ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН



Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ертеңін ойлайтын, болашағына үмітпен қарайтын ел, ең алдымен ұрпақ тәрбиесіне, шәкірт біліміне ерекше назар аударады» деп атап өтті.

Ұстаз - келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі.

Ұлт ұстазы, қазақтың өткен ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып, озат оқушы болып шығары анық. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- деп атап өткен болатын.

Осы орайда бүгін, қалалық мәдениет үйінде білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Жиын барасында қала әкімі М.Қадырбек, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар үздік мұғалімдер мен білім саласының қызметкерлерін марапаттады.

«Білім беру ісінің үздігі» медалімен Ә.Жүніс, «Ы.Алтынсарин» белгісімен М.Үдерханов пен Н.Оспанова, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы орталығының «Құрмет грамотасымен» Н.Зұлпыхаров, облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы комитетінің кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері «Төс белгісімен» қалалық білім бөлімінің маманы Ж.Асылбекова, Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері Қ.Сейтқұлова, С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі М.Сүйіндіковтер марапатталса, қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы Ж.Мұхаев, М.Мәметова атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің директоры А.Алтынбек, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың «Құрмет грамотасымен», Арыс қаласы әкімінің «Алғыс хаттарымен», Түркістан облыстық білім басқармасының, Түркістан облыстық мәслихат хатшысының және Арыс қалалық мәслихат хатшысының «Құрмет грамотасымен» бірқатар ұстаздар марапатталып, облыстық олимпиада жеңімпаздарының пән мұғалімдері сыйлықтармен және сертификаттар иеленді.

Шара барысында білім саласының қызметкерлері мерекеге орай өлеңдер оқып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
05.10.2018-12:00:00