ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ



Бүгін кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында Арыс қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті.

Қоғамдық ой-пікір, ұсыныс және көпшілік сұрақтарына жауап беруге арналған жиынды қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов ашып, жүргізіп отырды.

Кеңес отырысында «Қаладағы күзгі жиын-терім бойынша және «Алтын күз» мерекесі туралы есебі» Ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы О.Жұманов, «Қалалық білім бөлімінің мектептері мен балабақшалары қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы» Арыс қаласының білім бөлімінің әдіскері Б.Тасқынбаев, «Аудандық денсаулық сақтау мекемесінің қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы» Арыс аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Е.Әлімбаев және «Қожатоғай мен Дермене ауылдық округі әкімдерінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы» Монтайтас ауылдық округінің әкімі Т.Баекеев пен Қожатоғай ауылдық округінің әкімі З.Елшібаевтардың баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
25.10.2018-12:00:00