ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ АРЫС ҚАЛАСЫНДА ТАЛҚЫЛАДЫ



Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қаладағы Арыс гуманитарлы-техникалық колледжінің ұжымымен және Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округі, Қаражантақ елді мекені, Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесті.

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, топ жетекшісінің орынбасары Н.Бадырақов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Садықов, Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары С.Жаппарқұлов, Түркология ғылыми орталығы директорының орынбасары Н.Мансұров, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аға оқытушысы, сарапшы Е.Әбдраманов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің кафедра меңгерушісі, саясаттанушы, сарапшы А.Амирбек қатысып, Жолдау аясында баяндамалар жасады.

Баяндама барысында насихаттық топ мүшелері тарихи құжаттың тағылымдық жақтарына тоқталып, Жолдауда айтылған басым бағыттарға тоқталды. Сала қызметкерлері қоғамдық өзгерістердің кешегісі мен бүгінгісін сараптап, еліміздің даму қарқынындағы сапалық жетістіктердің тиімділігін атап өтті.

Кездесу барысында Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға ақпараттық-насихаттық топ мүшелері заң аясында тиісті мәліметтер мен жауаптарын берді.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
11.10.2018-12:00:00