ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ



Жаңа жыл – қай халықтың да зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі.

Осы орайда, бүгін Әл-Фараби орталық алаңында  Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты шарада шаһар басшысы Мұрат Қадырбек: - «Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін! Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашан да берік, туы биік болсын! Арыс елінің құты мен ырзығы арта бергей! Жаңа жыл құтты болсын, құрметті жерлестер!» - деп қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.

Шара соңында қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән салып, тұрғындарға мерекелiк көңiл-күй сыйлады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
03.01.2019-12:00:00