66 939

Жоқ

16

Аширбекова Жадыра Айтбаевна

Инспектор

66 939

ОҚО, Арыс қаласы,

МПС 22 үй, 5 пәтер.

17

Алимбаев Орынбасар Нуржанович

Инспектор

66 939

Жоқ

18

Сералиева Кулназ Орынбасаровна

Инспектор

66 939

Жоқ

19

Тулебекова Галима Алдабергеновна

Инспектор

66 939

ОҚО, Арыс қаласы, Майлы қожа 20 үй.

ОҚО, Арыс қаласы, МПС 53 үй 11 пәтер

20

Умиров Бахытжан Бахтыбаевич

Инспектор

66 939

Жоқ

21

Наушабекова Жулдыз

Инспектор

66 939

ОҚО, Арыс қаласы, Б.Әбдіразақов 47 үй, 16 пәтер

22

Ханасилов Манас Муратович

Инспектор

66 939

Жоқ

23

Сатбаева Салима Абдумаликовна

Инспектор

66 939

Жоқ

24

Ақпанов Бекболат Бахытжанұлы

Инспектор

66 939

Жоқ

25

Жунусбеков Алтынбек Сейдакбарович

Курьер

66 939

ОҚО, Арыс қаласы, К.Омаров № 90 үй.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз жұмысын бастады

«Жер кадастры­ның ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жыл­жымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы тө­леу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК–лерін  қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірден бастап өз қызметін бастады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі  корпорацияны құру бойынша ішкі құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиісті уәкілетті органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қатысты 140-тан астам нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады.

Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басты ерекшелігі, барлық бизнес-үдерістерді автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Біріктірілген кәсіпорындарға  ХҚКО-лардың  қолданысындағы  қызмет көрсету мониторингі мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС- хабарлау, кедергісіз қызмет көрсету, кезекті броньдау сервисі тәрізді  мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары енгізілген.

Корпорацияның көрсететін қызметтер санының едәуір артуына байланысты, корпорация құрамына кірген барлық кәсіпорындардың 3 600 қызметкеріне оқыту-үйрету жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлердің жұмысының нәтижелілігін анықтау үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштері бекітілді (КРІ).

Мемлекеттік корпорация қызметіндегі жаңалықтардың бірі -  қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеуді жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгізілген ақпараттық жүйенің арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етілетін құжаттар едәуір қысқарады.

Азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі де әртүрлі араналар арқылы - қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы,  сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының көмегімен, электрондық және мобильдік үкімет арқылы қаматамасыз етіледі. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді ХҚКО-лар жұмыс істейтін болады.

 

ҚР ИДМ  БААК

Баспасөз қызметі

Тел.: 74-03-43

22.04.2016

ХҚКО хабарлайдысот органдарынан шыққан ресми  құжаттарға  апостиль қою

Қазақстандықтарға сот органдарынан келіп түскен ресми құжаттарды  астанаға бармай ресмилендуруді қолайлы ету үшін, оның заңды күшін басқа мемлекетте растайтын арнайы мөртаңба қойылған құжаттарды алу үшін  Сізге  жақын жерде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына барып,  «Сот органдарынан келіп түскен ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш толтыру керек және 0,5 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу керек. 

Өзіңізде жеке куәлік пен апостиль қоюға арналған құжаттың түпнұсұқасы болуы қажет. Ал егер ХҚКО үшінші тұлға жүгінген жағдайда нотариалды расталған сенімхат болуы шарт.

 Мемлекеттік қызметтерді  көрсету мерзімі – 20 күнтізбелік күн, ал егер сіз оны Астана қ. ХҚКО арқылы ресімдеген болсаңыз – 1 жұмыс күні.

«ХҚКО»  ОҚО баспасөз қызметі

ХҚКО хабарлайдыжобалық қызметке лицензия беру 

«Жобалық қызметке лицензяи беру» мемлекеттік қызметін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ала аласыз. Ол үшін инспекторға жеке куәлік  және мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз жөнінде түбіртекті  ұсынуыңыз қажет. Сонымен бірге, толтырылған  өтінішке  біліктілік талаптарына сәйкес укелу туралы мәліметтері бар үлгі бекітіледі. Филиал немесе шетелдік тұлға көмегімен жүгінген жағдайда І, ІІ санаттағы лицензияларды алу қажет болған кезде  жобалық қызметке шетелдік тұлға үшін тиісті расталған шетел мемлекетінің тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі болу керек.

 Жоғалған жобалық қызметтің лицензиясын  (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса) ХҚКО арқылы қалпына келтіруге болады.

 «Жобалық қызметке лицензяи беру» мемлекеттік қызметін ресімдеу үшін төлем 10 АЕК құрайды,  лицензияның телнұсқасын беру – лицензяи беру кезіндегі ставканың 100%, лицензияны қайта ресімдеу үшін – 4 АЕК артық емес төлем алынады.

 Лицензия алушы - заңды тұлғаны  қайта құру кезінде лицензияны беру және қайта ресімдеу  мерзімі және санатты тағайындаумен лицензияны қайта ресімдеу кезінде 15 жұмыс күнін құрайды.  ЖК  қайта тіркеу, оның атауы немесе заңды мекенжайы  ауысқан кезінде, атауының өзгеруі мен лицензия алушы – заңды тұлғаның заңды мекенжайын анықтау кезінде,  лицензия алушы – жеке  тұлғаның ТАӘ өзгерген кезде лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күнін, лицензия телнұсқасын беру – 2 жұмыс күнін құрайды.

 

«ХҚКО»  ОҚО баспасөз қызметі

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз мемлекеттік қызмет алуы бағытында жүйелі жұмыс жасауда.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз мемлекеттік қызмет алуы бағытында жүйелі жұмыс жасауда. Міне, бүгін осы мақсатпен Шымкент қалалық Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері Облыстық мүгедектерді оңалту орталығының келушілері үшін оқыту семинарын өткізді. Семинардың тақырыбын оңалту орталығының келушілері өздері таңдады: «Электрондық Үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу».

«ХҚКО» қызметкерлері ЭЦҚ көмегімен электрондық үкімет порталы арқылы қандай мемлекеттік қызметтерді алуға болатындығы туралы айтып, слайдтың көмегімен көрсетті. Сондай-ақ, мобильді үкімет пен мобильдік қосымшаның мүмкіндіктері және мобильдік оператордың SIM-картасына электрондық цифрлық қолтаңба жазудың мүмкіндіктері туралы мағлұмат берді.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы қазаннан бастап 1 және 2 топтағы мүгедектер мемлекеттік қызметті үйінде отырып-ақ ала алады. Ол үшін 1414 бірыңғай нөмірі бойынша хабарласып өтініш қалдыру қажет. ХҚКО қызметкерлері өтініш берушімен хабарласып мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынады және қызметалушыға ыңғайлы уақытты белгілейді. Мобильдік топ қызметті көрсету үшін 72 жұмыс сағаты ішінде үйге шығып, құжаттарды қабылдау мен беруді жүзеге асырады. Ал, қызметалушының қалауына қарай оның интернет желісіне қосылған компьютері болса, ХҚКО қызметкері ЭЦҚ жазып, портал арқылы өздігінен қалай мемлекеттік қызметтерді алуды да көрсетеді.

«ХҚКО»  ОҚО баспасөз қызметі

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1, 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында алу мүмкіндігіне ие

Жылдың басынан Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 485 рет сапарға шығып,  700 астам мемлекеттік қызмет түрі үйге бара отырып көрсетілді.

Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз мемлекеттік қызметтерді ешқандай тосқауылсыз алуына барлық мүмкіндіктерді қарастырудамыз. ХҚКО-ларға «кедергісіз» кіру үшін пандустар мен шақыру батырмалары орнатылған. 1, 2 – топтағы мүгедектерге үйлеріне барып қызмет көрсетудеміз. Сонымен қатар, мүгедектердің компьютерлік сауатын ашып, көрсетілетін қызметті өз ыңғайына қарай пайдалана алуы үшін электронды үкімет порталымен жұмыс істеуді үйретудеміз.

«Үйде көрсетілетін қызметтердің ішінде мекенжай анықтамалары, жылжымайтын мүлкінің жоқ/бар екендігі туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар көп сұранымға ие. Сол сияқты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алу және кезекке қою, төлқұжаттар мен жеке куәліктер ресімдеу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу сияқты қызметтерге де сұраныстар түседі», - дейді «ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Серік Авганбайев.

ХҚКО- ның ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтерін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414»  бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалсаңыз болады. Осылайша сіз қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес алып, өзіңізге керекті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері Сізге хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 72 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.  

 

«ХҚКО» РМК ОҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

ХҚКО-лар 2015 жылы 35 млн-ға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетті

2015 жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары 34,8 млн. (2014 жылы 29 млн. қызмет), оның ішінде 24,5 млн. электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетіп, өз жұмысының барлық негізгі көрсеткіштерінің өскендігін көрсетті.

Бұл ретте, ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының өсуі жалғасуда, мысалы, 2015 жылдың ішінде ХҚКО-ларға 21 жаңа қызмет берілді және бүгінгі таңда олардың саны 212-ге жетті. Жаңа қызметтер қатарында жетім-балалар мен ата-анысының қамқорынсыз қалған балалардың қорғаншылары мен қамқоршыларына жәрдемақы тағайындау, жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу және т.б.  

Инвестиция және даму вице-министрі Сәкен Сәрсеновтың айтуы бойынша, бекітілген қызметтерден басқа ХҚКО-ларда бас прокуратураға талап арыздарды, «сот кабинеті» арқылы сотқа құжаттарды, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына өтініштерді беру бойынша пилоттық жобалар іске қосылған. «Азаматтардың ХҚКО арқылы фитосанитарлық және карантиндік сертификаттарды алу мүмкіндігі пайда болды.

2015 жылғы наурыздан бастап «ХҚКО» РМК, ЗТМО және «Қазпочта» АҚ арасындағы үш жақты меморандумның арқасында шалғай ауылдық елді мекендердің тұрғындары тек Мобильдік ХҚКО көрсететін қызметтерді ғана емес, сонымен бірге жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін тағайындау,  сондай-ақ оларды тағайындау үшін шоттар ашу сияқты әлеуметтік маңызды қызметтерді ала алады. Жыл басынан бастап мобильдік ХҚКО-лар шалғай ауылдық елді мекендерге 13 мыңнан астам сапарға шықты және 444 мыңнан астам қызмет көрсетті. Сондай-ақ мобильдік ХҚКО-лардың сапарға шығу кестелері қайта қаралды, оның арқасында елді мекендерді қамту саны артты.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін барлық мамХҚКО-ларда «шоферлік комиссиясы» іске қосылған, ол арқылы автокөлік иелері «083У» анықтамасын бір кешеннің аумағында ала алады. Вице-министр бір жыл ішінде мамХҚКО-ларда 2 862 жоғары сұранысқа ие  нөмірлер сатылғанын, оның нәтижесінде мемлекет бюджетіне 923 млн-нан астам теңге түскендігін атап өтті.   

Қазан айында Астана және Алматы ХҚКО-ларында мобильдік ЭЦҚ-мен SIM-карталарды сату бойынша пилоттық жоба бастау алды.  Оларды пайдалану азаматтарға ең қарапайым батырмалы телефон арқылы мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүліктің барлығы (жоқтығы) туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларын және өзге де қызметтерді алуға жол береді. Айта кетсек,  Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарының  21 желтоқсаннан бастап ЭЦҚ-мен SIM-карталарды сатып алу мүмкіндігі пайда болды.

«Conneсtion point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысына аса көңіл бөлінеді. 2015 жылы  «Conneсtion point» 7 млн. астам электрондық анықтамалар берілген. Ал азаматтарды порталмен жұмыс істеуге оқытудың арқасында электрондық үкімет порталының халық арасындағы танымалдығы маңызды артты. Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаны жыл басынан бастап 3 млн. астам пайдаланушы алды.  

Қазақстан ХҚКО-ларында сурдоаударма тілін 696 қызметкер игерген, қазіргі уақытта ір ХҚКО-да ыммен сөйлесуді игерген 2 қызметкер жұмыс істейді, ал 1 және 2 топ мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ХҚКО қызметкерлері үйіне келеді. Жыл ішінде 30 мыңнан астам мүгедек үйде қызмет алған.  

Сонымен бірге, азаматтарға ыңғайлылық үшін кейбір ХҚКО-лар жаңа ғимараттарға көшірілді, бұл тұрақтар, жайпақ пандустар мен тар үй-жайлардың мәселелерін шешуге көмектесті. Қалалардың жаңа аудандарында ХҚКО бөлімдері ашылды.  Мысалы, Шымкент қаласының Қаратау ауданында, Алматы қаласының Наурызбай ауданында және т.б. Желтоқсан айында Қостанай мен Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО іске қосылды, әр қайсысында автоматтандырылған автодромнан басқа «А» санатын алуға емтихан тапсыруға арналған алғашқы автоматтандырылған мотодром салынған. Осылайша, елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарының саны 270-ке артты.

            Сондай-ақ, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде «жасырын сатып алушы» әдісімен өткізілген әлеуметтік зерттеудің екінші кезеңінің қорытындысын шығарды. Зерттеу нәтижелері халық арасында ХҚКО қанағаттану деңгейі 85%-ға жеткендігін көрсетті.

 

Шымкенттің Абай ауданында тағы бір ХҚКО ашылды

Енді Шымкент тұрғындары Қызылжар шағын ауданы, Хамза көш., 33 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығында барлық қажетті анықтамаларды алып, құжаттарды ресімдейтін болады.Жаңа ХҚКО есептей келгенде Шымкент ауданының Абай ауданындағы екінші ХҚКО болып отыр, бұған дейін аталған ауданда Мәделі қожа көш., 1Г мекенжайы бойынша тек бір ғана Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасаған болатын.

«ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Серік Авганбайевтың айтуына қарағанда екінші ХҚКО құру қажеттілігі Абай ауданының ХҚКО-сына келушілер санының артуымен байланысты туындап отыр. «Аталған ауданның халық саны 200 мыңнан астам адамды құрайды және олардың барлығы бір ғана ХҚКО-ға жүгінеді, бұл оған көп жүктелім түсіреді. Енді бұл проблема шешіледі деп ойлаймын және екінші ХҚКО-ның ашылуы мемлекеттік қызметтерді барынша жедел көрсетуге және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

Жаңа ХҚКО-да 35 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау мен беру үшін 20 жұмыс орны жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, Авганбайевтың айтуынша, көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға баса назар аударылды: ХҚКО жаңа жиһазбен жабдықталды, 30 автомобильге арналған тұрақ бар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жайпақ пандус қарастырылған, шақыру батырмасы жұмыс істейді.

Жаңа ХҚКО есептей келгенде Шымкенттегі 7-інші ХҚКО болды. Бұған дейін қалада 6 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайтын.

Айта кетейік, 12 айда Шымкенттің ХҚКО-ларында 1,6 миллион мемлекеттік қызмет ұсынылды, оның ішінде 1,1 миллионнан астам қызмет – электрондық нысанда көрсетілді.

Анықтама ретінде:

Абай ауданының № 7 ХҚКО бөлімі Шымкент қ., Қызылжар шағын ауданы, Хамза көшесі, 33 мекенжайы бойынша орналасқан.

Жұмыс кестесі: ДС-СБ, сағат  9.00 минуттен сағат 20.00 минутке дейін, үзіліссіз.

 

Астана қаласының 2 ХҚКО-сында пилоттық режимде Инвесторларға қызмет көрсету секторлары жұмыс жасай бастады

Инвесторларға қандай да бір мемлекеттік қызметті алу үшін түрлі ұйымдарға барудың қажеті жоқ, «бір терезе» қағидаты арқылы барлық рұқсаттар мен лицензияларды алуға болады, бұл инвесторларға артылатын төрешілдік және әкімшілік жүктелімдерді айтарлықтай қысқартады.

Инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдету инвесторларға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін «бір терезе» қағидатын енгізудің арқасында мүмкін болды.

Қазіргі уақытта, «Транспорт Тауэр» ғимаратында инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Енді Астана қаласында ХҚКО-лардың базасында Инвесторларға қызмет көрсету секторлары пилоттық режимде қосымша жұмыс жасайтын болады.  Қаңтардан бастап бұл жоба 19 ХҚКО-да іске қосылатын болады, олардың қатарында Астана, Алматы және облыстық орталықтардың ХҚКО-лары бар.

2015 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған бұл механизм басым инвестициялық жобаларды іске асыратын инвесторлар үшін ғана қолжетімді болатын. Бірақ 2016 жылы барлық рұсқат беру құжаттарына кеңес беру мен оларды алу үшін өз бизнесін кеңейтуге шешім қабылдаған кез келген инвестор жүгіне алады.

Инвесторға өз сұрау салуы бойынша құжаттар топтамасын дайындау ғана керек, ал қалған барлық процессті Инвесторларға қызмет көрсету секторлары орындайды және бақылауға алады. Енді әкімшілік инстанцияларды өз бетінше өтудің қажеттілігі жоқ. Белгіленген уақытта барлық құжаттар дайын болады және инвесторға табыс етіледі.

Инвесторлар үшін «бір терезе» онлайн сервисін автоматтандыру мен қамтамасыз етудің ресурсы болып “isc.baseinvest.kz” сайты табылады, онда инвестор тіркеліп, ақпарат ала алады, сондай-ақ құжаттарды беру процесін online режимінде қадағалай алады.  

Сол сияқты, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Комитетінің Сall center жұмыс жасайтын болады, ол арқылы инвестор ақпараттық және консультациялық қолдау алады. Сallcenterтелефоны: 8(7172) 75-45-40.

Некені онлайн –режимінде тіркеу

Ақпараттық-инновациялық технологиялармен халыққа  электронды қызмет көрсету дамыған ғасырда онлайн-режімде өтініш бере отырып, некені электронды түрде тіркеу ісін жетілдіруге мүмкіндік туды.

            Некеге онлайн режимінде тіркеу, тек Қазақстан Республикасының азаматты бірінші рет некеге тұратын, балалары жоқтар қолдана алады.

Некені онлайн-режімде тіркеуге арналған өтінішті беру үшін  электронды цифрлық қолтанба (ЭСҚ) болуы қажет. Екінші немесе одан да кейінгі некелерді тіркеуге арналған өтінішті электронды үкімет порталы арқылы бере  алмайсыз. Алайда, электронды өтініш  беру некеге тұру туралы қағаз жүзінде өтініш беру мүмкіндігін шектемейді. Некеге тұруды тіркеуге арналған өтініш www.egov.kz  электронды үкімет порталында толтырылады және некеге тұратын тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес басқа да  мәліметтерді қамтиды. Некені тіркеуге арналған онлайн өтінішті некеге тұрудың жоспарланған датасына дейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде беру керек. Өтінішті толтыру рәсімі өткеннен кейін өтініш иелері АХАТ қызметінің өтінішті қабылдағандығы туралы хабарлама алады. Электронды өтінішті алған  соң әділет органы толтырылған өтінішті тексере отырып, некені  тіркеудің уақытын, күнің және орнын көрсетеді. Некеге тұруды тіркеу үшін алынатын мемлекеттік баж салығын төлеуді электронды үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі жүйесі арқылы жүзеге асыруға болады.  Некені тіркеу үшін онлайн-төлемді өтініш берушілердің біреуі төлейді.

 Сонымен, некеге тұруға ниет білдірушілер үйден шықпай- ақ, некеге тұру туралы электронды өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі сұрақтарыңыз болса жергілікті жердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе бірыңғай байланыс орталығы: 1414 телефоны арқылы тегін анықтама ала аласыз.

 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет.

Елбасы «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында барлық азаматтарды мүгедектерді жан-жақты қолдап, олардың проблемаларын оң шешуге атсалысуға шақырды. Президент мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін ескертті. Олар үшін Қазақстанның кедергісіз аймаққа айналуы қажеттігін айтты. Осындай бастаманың бірі ретінде I-II топ мүгедек жандарға қызмет көрсету мәселелері бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйлерінде бірыңғай байланыс орталығы 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерге өтініш бере алады. Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып 1414 кеңесшісі 10 минуттың ішінде тұтынушының Т.А.Ә қабылдау күнін, мемлекеттік қызмет түрін, тұрақты тұратын жерін, байланыс телефонын базаға енгізіп, өтінішін қабылдап, тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу үшін қандай құжаттарды ұсыну керектігін айтады. Бірыңғай байланыс орталығының кеңесшісі РМК-ның Халыққа қызмет көрсету орталығының жауапты қызметкеріне жібереді.

Мүмкіндігі шектеулі 1 және 2 топ мүгедек азаматтарға жауапты маманы келіп түскен өтініш иесіне хабарласып баратын уақыты мен келісіп, алынып жатқан мемлекеттік қызмет түріне қандай құжаттардын керек екендігі туралы толық мағлұмат беріп 72 сағаттың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уйлеріне барып Халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы арқылы қабылданып дайын болған құжаттарды мобильді топ арқылы апарып береді. Тұтынушының келісімімен Электронды Үкімет Порталы арқылы берілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау»

Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде. Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады.

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі.

Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз:

1) сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);

4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

5) мүгедектігі туралы анықтама;

6) банктегі шоттың болуы туралы құжат;

7) сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

ХҚКО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттікқызметтеркөрсетумәселелеріжөніндегіақпаратты – 1414 нөміріненбілсеңізболады.

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ

ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Жылжымайтын мүлік құжаттарын ресімдеу қажеттілігіне тап болғанда, меншік иесі мынадай сұрақпен кезігеді: техникалық төлқұжат ресімдеу процедурасы қалай жүзеге асырылады? Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатының бар болуы жылжымайтын мүлік нысанының иесінің мәртебесін растау үшін қажет. Ол құжатсыз сату, жалға беру және кепілге беру мүмкін емес.

Техникалық төлқұжат — бұл үйдің физикалық күйін көрсететін ақпараттық-анықтамалық құжат. Техникалық төлқұжатта үй-жайдың ауданы, бөлмелердің саны, үй-жайдың қабырғалары қандай материалдан жасалғаны туралы мәліметтер, барлық техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары көрсетілген.

Техникалық және сәйкестендіру сипаттамаларын анықтауға бағытталған және техникалық төлқұжатты алуға қажетті барлық жұмыстар алғашқы және кейінгі бақылауға бөлінеді.

Алғашқы бақылауға жаңа жылжымайтын мүлік нысандары жатады. Оның нәтижелері бойынша техникалық төлқұжат жасалады.

Кейінгі бақылау жылжымайтын мүлік нысанының сәйкестендіру және техникалық сипаттамаларының өзгеруі немесе қайта жабдықтау жағдайында жүргізіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспортты беру» мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс: Жеке куәлігі және жылжымайтын мүлік объектісінің құқығын анықтайтын құжаттар. Қызмет-ақылы. Төлем өтініш берген кезде және дайын техникалық паспортты алған кезде қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі.

Сонымен бірге бұл қызметті Электрондық Үкімет порталында, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай өз компьютеріңізде отырып алуға болады. Осы үшін тиісінше, ғаламторға шығып, порталға тіркелу керек және өзіңізде электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болуы шарт. Құжаттар тізімі ХҚКО ұсынатын құжаттармен бірдей, тек электрондық үлгіде ұсынылады.

Қызметті көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:

1) пәтерге, жатаханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт 3 жұмыс күні ішінде беріледі;

2) жеке тұрғылықты үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт 7 жұмыс күні ішінде беріледі;

3) жалпы алаңы 1000 шаршы метр жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт 10 жұмыс күні ішінде беріледі;

4) жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт 20 жұмыс күні ішінде беріледі.

Осы қызметті ресімдеген кезде тұтынушы техниктердің мамандарымен байланысқа шығуы және олардың үйге бару уақыты жөнінде келісіп алуы үшін деректерді дұрыс көрсету қажет.

Мобильді үкімет қосымшасы

Мобильдік үкімет — халыққа қызметтерді ұсынудың қосымша каналы. Қызметті енді смартфондар, планшеттер, сондай-ақ дәстүрлі телефондар арқылы алу мүмкіндігі бар. Мобильдік үкімет – жасына, әлеуметтік мәртебесіне, біліміне және тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың үлкен санымен өзара байланысқа арналған қолайлы жол, себебі ол жаппай қол жетімді.

Мобильдік үкіметтің қызметтерін және сервистерін пайдалану үшін, сізге азаматтардың Мобильдік базасында тіркелу қажет. Тіркеу мыналар арқылы қол жетімді :

1.www.egov.kz электрондық үкімет порталы

2.ҚР халыққа қызмет көрсету орталықтары

3.egov.kz мобильдік қосымшасы

«Мобильдік үкімет» пайдаланушысы бола отырып, сіз:

мемлекеттік деректер қорынан өз дербес деректеріңізді қарай аласыз, ол – мобильдік жеке кабинет деп аталады. Мобильдік жеке кабинетте сіз ақпаратты көре аласыз:

1.сіздің орналасқан орныңыз туралы;

2.тұрғылықты және тіркелген мекенжайлары;

3.жеке басты куәландыратын құжаттардың деректері;

4.заңды тұлғаларға қатысу айғағы;

5.некені тіркеу туралы мәліметтер;

6.әлеуметтік мәртебесі;

7.сіздің жылжымайтын мүлкіңіз туралы мәліметтер;

8.жүргізуші куәлігінің деректері;

9.сіздің ЖСН тіркелген лицензиялар бойынша мәліметтер;

10.көліктік ақпарат;

11.ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдардың болуы/болмауы.

Өз ұялы телефоныңа хабарламалар алу, мысалы : ХҚКО және «электрондық үкімет» порталында құжаттардың дайын екендігі туралы, ЖҚЕ бұзылуы және айыппұл сомасы туралы, сондай-ақ т.б. туралы;

сонымен қатар, мобильдік үкімет пайдаланушылары, мобильдік қосымшаны жүктеместен ақпаратты SMS-хабарлама арқылы ала алады, келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін 1414 қысқа нөміріне мәтін жіберу қажет:

1.1414 «автомобиль техтексеріс нөмірі» мәтінін жіберіп, техтексерістен өтудің қолданыс мерзімдерін қарау;

2.1414 «тұрғын үйге кезек ЖСН» мәтінін жіберіп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезек нөмірін қарау.

Мобильді үкімет қосымшасын жүктеу және толық ақпарат үшін аудандық ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторының» инспекторларына жолығуларыңызға болады.

«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жер құрылысы жобаларын бекіту».

Бүгін жер қатынастары бағыты бойынша қызметтерді алу үшін тікелей қызмет берушіден ғана емес, сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да алуға болады, ал ЭЦҚ болған жағдайда оларды электрондық үкімет порталында онлайн тапсырыс беруге болады.

Оның бірі тұрғындар арасында жиі кездесетін «Жер учаскелерін қалыптасытру бойынша жер құрылысы жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі.

Инспекторға тиісті құжаттар пакетін тапсыру үшін сізге 15 минут қажет. Құжаттар ішінде өтініш, жеке куәлік, жер құрылысының жобасы, жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жерді қолдану құқығын сұрату кезіндегі жер учаскесін ұсыну туралы комиссияның оң қорытындысының көшірмесі болу қажет. Егер қызметті сенімді тұлға алатын болса, онда сенімхат қажет. Егер сізде ХҚКО келу үшін уақытыңыз болмаған жағдайда, қызметте электрондық үкімет порталының е-лицензиялау бөлімінің «Ауыл шаруашылығы» қосымша бетінен алуға болады. Сіздің ЭЦҚ бекітілген онлайн-өтінішіңізге бөлімдегі инспекторға ұсынатын құжаттарыңызды электрондық түрде ұсынуыңыз қажет.

Дайын құжаттарды 7 жұмыс күні өткеннен кейін алуға болады. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Сонымен бірге қызметті өзбетінше Connection Point секторында Электрондық үкімет порталында онлайн ресімдеуді байқап көруге болады. Ең бастысы электрондық-цифралық қолтаңба болса болғаны.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1,2 топтағы 52 260 мүмкіндігі шектеулі азаматтармемлекеттік

қызметтерді үй жағдайында алу мүмкіндігіне ие

Енді мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйден шықпастан құжат толтырып, орталық қызметіне жүгіне алады. Жылдың басынан Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі 230 тұрғын мемлекеттік қызметтерді үйлерінен шықпастан алды. Облыс бойынша 275 мемлекеттік қызмет түрі үйге бара отырып көрсетілді. Өтінімдердің басым бөлігі Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларынан келіп түсті.

Мүгедектерге үй жағдайында қызмет көрсету мәселесі ХҚКО облыстық филиалының өкілдері және мүгедектерді оңалту орталығының өкілдерінің қатысуымен  өткен дөңгелек үстел барысында талқыланып, қолға алынған.

«Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз мемлекеттік қызметтерді ешқандай тосқауылсыз алуына барлық мүмкіндіктерді қарастырудамыз. ХҚКО-ларға «кедергісіз» кіру үшін пандустар мен шақыру батырмалары орнатылған. 1, 2 – топтағы мүгедектерге үйлеріне барып, есту қабілеті нашар азаматтарға SMS көмегімен қызмет көрсетудеміз.Сонымен қатар, мүгедектердің компьютерлік сауатын ашып, көрсетілетін қызметті өз ыңғайына қарай пайдалана алуы үшін Электронды үкімет порталымен жұмыс істеуді үйретудеміз.

Үйде көрсетілетін қызметтердің ішінде мекенжай анықтамалары, жылжымайтын мүлкінің жоқ/бар екендігі туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар көп сұранымға ие. Сол сияқты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алу және кезекке қою, төлқұжаттар мен жеке куәліктер ресімдеу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу сияқты қызметтерге де сұраныстар түседі.» — дейді «ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне барып қызмет көрсету, қызметін қадағалауға жауапты қызметкер Даурен Мауленов.

«ХҚКО- ның ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтерін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414»  бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалсаңыз болады. Осылайша сіз қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес алып, өзіңізге керекті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері Сізге хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 72 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.»

ОҚО тұрғындарының назарына!

«Әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру»

Бұл анықтаманы зейнеткерлікке шыққан кезде ҚР азаматтарынан талап етіледі. Анықтамада азаматтың қай уақытта қызмет өткергены, қай жерден шақырылғаны, әскерге қашан шақырылғаны, әскери шені және қай әскери бөлімде қызмет өткергені жазылады.

ОҚО бойынша барлық ХҚКО-ның бөлімдерінде «Әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру» қызметі туралы анықтаманы алу мүмкіндіктері бар.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы 11наурыздағы №219 қаулысымен бекітілген стандартына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет Қорғаныс министрлігімен атқарылады. Тұтынушылар құжаттарды «ХҚКО»-да немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өткізе алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: құжаттарды ресімдеу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;

Анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды.

Жақын шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтама беру мерзімі 180 (жүз сексен) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың топтамасы:

1.  Өтініш; Жеке куәлік (көшірме және түпнұсқа);Әскери билет (түпнұсқа);

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1,м топтағы мүмкіндегі шектеулі азаматтар

мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында алу мүмкіндігіне ие

Енді мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйден шықпастан құжат толтырып, орталық қызметіне жүгіне алады.

 «ХҚКО-ның ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтерін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414» біріңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Осылайша сіз қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес алып, өзіңізге керкті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз. Осыдан кейн ХҚКО қызметкерлері Сізге хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін мемлекетті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 72 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады».

Сонымен қатар ескеретін жайт, «Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз мемлекеттік қызметтерді ешқандай тосқауылсыз алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған». ХҚКО-ларға «кедергісіз » кіру үшін пандустар мен шақыру батырмалары орнатылған.

ХҚКО хабарлайды!

Салық төлеушінің ең басты міндеті салық пен өзге де міндетті бекітілінген заңнамаға сәйкес, бюджетке төлемдерді уақытылы және толықтай төлеу болып табылады. Уақытылы төлем жүргізу, мемлекет алдындағы қарызыңыз қандай және оны қайдан анықтауға болады?

Қажетті ақпараттарды Салық басқармасы, ХҚКО-тары және «Электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады. Бүгінде бұл қызмет ХҚКО және «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады. .

«Салықтық қарызы, міндетті зейнеткерлік төлемі, міндетті кәсібилік зейнеткерлік төлемі мен әлеуметтік төлемдерді дербес шоттан шешу, салықтық міндеттердің жағдайы бойынша қарыздар, сонымен қатар зейнеткерлік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және әлеуметтік төлемдерді есептеп шығару туралы мәліметтерді ұсыну» мемлекеттік қызметі 5,3 және 2 жұмыс күн ішінде, сұраныстың түріне байланысты көрсетіледі.

ХҚКО арқылы анықтамаларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, себебі, қызмет алушының өтініші мен құжаттары қағаз тасығышта қаралады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

  1.  анықтамаларды беру;
  2.  көшірмелерді беру;

3. немесе қызмет алушының лауазымдық тұлғасының куәландырылған электрондық сандық қолы, электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауабы болып табылады.

Қызмет алушының лауазымдық тұлғасының куәландырылған электрондық сандық қолы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы үндеуі кезінде «жеке кабинетке» бағытталады.

Қандай құжаттарға апостиль қойылатынын тұрғындар назарына ұсынамыз

Бұл қызмет түрін ХҚКО арқылы немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб- порталы арқылы жүзеге асыра аласыз.

«апостиль» сөзі – құжаттың заңдылығы туралы мәліметтерді толтырудың халықаралық стандартталынған нысаны болып табылады.

«Апостиль» мөртаңбасы тек қана мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түпнұсқаларына қойылады. Апостиль 1961 жылы Гаагс конвенциясында қабылданды. Бұл мөртаңба өзге де құжаттарды растауды немесе құжаттарды заңдастыруды қажет етпейді және барлық мемлекеттің – Конвенция қатысушыларының ресми органы болып табылады.  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағатынан және шет елге жіберетін мұрағаттық шығыс құжаттарының көшірмесін және мұрағаттық анықтамаларды апостильге қою» қызметі ақпараттық Комитеті және мұрағаттар Министрлігі көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беру:

1)Қызмет берушілер

2)ХҚКО

3) немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб – порталы арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттар қызмет берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап және портал арқылы

3 жұмыс күн ішінде дайын болады, ал егер ХҚКО арқылы тапсырылса, онда құжаттардың дайындығы 20 күнтізбелік күнге дейін созылады.

ХҚКО-ға жолыққан кезде мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат;
  • Нысан бойынша толтырылған өтініш;
  • Мұрағаттық анықтама және (немесе) мемлекеттік мұрағат берген ілеспе хатпен, апостиль мөртаңбасы қойылған мемлекеттік мұрағат берген,мұрағаттық құжаттардың көшірмесі;
  • Мемлекеттік баж салығын төлегенін растайтын құжат.

Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі, ай сайынғы есептік көрсеткіштерінен 50% бюджетке мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

Баланы бала-бақшаға кезекке қою

Бүгінгі тіршілік жәрмеңкесі қызу қайнап,адам баласы өмірдің барлық саласына бірдей үлгеруге тырысқан қоғамда бала тәрбиесінің де маңызы аса ерекше.Дана ойшыл Ж.Баласагұн «Өнер-білім берем десен басынан,оқуға бер баланды жасынан» дегендей,-жас өскінге қазіргі заман талабына сай тәрбие беріп,мектепке даярлау барысында балабақшаның айырықша рөл атқаратындығын баса айтқымыз келеді.Бала дүниеге келгеннен кейін,туу туралы куәлігін рәсімдеген сәттен бастап,баланы мемлекеттік бала-бақшаға кезекке қоямыз.Олай болса, ата-аналар назарына балаларды балабақшаға қою кезегі туралы мәліметтерді ұсынбақпыз.

 Балабақшаға тіркелуге өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталығына барып өзіне-өзі қызмет көрсету секторы немесе Мобильді қосымша egov.kz, www.egov.kz порталы арқылы беруге болады.Жас аналар мен әкелер үшін кезекке онлайн қою тәсілі қолайлы,себебі бұл үйден шықпай-ақ жүзеге асырылады. Балабақшаға бірінші кезекті алу құқығына: Мүгедектердің    балалары; Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;Жетім балалар:Көпбалалы отбасының балалары;  жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың балалары ие болады.Ескере кететін жайт,портал арқылы қызметті алу уақытында тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.Ал,ХҚКО арқылы қызметті алу үшін:белгіленген нысандағы өтініш;ата-аналардың бірінің немесе заңды өкілдерінің жеке басты куәландыратын құжаты;баланың мекенжай парағы немесе қызметті алушының тұрғылықты жерін растайтын өзге де құжат ұсынуы қажет.Құжаттар тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады,осыдан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.

Баланы балабақшаға кезекке қою барысында түсінбеушіліктер туындаған жағдайда бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефонына қоңырау шалуға болады. Қоңырау шалу тегін.

«eGov.kz мобильдік қосымшасы»

     Естеріңізге саламыз!  Қазақстандықтар үшін Электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасы қол жетімді екенін ұмытпаңыздар . Ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалана алады.

      eGov.kz мобильдік қосымшасы Қазақстан халқын қол созым жерде электрондық үкімет порталының ең танымал қызметтерімен қамтамасыз ету үшің құрастырылған. Қосымша Android пен IOS  операциялық жүйесындегі смартфондар үшің қол жетімді. Әр азамат Жеке кабинетте өзі туралы мемлекеттік деректер қорларында сақталатын дербес мәліметтерін алады.

      «Мобильдік жеке кабинетте» азаматтың орналасқан жері, тұрғылықты және тіркелген мекен жайы ,заңды тұлға құрамына кіру,некеге тұру,жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың бар жоқтығы,сонымен қатар қолда бар жылжымайтын мүлік немесе көлік туралы және т.б. ақпараттың орналасқандығын атап айту керек.Егер телефонда электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, азамат мекен-жай анықтамасын,жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпаратты,туу және некеге тұру туралы,жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты алады.

      Бұдан басқа,қосымша көмегімен пайдаланушылар коммуналдық қызметтерді,салықты,айыппұддарды,баж салығын,байланыс қызметтерін төлей алады және тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарды толтыра алады.

Өзіңнен баста акциясы

call centre

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірледі. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) ведомстволық бағынысты негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштерін қабылдау көрсетілетін қызмет берушілердің интернет-ресурстарында (www.edu.gov.kzwww.educontrol.kz) көрсетілген мекенжайлар бойынша қағаз түрінде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:1) порталда көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап: лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 10 (он) жұмыс күні ішінде; лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында берілген лицензия және/немесе оған қосымша, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде және тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 471-бабына сәйкес бюджетке жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:  1) лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;  2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) АЕК; 3) лицензияның телнұсқаларын беру үшін лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 10 (он) АЕК.  Лицензиялық алым төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.   «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 44, 47-1-баптарына сәйкес лицензияға қосымшаны, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын берген кезде, берілген лицензияда және/немесе лицензияға қосымшада қателер табылған және тиісті түзетулер енгізілген жағдайларда лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ақы алынбайды. Порталдың жұмыс кестесі — тәулік бойы.

Көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін порталда тіркеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні жүргізіледі. Порталға көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) лицензия алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес толтырылған мәліметтер нысаны мен құжаттардың сканерленген көшірмелері түрінде білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес мәліметтер мен құжаттар; 2) лицензияға қосымшаларды алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтiнiші; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес толтырылған мәліметтер нысаны мен құжаттардың сканерленген көшірмелері түріндегі мәліметтер мен құжаттар. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттерін көрсетіп, сұратылатын әр біліктілік бойынша жеке жүргізіледі.  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа мамандықтар бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетін көрсетіп, сұратылатын әр мамандық бойынша жеке жүргізіледі.3) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге заңды тұлғаның өтiнiші;лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет; 4) лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшін:  осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін заңды тұлғаның өтiнiші; лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет (лицензияның телнұсқасын берген кезде).      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, лицензиялау туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі құжаттардың мәліметтерін мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін тыйым салынған қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуы; 2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі; 4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензия берудің келісуші мемлекеттік органмен келісілмеуі;5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы; 6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.

«Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы   Үкіметінің    2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 қаулысымен

бекітілген  «Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіруді бақылау жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық); жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: ЖӘБО-ға немесе Орталыққа өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді): көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1(бір) жұмыс күні. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағазда. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі тапсырылған әскери билеттің орнына анықтама, әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік, уақытша куәлік (әскери билеттің орнына) беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: ЖӘБО-ға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); көші-қон полициясынан елден шығуға рұқсаттың көшірмесі; әскери-есептік құжат (тіркеу туралы куәлік, әскери билет, уақытша куәлік (әскери билеттің орнына), әскери билеттің орнына анықтама); орталыққа: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш; жеке куәлік жеке басын сәйкестендіру үшін); көші-қон полициясынан елден шығуға рұқсаттың көшірмесі; әскери-есептік құжат (тіркеу туралы куәлік, әскери билет, уақытша куәлік (әскери билеттің орнына), әскери билеттің орнына анықтама).

ҚР  Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1586 қаулысымен бекітілген

«Мiндеттмемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу жәнемiндеттiмемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру»мемлекеттiк көрсетілетін қызметстандарты

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:  Орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:  мемлекеттік қызмет екі жұмыс күнiiшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді)егер көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін жүгінбеген жағдайда, орталық олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады.  Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң дайын құжаттарын алуға орталыққа жүгінген кезде орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін  қызметті алушыға сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, содан кейін орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді,  көрсетілетін қызмет алушының құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;    жеке тұлғалардан – айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 1 мөлшерлемесі;   заңды тұлғалардан – 5 АЕК құрайды.  Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:  орталық арқылы:   осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш,  көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады);   көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі үшін);  бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенiн растайтын құжат;  өтініште қамтылған мәліметтерді тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық тексергеннен кейін тіркеу туралы белгімен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылатын кепіл шарты немесе кепіл талаптарын қамтитын өзге де шарт.  Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын 2) тармақшада көрсетілген құжаттар туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:  осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтінішті;  көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады); көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі үшін); бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенiн растайтын құжат. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттар туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.   Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталық арқылы алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді. Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын куәлікті және заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:  орталыққа – көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды: 1) құжаттың нөмірі және оны қабылдау күнi; 2) сұрау салынатын мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің түрi;  3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы; 4) мемлекеттік қызметтің көрсетілу күнi (уақыты) және құжаттарды беру орны   5) құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;  6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлға үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі ЕДБ АЖ-ге және кепіл берушінің «жеке кабинетіне» порталға сұрау салудың қабылданғаны туралы және электрондық тіркеу жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанынданәтижесі туралы хабарлама жібереді.

Жеке куәлік пен төлқұжатты ресімдеу кезінде нені білу қажет? 

Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұрғылықты мекен-жайына қарамастан, жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Жеке басты куәландыратын құжаттарға жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты жатады.

Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты азаматтарға олардың жасына қарамастан өз қалаулары бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде иесінің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Төлқұжат 10 жыл мерзімге беріледі. Төлқұжаттың қолданылу мерзімін өкілетті орган тағы бір жылға ұзарта алады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. Қазақстан Республикасы аумағында ұдайы тұратын барлық азаматтардың жеке бас куәлігі болуы тиіс. Жеке бас куәлігі 10 жылға беріледі.

Қандай уақыт аралығында жеке бас куәлігін алуға немесе ауыстыруға болады?

          16 жасқа тола салысымен барлық тиісті құжаттарды тапсырып қою кеңес етіледі. Құжат мерзімінің өтуіне байланысты ауыстыруды құжат мерзімі өткен соң емес, оған дейін үш ай бұрын жүзеге асырған дұрыс. Бұған себеп, Мемлекеттік қызмет стандартының «Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды, жеке бас куәліктерін беру» атты 7 тармағына сәйкес төлқұжат және жеке бас куәлігі құжатты алуға өтініш берген күннен бастап 2 айдан кем емес уақытта беріледі.Қажет болған жағдайда жедел түрде рәсімдеу нұсқасына жүгінуге болады. Бұған қатысты ақпарат төменде көрсетілген.

Пайдалану мерзімі асып кеткен төлқұжат үшін жауапкершілік белгіленген бе?

          Халықты құжаттандыру және тіркеу ережелерінің 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты азаматтарға олардың жасына қарамастан өз қалаулары бойынша беріледі. Осылайша, пайдалану мерзімі асып кеткен төлқұжатты ауыстыру керек пе, жоқ па – азамат өзі шешеді. Пайдалану мерзімі асып кеткен төлқұжат үшін әкімшілік заң шығарушы тарапынан жауапкершілік қарастырылмаған.

16 жасқа толған балаларға ҚР-ның жеке куәлігін рәсімдеуге қажетті құжаттар тізімі:

  • Туу туралы куәлік;
  • Ата-аналарының бірінің жеке куәлігі;
  • Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
  • Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж салығы төленгендігі туралы түбіртек (396,40теңге).

Жеке куәлікті немес төлқұжатты жедел түрде рәсімдеу:

          Мемлекеттік қызмет жедел түрде 7, 10 және 15 жұмыс күні ішінде көрсетілуі мүмкін.

Жедел түрде рәсімдеудің бағасы

  • 7 жұмыс күні – 1989теңге;
  • 10 жұмыс күні – 904теңге;15 жұмыс күні – 563теңге. 

Электронды үкімет дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

Басқаша айтқанда, электронды үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады),  коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО-ға жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электронды үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көругемекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.

Электрондық  үкімет -ағылшынша  «e-goverment» тіркесінің  көп  аудармасының бірі.

Электрондық Үкімет жүйесі ең алғаш 1991 жылы АҚШ — та құрылды. Ал Еуропада сол өткен ғасырдың соңында пайда болды. Электрондық  үкімет  жобасын  Ресейде  енгізген  сарапшылардың пікірінше, бұл идея биліктің негізгі үш проблемасын шешеді. Біріншіден, электронды құжат айналымын енгізу арқылы бюрократиялық кедергілерді жояды, шешім қабылдауды тездетеді. Екіншіден, қарапайым азаматтар және бизнес  өкілдерінің  билікпен  арақатынасын  жақындастырады. Үшіншіден, мемлекеттік  және муниципиалдық  басқаруға  неғұрлым  ашықтық, жариялылық  енгізеді. Ал, ақпараттық — технологияның  көшбасына  айналған елдерде бұл  ұғым  басқаша  түсіндіріледі,  мысалы  АҚШ — та  электрондық  үкімет  тұтас  мемлекет  ісінің  тиімділігін  көтеруге  бағытталған  концепция түрін де қарастырылады.

Қазақстан Республикасында электронды үкімет қалай дамуда

Электронды үкімет құру идеясы Елбасымызға тиесілі, әрі алғаш рет тоғыз жыл бұрын ауызға алынған болатын. Осы уақыт ішінде электронды үкіметіміз қалыптасуы мен дамуының іргелі төрт кезеңінен өтті. Ол кезеңдердің қай-қайсысы болса да қазақстандықтардың мемлекетпен өзара әрекеттестігіне көмегін тигізгені сөзсіз.

Олардың алғашқысы – ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкімет порталы іске қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда болды. Оған қоса, қызмет көрсетудің реттемесі келтіріліп, танысу үшін нормативтік-құқықтық актілер ілінді.

Екіншісі - интерактивті кезең, порталда электронды қызметтерді тұңғыш рет ұсынуымен есте қалды. Аталмыш кезең барысында порталды пайдаланушылар түрлі мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жіберіп, оның мәртебесін қадағалап отыру  мүмкіндіктеріне ие болды. Электронды үкімет порталына интерактивті қызметтерді енгізу құжаттарды жинауға кететін уақытты үнемдеуге едәуір көмектесті.

Дәл осы кезеңде мекемелік ақпараттық жүйелер, мемлекеттік деректер қоры, электронды түрде лицензиялау, және электронды үкімет шлюзі енгізілді.

Бұл кезеңде әрбір қазақстандық порталдан қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік баж салығының мөлшері, өзі жүгінгелі отырған мемлекеттік органның байланыс мәліметтері секілді барлық қажетті ақпараттарын ала алатын. Алғашқы кезеңнің өзінде-ақ, қажетті ақпараттың толық көлемінің арқасында инстанцияларға жүгірушілер саны әжептәуір азайды.

Электронды үкімет дамуының үшінші кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік баж салығын,  алымдар, айыппұлдар және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды. Егер де осыған дейін қызмет ақысын төлеу үшін банкке бару керек болса, енді онлайн жүйесінде қызметті пайдалануға да, оның ақысын төлеуге де болады.

Кәсіпкерлерге транзакциялық кезең шын мәнінде бағалы сыйлық ұсынғандай болды, ол – электронды мемлекеттік сатып алулар болатын. Пайдасы айдан анық – өткізілетін байқаулар мен тендерлердің әділдігі мен ашықтығы артты.

Электронды үкімет дамуының бүгінгі, төртінші кезеңі – түрлендірмелі кезең. Бұдан былайғы басты мақсат — азаматтарға қызмет көрсетудің мейлінше жылдамдығы.  Дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін интерактивтік және транзакциялық қызметтер қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне біріктірілуде. Жыл басынан бері азаматтар 15 минут ішінде заңды тұлғаны тіркеу,  жеке куәлік,  төлқұжат немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігіне ие болды. Әлеуметтік маңызды қызметтерге айрықша көңіл бөлінеді, міне сондықтан да олардың барлығы электронды үлгіге ауыстырылды.   Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы 1 және 2 санаттағы мүгедектер үшін арнайы мобильдік топтар жұмыс істейді. Осындай мобильдік топты шақыру үшін адамға 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.

Электронды үкіметтің жетістіктері

Құрылғанынан бергі тоғыз жыл ішінде Қазақстан Республикасының электронды үкіметі қалыптасу мен даму кезеңдерінен өтті, дүниежүзілік қауымдастық тарапынан оң көзқарасқа ие болып, жоғары бағаланды. Халықаралық және республикалық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштері мен байқаулардағы  ие болған номинациялары осыған куә. Қазақстандық электронды үкіметтің даму дәрежесі «дамушы» (emerging leaders) сатысында деп бағалануда және аса табысты үкіметтердің бірі саналады.

Тұрғылықты  жерiнен  мекенжай  анықтамаларын  беру.

          «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты ҚР  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы                                              № 132 қаулысымен  бекітілген. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері   көрсетеді. Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;«электрондық үкіметтің» www.e.egov.kz веб порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын орталыққа тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 15 (он бес) минуттан аспайды;көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Көрсетілген қызметті алушылар жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: орталыққа: көрсетілетін қызметті алушылар (жеке тұлғалар):көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (мекенжай анықтамасын жақын туысқандарына алу үшін);неке туралы куәлік не туу туралы куәлік (мекенжай анықтамасын жақын туысқандарына алу кезінде туысқандық байланыстарды растау үшін);жақын туысқандарын (ата-аналары, балалары, жұбайы) қоспағанда, жеке тұлғаның осы адамға қатысты мекенжай анықтамасын көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін нотариалды куәландырылған келісімі көрсетілетін қызметті алушылар (заңды тұлғалар):осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын сенім хат;оларға қатысты ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға олардың жазбаша келісімімен мекенжай анықтамасына сұрау салынатын жеке тұлғалардың тізімі (мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан басқа).Орталық қызметкері топтамасын қабылдаған кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінен деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырып тексереді және түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісімін береді.

Порталға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке қабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31  желтоқсандағы   № 1559 қаулысымен бекітілген«Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің   азбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» туралы стандарты 

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1559 қаулысымен  бекітілген«Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің

жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа – 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күнге дейін ұзартылады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны ұзартылған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;белгіленген мерзімді бұза отырып, баланың тууын тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;

туу туралы акті жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (онбес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 2) порталда – өтінішті алғандығын растау және тууды тіркеу күнін, уақытын белгілеу бөлігінде ақпаратты бір жұмыс күні ішінде алу;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/ақысыз көрсетіледі.Тууды мемлекеттік тіркеу ақысыз көрсетіледі. Туу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

3) 2008 жылға дейін неке қиюды тіркеген адамдар үшін ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі;

4) туу туралы медициналық куәлігін немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі (ақпарат жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда);

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

3) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;

4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар;

5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат;

6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат.Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа жеке өзі келуге мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сәйкес қала әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кестесі

Қ/с

Ауыл округі атауы

Қала әкімі

Күні,                    уақыты

Өткізілетін орны

Арыс қаласы

1

Ақдала а/о

Ертай Сейіт Мырзақұлұлы

21.01.2015 ж. сағ. 10.00

Ақдала ауылы, С.Ерубаев орта мектебі

2

Дермене а/о

Саналы е/м

21.01.2015 ж. сағ. 12.00

Саналы елді мекені, Қаражантақ мектебі

3

Дермене а/о

21.01.2015 ж. сағ. 15.00

Дермене ауылы, Ж.Ташенов орта мектебі

4

Жиделі а/о

22.01.2015 ж. сағ. 10.00

Жиделі ауылы, Жиделі орта мектебі

5

Байырқұм а/о

22.01.2015 ж. сағ. 15.00

Байырқұм ауылы, М.Шаханов орта мектебі

6

Монтайтас а/о

23.01.2015 ж. сағ. 10.00

Монтайтас ауылы, Б.Онтаев орта мектебі

7

Қожатоғай а/о

Сырдария е/м

23.01.2015 ж. сағ. 12.00

Сырдария елді мекені, С.Адамбеков мектебі

8

Қожатоғай а/о

23.01.2015 ж. сағ. 15.00

Қожатоғай ауылы, Аманкелді орта мектебі

9

Арыс қаласы

28.01.2015 ж. сағ. 11.00

Арыс қаласы, әкімдіктің мәжіліс залы

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сәйкес ауыл округі әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру кестесі

Қ/с

Ауыл округі атауы

Ауылдық округінің әкімі

Күні,                    уақыты

Өткізілетін орны

1

Ақдала е/м,

Онтам е/м П.Арапов е/м

Тәженов Ағатай Әбілұлы

14.01.2015 ж. сағ. 10.00

Ақдала ауылы, С.Ерубаев орта мектебі

2

Дермене а/о,

Дермене е/м

Әлиев Әділбек Қадырұлы

14.01.2015 ж. сағ. 12.00

Дермене ауылы, Ж.Ташенов орта мектебі

3

Орманды е/м,

40 разъезд, Теміржолшы е/м

14.01.2015 ж. сағ. 14.00

Теміржолшы шағын бастауыш мектебі

4

Саналы е/м,

14.01.2015 ж. сағ. 15.00

Қаражантақ мектебі

5

Қаражантақ е/м

14.01.2015 ж. сағ. 16.00

Кенжебаев мектебі

6

Дермене а/о, Екпінді е/м

14.01.2015 ж. сағ. 18.00

Қ.Бәйменов орта мектебі

7

Монтайтас а/о

Қабылсай е/м, 42 разъезд

Байекеев Тоқберген Тәліпханұлы

15.01.2015 ж. сағ. 10.00

Қабылсай негізгі мектебі

8

Ақтас е/м,

Бақырша е/м, Тоғансай е/м

15.01.2015 ж. сағ. 12.00

Ақтас шағын жинақтау мектебі

9

Шағыр е/м

15.01.2015 ж. сағ. 15.00

Шағыр ауылы, А.Тілеубердин орта мектебі

10

Монтайтас е/м,

Қожатоғай е/м

15.01.2015 ж. сағ. 17.00

Монтайтас ауылы, Б.Онтаев орта мектебі

11

Жиделі а/о,

Жиделі е/м

Әлетбаев Мұрат Көпжасарұлы

16.01.2015 ж. сағ. 10.00

Жиделі ауылы, Жиделі орта мектебі

12

Аққала е/м

16.01.2015 ж. сағ. 15.00

Аққала мектебі

13

Байырқұм а/о,

Байырқұм е/м

Сариев Елемес Рүстембекұлы

16.01.2015 ж. сағ. 12.00

Байырқұм ауылы, М.Шаханов орта мектебі

14

Жосалы е/м

16.01.2015 ж. сағ. 15.00

Жосалы шағын бастауыш мектебі

15

Көкжиде е/м

16.01.2015 ж. сағ. 17.00

Мәметова негізгі мектебі

16

Қожатоғай а/о,

Сырдария е/м

Елшібаев Зәкірқожа Үсенұлы

16.01.2015 ж. сағ. 10.00

Адамбеков мектебі

17

Шөгірлі е/м

16.01.2015 ж. сағ. 12.00

Макаренко мектебі

18

Қожатоғай е/м

16.01.2015 ж. сағ. 15.00

Қожатоғай ауылы, Аманкелді орта мектебі

19

Байтоғай е/м

16.01.2015 ж. сағ. 17.00

Мәметова мектебі

20

Дарбаза е/м,

Бұлақ е/м

16.01.2015 ж. сағ. 18.00

Медпункт ғимараты

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сәйкес Арыс қаласы әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кестесі

Қ/с

Ауыл округі атауы

Қала әкімі

Күні,                    уақыты

Өткізілетін орны

1

Ақдала е/м,

С.Ертай

21.01.2015 ж сағ. 10.00

Ақдала ауылы, С.Ерубаев орта мектебі

2

Онтам е/м

21.01.2015 ж. сағ. 12.00

МТФ бастауыш мектебі

3

П.Арапов е/м

21.01.2015 ж. сағ. 15.00

Еңбекші бастауыш мектебі

4

Дермене а/о,

Дермене е/м

23.01.2015 ж. сағ. 10.00

Дермене ауылы, Ж.Ташенов орта мектебі

5

Орманды е/м,

40 разъезд, Теміржолшы е/м

23.01.2015 ж. сағ. 12.00

Теміржолшы шағын бастауыш мектебі

6

Қаражантақ е/м

23.01.2015 ж. сағ. 16.00

Кенжебаев мектебі

7

Саналы е/м,

24.01.2015 ж. сағ. 11.00

Қаражантақ мектебі

8

Дермене а/о, Екпінді е/м

24.01.2015 ж. сағ. 16.00

Қ.Бәйменов орта мектебі

9

Монтайтас а/о

Қабылсай е/м, 42 разъезд

27.01.2015 ж. сағ. 11.00

Қабылсай негізгі мектебі

10

Ақтас е/м,

Бақырша е/м, Тоғансай е/м

27.01.2015 ж. сағ. 15.00

Ақтас шағын жинақтау мектебі

11

Шағыр е/м

30.01.2015 ж. сағ. 11.00

Шағыр ауылы, А.Тілеубердин орта мектебі

12

Монтайтас е/м,

Қожатоғай е/м

30.01.2015 ж. сағ. 15.00

Монтайтас ауылы, Б.Онтаев орта мектебі

13

Жиделі а/о,

Жиделі е/м

03.02.2015 ж. сағ. 11.00

Жиделі ауылы, Жиделі орта мектебі

14

Аққала е/м

03.02.2015 ж. сағ. 15.00

Аққала мектебі

15

Байырқұм а/о,

Байырқұм е/м

05.02.2015 ж. сағ. 11.00

Байырқұм ауылы, М.Шаханов орта мектебі

16

Жосалы е/м

05.02.2015 ж. сағ. 15.00

Жосалы шағын бастауыш мектебі

17

Көкжиде е/м

05.02.2015 ж. сағ. 17.00

Мәметова негізгі мектебі

18

Қожатоғай а/о,

Сырдария е/м

07.02.2015 ж. сағ. 11.00

Адамбеков мектебі

19

Шөгірлі е/м

07.02.2015 ж. сағ. 15.00

Макаренко мектебі

20

Қожатоғай е/м

10.02.2015 ж. сағ. 11.00

Қожатоғай ауылы, Аманкелді орта мектебі

21

Байтоғай е/м

10.02.2015 ж. сағ. 15.00

Мәметова мектебі

22

Дарбаза е/м,

Бұлақ е/м

10.02.2015 ж. сағ. 17.00

Медпункт ғимараты

23

Арыс қаласы

13.02.2015 ж. Сағ. 11.00

Қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залы


«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты туралы.

            «Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет  стандарты  ҚР  Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1586 қаулысымен бекітілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірледі. Мемлекет көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады.

           Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi: 1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.  Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда дейін бір күн қалғанда береді). Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.  Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оныңөкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі:орталыққа: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы сұрау салу;  2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі); 3) заңнамада белгiленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкiлінiңөкiлеттiгін куәландыратын құжат.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) болуы туралы ақпарат (электрондық және қағаз жеткізгіште).


Мұрағаттық анықтамаларды алу тәртібі

      «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі «Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 183 қаулысы бекітілген.Қызметті  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті, жергілікті атқарушы органдар, «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және олардың филиалдары көрсетеді.

         Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижелерін беру: «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны; www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: ХҚКО-да – мұрағаттық анықтамаларды беру; порталда – мұрағаттық анықтамалардың дайын екені туралы хабарлама. Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі мұрағаттық құжаттар негізінде көрсетіледі: еңбек өтілі мен еңбекақысының мөлшерін, жасын, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталуын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аударылуын, ғылыми дәреже және атақ берілгенін, емделу, қамау орындарында болғанын, көшірілгенін және ақталғанын, экологиялық апат аймақтарында болғанын растайтын, күштеп айдалғаны және репатриацияланғаны туралы, азаматтық хал-жағдайы актілері, мүліктік құқықтар туралы растау.

       Көрсетілетін қызметті алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

        ХҚО-ға: жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтерді, сондай-ақ ЖСН, почталық мекенжайын, байланыс телефонын көрсете отырып толтырылған өтініш.

       Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ХҚО-ның қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      ХҚО-да мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін оның қызметкері қолхат негізінде, жеке басты куәландыратын құжатты және (немесе) сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжатты ұсынған кезде (көрсетілетін қызметті алушының немесе сенім білдірілген адамның жеке басын сәйкестендіру үшін) береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға жүгінбеген жағдайда, ХҚО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін уәкілетті органға жолданады.


 «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» туралы.

ҚР Үкіметінің  2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен  бекітілген«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі  әзірледі.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары  көрсетеді.  Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

       Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi: 1) орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезде бастап:  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда береді; көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыныңқұжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті;  2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін еңұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды; . Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Тіркеу алымы салық салу объектісі тіркелген орны бойынша Қазақстан Республикасының бюджетіне айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшерлемесі көлемінде, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді. Төлем сондай-ақ «электрондық үкімет» порталы төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оныңөкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы өтiнiш;  2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);  3) құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған жылжымайтын мүлік объектісі тіркелген орны бойынша жергілікті немесе республикалық газеттің данасы;  4) жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын берілгені үшін алым төлегенiн растайтын құжат не төлем шлюзi арқылы берiлетiн төлем туралы чек.  Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін жүгінбеген жағдайда, орталық бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасы (қағаз жеткізгіште).


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайласжемқорлықпен құқық бұзушылықпен және олүшiн жауаптылық.

         Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға үмiткер адамдарға қойылатын арнайы талап; Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға не осындай мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк лауазым атқаруға үмiткер адамдар өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай iс-әрекеттердiң құқықтық салдары туралы хабардар етiледi.Аталған адамдардың шектеулердi қабылдауға келiсiм жазбаша түрде тиiстi ұйымдардың кадр қызметi белгiлейдi. Шектеулердi қабылдамау ол адамды мемлекеттiк не соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға немесе заңдарда көзделген тәртiппен аталған мiндеттердi атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.

          Қаржы бақылау шаралары мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша салық органына: табыстары туралы мәлiмдеме; салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлiк туралы аталған мүлiктiң бағаланған құны мен тұрған жерi көрсетiлген мәлiмдеме; банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы; заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де реквизиттерiн көрсете отырып, акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң тiкелей немесе жанама қатысуы туралы; егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы; адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.

     Мемлекеттiк мiндеттердi атқарумен сыйыспайтын қызмет; Лауазымды және мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген өзге де адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ (осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың кәсiпкерлiк қызметпенайналысуына, егер шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқару немесе басқаруға қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға дербес қатысуына, материалдық игiлiктер алу мақсатымен өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн заңсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдемдесуiне тыйым салынады. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу; Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың (осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда) өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзған адамдар, егер олар аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен жоймаса, мұндай бағыныстылықта болуына жол бермейтiн қызметке ауыстырылуға тиiс, ал бұлайша ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бұл қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуға немесе аталған мiндеттерден өзгедей түрде босатылуға тиiс. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша жұмыстан босатылған адамдардың басқа органдарға, ұйымдарға мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарумен ұштасатын мемлекеттiк және өзге де қызметке кiруге құқығы бар.


Мұрағаттық анықтамаларды алу тәртібі

      «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі «Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 183 қаулысы бекітілген.Қызметті  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті, жергілікті атқарушы органдар, «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және олардың филиалдары көрсетеді.

         Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижелерін беру: «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны; www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: ХҚКО-да – мұрағаттық анықтамаларды беру; порталда – мұрағаттық анықтамалардың дайын екені туралы хабарлама. Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі мұрағаттық құжаттар негізінде көрсетіледі: еңбек өтілі мен еңбекақысының мөлшерін, жасын, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталуын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аударылуын, ғылыми дәреже және атақ берілгенін, емделу, қамау орындарында болғанын, көшірілгенін және ақталғанын, экологиялық апат аймақтарында болғанын растайтын, күштеп айдалғаны және репатриацияланғаны туралы, азаматтық хал-жағдайы актілері, мүліктік құқықтар туралы растау.

       Көрсетілетін қызметті алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

        ХҚО-ға: жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтерді, сондай-ақ ЖСН, почталық мекенжайын, байланыс телефонын көрсете отырып толтырылған өтініш.

       Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ХҚО-ның қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      ХҚО-да мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін оның қызметкері қолхат негізінде, жеке басты куәландыратын құжатты және (немесе) сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжатты ұсынған кезде (көрсетілетін қызметті алушының немесе сенім білдірілген адамның жеке басын сәйкестендіру үшін) береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға жүгінбеген жағдайда, ХҚО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін уәкілетті органға жолданады.


«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты туралы.

            «Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет  стандарты  ҚР  Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1586 қаулысымен бекітілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірледі. Мемлекет көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады.

           Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi: 1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.  Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда дейін бір күн қалғанда береді). Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.  Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оныңөкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі:орталыққа: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы сұрау салу;  2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі); 3) заңнамада белгiленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкiлінiңөкiлеттiгін куәландыратын құжат.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) болуы туралы ақпарат (электрондық және қағаз жеткізгіште).


ХАБАРЛАНДЫРУ 

          Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы Д.Тілеубергенов әр айдың 10-15 және 20-25 аралығында Арыс қаласына келіп, тұрғындармен жеке қабылдау өткізеді. Қабылдауға жазылу үшін 2-14-00 сымтетігіне хабарласуларыңызға болады.


Хабарландыру Құрметті ауыл тұрғындары!

       Арыс қаласы Дермене ауылдық округіне қарасты Шаян елді мекенінің «Қызыл көпір» елді мекені деп қайта атау туралы тиісті елді мекен халқының пікірін анықтау бойынша 2014 жылғы 17 қыркүйек күні сағат 11:00-де Шаян елді мекеніндегі кітапханада жиналыс өткізіліп, жиналысқа қатысушы осы елді мекеннің 30 тұрғындары бір ауыздан қолдап дауыс берді.


Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 57 бабыны сәйкес мемлекеттік сараптама жүргізу өтінімді тапсырыс беруші бұқаралық ақпарат құралдарына міндетті түрде жариялануы тиіс


 ХАБАРЛАНДЫРУ

         «Санаторий Арыс» ЖШС-і Арыс қаласында минералды сусын және жылыжай салу цехына Ш.Кенжеханов, О.Байдаулетов және Т.Бағов  көшелерімен электр желісін тарту құрылысын жүргізу үшін жер учаскесінбөлу жөнінде материалдарды мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мақсатында ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына тапсырады.

Мемлекеттік  экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде барлық мүдделі азаматтарға өз пікірлерін 8-7252-21-44-63 немесе  8-72540-2-02-93 телефоны бойынша білдіру беріледі.


 Хабарландыру Құрметті ауыл тұрғынадары!

Арыс қаласы Дермене ауылдық округіне қарасты Шаян ауылы атауын «Қызыл көпір» ауылы деп өзгерту туралы жиналысы 2014 жылғы 17 қыркүйек  күні  сағат 11:00-де Шаян ауылындғы кітапханада өтетінін хабарлаймыз. Жиынға қатыса отырып, мүдделі әрбір азамат өз пікірін білдеіре алады.


 Хабарландыру Құрметті ауыл тұрғынадары!

Ағымдағы жылдың 10-12 қыркүйегінде «Отбасы күніне» орайластырылған «Менің Отбасымның портреті» ұранымен отбасы салтының құндылықтары және өмірді қорғау бойынша «Дәрістік жоба» акциясы өтетіндігі туралы хабарлаймыз.


Арыс қалалық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша жиырма алтыншы маусым күні қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары тыңдауының отырысында әскери горнизон аумағында орналасқан Спартивный көшесін Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахимовтың есімімен, Теміржол вокзалы алдындағы Привокзальная көшесін Теміржолшылар атымен, Саяжай аумағында орналасқан Дачная көшесін Саяжай атымен қайта атау туралы қаралды. Ұсыныс беруші мекеме тарапынан Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахимовтың есімімен, Теміржолшылар атымен, Саяжай атымен қайта атау себептерімен қысқаша мәлімет беріп таныстырды. Ұсынысты қалалық мәслихат депутаттары талқылай келе барлығы бір ауыздан қолдап, төмендегідей шешім қабылдады. Тұрақты комисия отырысы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахимовтың есімімен, Спартивный көшесін, Теміржолшылар атауымен, Привокзальная көшесін, Саяжай атауымен, Дачная көшесін қайта атау туралы ұсыныс бірауыздан қолдансын.

Арыс қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  қалалық коммуналдық меншіктегі нысанды кейіннен сатып алу құқығынсыз  3 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөнінде қайта тендер өткізеді.

Тендерге мына нысан ұсынылады:

Арыс қаласы Байырқұм ауылдық округінде орналасқан, 2412 гектар жерге егін егуге, үздіксіз шаруа қожалықтарына су жеткізу мақсатындағы каналдары:

БК-1,  БК-1-А каналдары тармақшаларымен /БК-1-, БК-1-2, БК-1-3, БК-1-4, БК-1-4-2, БК-1-5/, жалпы ұзындығы 55,65 км.  Нысандардың құны 13 163 800 теңге,  кепілдік жарна 1 316 380 теңге;

        Тендер шарты:

Нысанды қолдану барысында санитарлык нормалар мен ержелерді сақтау;

Міндеттемелерді орындауға дейін мәмілелер жасауға шектеу қою.

Нысандардың техникалық жағдайын қалыпты деңгейде ұстауды қамтамасыз ету.

Тендерге тек қана бір су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғысы суғаратын, суландыратын, құрғататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі су пайдаланушылар, сондай-ақ осындай су пайдаланушылар бірлестіктері қатысушы бола алады.

Басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды Арыс қаласы, ӘлФараби көшесі, №3 үй, «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тендер басталғанға дейіи жиырма төрт сағат бұрын ұсынады.

Тендер шартына сәйкес нысан­ды пайдалану бойынша ең тиімді бағдарлама (қажетті біліктілік деректерінің, су шаруашылығы құрылыстарын ұстау мен пайдалану үшін техникалық және қаржылық мүмкіндіктері болуы) ұсынған катысушы тендер женімпазы болып танылады.

Тендер өткізілетін орны: Арыс қаласы, ӘлФараби көшесі, №3 үй, «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Тендер өткізілетін күні және уақыты: 2014 жылдың 21 шілдесі,     сағат 10-00.

Кепілдік жарналар «Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шотына төленеді: депозиттік шот KZ080705034593509001, ҚР ҚМ Қазынашылык комитеі, БИК KKMFKZ2A, БИН 100240005216, КБЕ 12, КНП 171 (банктік қызметтер төлемақысына кепілді жарна мөлшері кірмейді).

Тендер өткізілгеннен кейін кепілді жарна тендер аяқталған күннен бастап он банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде кайтарылады.

Кепілді жарналар катысушының деректемелері көрсетілуімен тендер катысушысы берген кепілді жарнаны қайтару туралы өтініші негізінде қайтарылады.

Кепілді жарналар тендер катысушыларына олардың тендерге каты- суға бас тартуы жағдайында оны өткізуге дейін кемінде үш күн калғанда кайтарылмайды.

Тендерге катысушыларды тіркеу акпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейіи жиырма.төрт сағат бұрын мына мекенжайда аяқталады: Арыс каласы, ӘлФараби көшесі, №3,4-қабат, Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімі тел: 8 (72540) 21111.

Заңды тұлғалар тендер катысушысы ретінде тіркелу үшін мыналарды тапсыру қажет;

1.үміткердің тендерге қатысуға келісімі мен тендер шарттарын орындау әрі тиісті шарт жасасу жөніндегі оның міндеттемелері қамтылған тендерге қатысуға өтінімі;

                  1.  2. қаржылық және техникалық мүмкіндіктерін, оның біліктілігін растайтын құжаттарды;

3.су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен су пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі бизнес-жоспарын; 4. заңды тұлғалар үшін – құрылтайшылық құжаттардың (құрылтай шарты және жарғысы) көшірмелері және салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұскаларын) көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы аныктаманы;

5.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрі бар бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің ал­дында кемінде үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы; 6.тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (электронды цифрлық қолтаңба) анықтамасының түпнұсқасы. Егер екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама;

7.жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттыңкөшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

8. дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін, өтінім берген күннің алдындағы соңғы үш айдан астам мерзімде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтамалардың түпнұсқалары.

9. сенімгерлік баскару кұрылтайшысының депо­зит шотына кепілді жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының не­месе түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұскасы;

Отдел экономики и финансов города Арыс  объявляет о проведении повторного тендера по передаче в  доверительное управление объекта  коммунальной  собственности со сроком на 3 года без права последующей продажи

На тендер выставляются:

Каналы БК-1, БК-1-А с отводами  (БК-1-1, БК-1-2, БК-1-3, БК-1-4, БК-1-4-2, БК-1-5)  осуществляющие обеспечение орашаемых земель 2412 га села Байыркум,  города Арыс проточной водой, для производства сельскохозяйственных продукций, первоначальной балансовой стоимостью  13 163 800 тенге, гаранийный взнос 1 316 380 тенге

Условия тендера: В ходе использование обьекта соблюдать санитарные нормы и правила; Содержание технического состояние обьекта на соответсвующим уровне; До исполнения принятых обязательств не заключать сделки;

Участниками тендеров по передаче в доверительное управление водохозяйственных  сооружений, предназначенных  для обслуживания  сельскохозяйственных использователей, могут быть водопользователи, использующие земли сельскохозяйственного назначения, орошаемые, обводняемые, осущаемые одним водохозяйственным сооружением или устройством, а также обьединения таких водопользователей.

Представить предложения по условиям тендера в письменном виде с приложением обусловленной тендером документации в отдельном от других документов запечатанном конверте в ГУ «Отдел экономики и финансов» г.Арыс, по адресу  ул.АльФараби, №3, за двадцать четыре часа до начала тендера;

Победителем тендера признается участник, соответствующий критериям выбора победителя, и программа которого (квалификационные данные победителя, технические и финансовые возможности для содержания и эксплуатации водохозяйственного сооружения), по решению комиссии, отвечают всем требованиям, содержащимся в тендерной документации, и являются лучшими в части выполнения условий тендера.

Место проведения тендера:г.Арыс, ул.АльФараби, №3, ГУ «Отдел экономики и финансов»

Дата время проведения тендера: 21 июля 2014 года, 10-00 час.

Гарантийный взнос вносится на депозитный счет ГУ «Отдел экономики и финансов» г.Арыс:  ИИК KZ080705034593509001, БИК KKMFKZ2A,

БИН 100240005216,банк – Комитет казначейства МФ РК, КНП 171, КБЕ 12.

код ГУ 4593509.

Лицам, подавшим заявку на участие в тендере до опубликования извещения об изменении условий тендера и отказавшимся в связи с этим от участия в тендере, гарантийные взносы возвращаются в срок не позднее десяти рабочих дней со дня подачи заявления о возврате гарантийного взноса, поданного участником тендера, с указанием реквизитов этого участника.

Гарантийный взнос не возвращается учредителем доверительного управления государственным имуществом участникам тендера в случае их отказа от участия в тендере менее чем за три дня до его проведения

Регистрация участников тендера производится со дня публикации информационного сообщения и заканчивается за двадцать четыре часа до начала тендера по адресу: г.Арыс, ул.АльФараби, №3, 4-этаж Отдел экономики и финансов г.Арыс.Тел 8/72540/21111.

Для регистрации в качестве участника тендера необходимо представить:

1.Заявку на участие в тендере и его обязательства по выполнению условий тендера и заключению соответствующего договора;

2.документы, подтверждающие финансовые и технические возможности, его квалификацию;

3.бизнес-план по организации эксплуатации  водохозяйственных сооружений и оказанию услуг водопользователям;

4. копию учредительных документов (учредительный договор и устав) и копию свидетельства налогоплательщика (нотариально заверенные  в случае представления оригиналов для сверки) – для юридических лиц;

5.оригинал или электронную копию справки соответствующего налогового органа с подписью и печатью (электронной цифровой подписью) об отсутствии налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, по обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям более чем за три месяца (за исключением случаев, когда срок уплаты отсрочен в соответствии с законодательством Республики Казахстан), выданной не ранее даты объявления тендера;

6.оригинал справки банка (филиала банка) об отсутствии просроченной задолженности перед банком (филиалом банка) по всем видам обязательств участника тендера, длящейся более трех месяцев, предшествующих дате выдачи справки, выданной не ранее даты объявления тендера, с подписью и печатью (электронной цифровой подписью). В случае, если потенциальный участник является клиентом нескольких банков второго уровня или филиалов, а так же иностранного банка, то представляются справки от каждого из таких банков;

7. для физических лиц – копии документа, удостоверяющего личность физического лица, с обязательным предъявлением оригинала для сверки либо нотариально засвидетельствованные копии указанных документов;

8.для индивидуального предпринимателя – копии свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, документа, удостоверяющего личность физического лица, с обязательным предъявлением оригинала для сверки либо нотариально засвидетельствованные копии указанных документов, оригиналы справок об отсутствии налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, задолженности по обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям более чем за последние три месяца, предшествующих дате подачи заявки.

9. Оригинал платежного поручения или квитанции (для физического лица) о переводе гарантийного взноса на депозитный счет учредителя доверительного управления.

«1414» біріңғай байланыс-орталығы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының біріңғай байланыс-орталығы мен  «Халыққа  қызмет  көрсету орталығы»  республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне барып мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасаудың  регламенті  бекітілген. Регламент негізінде «1414» телефоны арқылы біріңғай байланыс-орталығымен  қатаң бірлескен түрде 1 және 2 санаттағы мүгедектігі  шектеулі адамдарға мемлекеттік  қызмет көрсетуге өтініштер қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында арнайы инспекторлар бекітілген. Созақ ауданында, сонымен қатар шалғай елді мекендеріндегі   мүмкіндігі шектеулі адамдарға «1414» телефоны арқылы біріңғай байланыс-орталығына хабарласып  тапсырыс беру мүмкіндіктерін халықтарға әйгілеу мақсатында  жариялаймыз.

Электрондық сандық қолтаңба

 Электрондық сандық қолтаңбаны алу – «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 491 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижеcін беру «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі:

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

— көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап — 1 (бір) жұмыс күн;

— Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

— тіркеу куәлігін электрондық құжат нысанында беру;
— кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірін орналастырып,

тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген
жағдайда, тіркеу куәліктері (жеке тұлғаларға) ақпаратты электрондық тасығышта (чип)
қамтылған жеке куәлікке және (немесе) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын
қамтитын sim-картаға жазылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеу куәліктері

көрсетілетін қызметті алушының есептеу техникасы құралдарына жазылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚКО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі тіркеу куәліктерін беру үшін жеке тұлғалар:

порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында ХҚКО-ға

жүгінген жағдайда жеке куәлік беру үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірегей нөмірі көрсетілмеген тіркеу

куәліктерін беруге өтініш ұсынылады;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша

көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет түрлері алу, нотариаттық келісім шарттарды мемлекеттік тіркеу, мекемелердің есебін жолдау, мемлекеттік сатып алуға өтініштер беру, қаржылық есептерді жолдау, мемлекеттік кірістер басқармасына есептерді тапсыру үшін электрондық сандық қолтаңбаны қолданамыз.

Электрондық сандық қолтаңаба қазіргі заман талабы.

 

«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты туралы.

«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру»мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы  20 маусымда № 11408 тіркелді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі  әзірледі.Мемлекет көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары  көрсетеді.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны арқылы;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi: 1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде. Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда дейін бір күн қалғанда береді). Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

 Көрсетілетін қызметті алушы, немесе оның өкілі мемлекеттік қызметті көрсету бойынша өтініш білдіргенде қажетті құжаттар тізбесі: заңды тұлғалар үшін өкілеттігін растайтын құжаттар бойынша; жеке тұлғалар үшін нотариалды расталған сенімхат бойынша немесе қорғаушылар, уақытша, оңалтуды және банкроттық басқарушылар оңалту және банкроттау рәсімдерінің шеңберіндегі, тарату комиссиясы үшін: орталыққа:1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы сұрау салу; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі); Қорғаушылар ордер ұсынады.Уақытша, оңалтуды және банкроттықты басқарушылар тиісінше соттың шешімдерін ұсынады.Тарату комиссиясы тиісті бұйрық ұсынады.

Мемлекеттік қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.Орталық қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мемлекеттік органдың ұсынылған мәліметтермен салыстырып, содан кейін құжаттарды қызметті алушыға қайтарады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны – электрондық.

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің  жазбаларына өзгерістер,толықтырулар мен

түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы.

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11374 тіркелді.«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрі  әзірлеген. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: 1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа – 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); баланың туған күнінен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға көрсетіледі.1)тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.2) туу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе    Орталыққа жүгінген кезде тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы тууды тіркеу туралы өтініш; 2) ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынылмайды);4) туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;шетелдіктер қосымша ұсынады: 6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжаттарын ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен туу туралы қайталама куәлік.

 «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын

құруды қарастыратын заң жобасы мақұлданды

ҚР Парламентінің Мәжілісі «ҚР мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасының мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай провайдерді құру, халыққа қызметтерді ұсынуды реттейтін нормаларды заңды түрде бекіту және халықты әлеуметтік қорғау, жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті ресімдеу салаларында қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын сақтау», — деп ҚР ИДМ вице-министрі Сәкен Сәрсенов атап өтті.

«Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қызметтерді іріктеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылады, оның құрамына қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Қызметтерді мемлекеттік корпорацияға беру шарттарының бірі оларды оңтайландыру және автоматтандыру болып табылады», — деп қосты ол.

Кәсіпорындарды біріктірген соң, онда ХҚКО-лардыңа қолданысындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары қолданылады. Мысалы, «ЗТМО» РМҚК өз қызметтерін сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, ал ЖерҒӨО сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін көрсететін болса, онда мемлекеттік корпорацияда барлық қызметтер сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін көрсетілетін болады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, оларды өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «Қазпочта» инфрақұрылымы пайдаланылатын болады.

Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауына жолданды.

«Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы   Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі     № 138 бұйрығымен бекітілген.

«Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және олардың филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетілетін қызметті алушы хабарландырылады.

ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;  2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, ХҚО-да – 20 (жиырма) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде, әскери бөлімдер мен құралымдардағы қызметін, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы мұрағат анықтамасы немесе олардың болмауы туралы жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде   Порталда мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген хабарлама беріледі. Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы

құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарт

Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі  № 186 бұйрығымен бекітілген.

«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;  2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап: беру — 30 күнтізбелік күні;

қайта ресімдеу — 15 күнтізбелік күн.  ХҚО-ға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қабылдау күні кірмейді. 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты — 10 минут, ХҚО-да — 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты — 30 минут, ХҚО-да — 15 минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқасы.  Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш (бұдан әрі — өтініш);  2) құжаттың нөмірі және берілгенін тіркеу күні көрсетілген, азамат құжатының жоғалғаны жөніндегі ақпаратты орналастырған күнінен бастап жарияланған мерзімі күнтізбелік 10 жұмыс күннен аспаған мерзімді баспасөз басылымынан үзінді;3) туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі.

Құжаттың қабылданғандығын растау құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

ХҚО-ға: 1) өтініш;  2) құжаттың нөмірі және берілгенін тіркеу күні көрсетілген, азамат құжатының жоғалғаны жөніндегі ақпаратты орналастырған күнінен бастап жарияланған мерзімі күнтізбелік 10 жұмыс күннен аспаған мерзімді баспасөз басылымынан үзінді;  3) туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі.

Жоғары оқу орыны жабылған жағдайда көрсетілетін қызмет алушы оқу орын орналасқан жері бойынша мұрағатқа жүгінеді.

Құжаттың қабылданғандығын растау құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

Осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ХҚО-ға тапсырған жағдайда, қабылдау туралы көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беріледі. ХҚО-да жеке куәлікті көрсеткен кезде дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі).

ХҚО нәтижені сақтауды бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілген қызметті берушіге тапсырылады. Бір жұмыс күні өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға дайын құжаттар жіберіледі.

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы  26 мамырда № 11184 тіркелді. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) ХҚО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 минут;  Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу жөніндегі деректер ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).  Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу туралы анықтама.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ХҚО-да: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);  3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

порталда: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

ХҚО бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда ХҚО-ның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.

Соңғы аптада ХҚКО келушілердің саны 3 есе артты

Клиенттер санының күрт өсуі жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында мәліметтерді өзектендіруге байланысты.

Қазіргі уақытта әкімдіктердің қызметкерлері азаматтарды аула аралап тексеру жүргізуде және мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, мәліметтерін өзектендіру талап етілетін барлық азаматтарды жеке басы куәліктерін ауыстыру немесе мекенжай мәліметтерін түзету үшін  ХҚКО жолдайды. Нәтижесінде соңғы аптада ХҚКО келушілердің саны 3 есе артты.

«Бүгін таңертеңнен жеке басы куәліктерін ауыстыру немесе мекенжай мәліметтерін түзету үшін 3 мыңнан астам талон берілді, бұл әдеттегі күнде осы қызметті алушылар санынан үш есе артық. Келушілердің ең көбі Астана қаласында, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында. Құжаттандыру жүргізуді қалайтын азаматтар саны жақын арада тек өсу мүмкіндігі туралы болжам бар», — деп «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева атап өтті.

Сондай-ақ, Балташеваның айтуы бойынша қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтары кезек болдырмау және азаматтарға күту мерзімін кешіктірмей қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. ХҚКО 238 қызметкері көші-кон полициясы қызметкерлеріне мекенжай-анықтамалық мұрағат бойынша тексеруге көмек көрсету үшін жіберілген.

Көші-қон полициясының қызметкерлері жұмыс күндері жылжымалы кесте бойынша үзіліспен 09:00-ден бастап 18:30-ға дейін және сенбі күні 09:00-ден бастап    13:00-ге дейін жұмыс уақытына өткен.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
30.10.2015 - 17:57:13
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
24.10.2016 - 17:38:06