ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҰЛҒАСЫ



Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының  мүшесі, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі», өнерді -  өмірім деп білетін, өнер ордасының қадірін жүрегімен сезінетін ел ағасы Жүнісов Әбдісаттар Сағатұлының 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Әке жолын қуған ұл» атты шығармашылық кеші өтті.

Жергілікті «Арыс ақиқаты» газетінің бас редакторы Әбдімәлік Садықұлының жүргізуімен өткен кеш барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаев және Арыс қалалық мәслихатының аппарат басшысы М.Сыдыхов құттықтау сөз сөйлеп, Ә.Сағатұлының иығына шапан жауып, төсбелгі тағып, ыстық лебіздерін білдірді.

         Кеш барысында өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып,  Әбдісаттар Сағатұлының өмірінен сыр шертетін бейнебаян тамашалады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
11.01.2019-12:00:00