ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН АРЫС ҚАЛАСЫНДА НАСИХАТТАДЫ



Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті.

Бұл жолғы Жолдаудың негізгі мақсаты ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыру. 

Кездесуді қала әкімі Мұрат Болатұлы ашып, жүргізіп отырды.
Жиын барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, топ жетекшісінің орынбасары Н.Бадырақов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Садықов, Арыс қаласының құрметті азаматы О.Арыстанбаев және қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ә.Мұхит жолдау аясында баяндамалар жасады.

Баяндама барысында насихаттық топ мүшелері тарихи құжаттың тағлымдық жақтарына тоқталып, Жолдаудың басым бағыттарын атап көрсетті. Сала қызметкерлері қоғамдық өзгерістердің кешегісі мен бүгінгісін сараптап, еліміздің даму қарқынындағы сапалық жетістіктердің тиімділігін атап өтті.

Кездесу барысында Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша тұрғындар тарапынан сала қызметкерлері қойылған сауалдарға заң аясында тиісті мәліметтер мен жауаптар берді.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
11.10.2018-12:00:00