АРЫСТЫҚТАР КӨНЕ «ТҮЙЕМҰРЫНДЫҚ» ДӘСТҮРІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ



Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Арыс қаласы тұрғындары «Түйемұрындық» облыстық мәдени іс-шарасын өткізді.

Саналы елді мекенінде өткен шараның мақсаты қазақ халқының көне дәстүрлерін қайта жаңғыртып, БАҚ арқылы халық арасында кеңінен наситаттау. Түйемұрындықтың мән-мазмұны: ұзатылып бара жатқан қыз көшінің жолындағы ауылдың әйелдері көшті тоқтатып, арқан керіп, керуеннің шаңырақ түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәде – «түйемұрындық» деп аталған. Қыз анасы оларға тиісті кәдесін жасайды, кәде алғандар ризалық батасын береді.

Бұл дәстүрді өз дәрежесінде атқарып, белсене қатысып, өскелең ұрпаққа мұра етіп дәріптеген арыстықтар арнайы алғыс хаттар және үкілі домбырамен марапатталды.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
13.09.2018-12:00:00