ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАДЫ



Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жариялады.

Осы орайда, бүгін Жолдауды түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы құрылған Арыс қалалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің желілік кестесіне сәйкес, Арыс сигнализация және байланыс дистанциясының қызметкерлері және Сырдария елдімекенінің тұрғындары арасында жиын өтті.

Жиынға қалалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері қатысып, жолдау аясында баяндамалар жасады.

Кездесуде ақпараттық-насихат топ мүшелеріне жолдаудан туындайтын бірқатар мәселелер жөнінде сұрақтарын қойып, тиісті мәліметтер мен жауаптарын берді.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
07.11.2018-12:00:00