ХАБАРЛАНДЫРУ


Арыс қаласы әкімдігінің
2012 жылғы  «  11 » наурыздағы
№ 96  қаулысына
№ 3  қосымша

Қаланың мөлтек аудандарында және ауылды жерлерде  көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үлгілі үй, үлгілі аула, үлгілі аула округі және үлгілі мекеме жеңімпаздарын марапаттау нысандары.

Қала ауыл тұрғындарын толық жұмылдыру, тұрғын үйлерді көркейту, көгалдандыру, мөлтек ауданның, елді мекендердің көшелерінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар арасында жарыс ұйымдастырылады.Төмендегі шарттарды орындаған қатысушы жарыстың жеңімпазы бола алады:

  1. «Үлгілі үй» атағының қалалық байқауындағы қағидасы: көркейту және санитарлық тазалығы жағынан тұрғын үй қорын мазмұнды, үлгілі ету мақсатында байқау жүргізіледі.

     1.1. Жарыс өткізу мақсаты:

     1) үйдің үлгілі жағдайы;                                                             

     2) аумағының уақтылы тазалануы; 

     3 )талдың егілуі және қырқылуы, гүлзарларды бөлуі;

     4)арықтарды тазалау және талдарды әктеу.

1.2.Iс – шараларды өткізуді ұйымдастыру және бақылау жөнінде коммисияның отырысында жарыстың қорытындысы даярланады және қала әкіміне тапсырылады.

     1.3.Көтермелеу   «Үлгілі үй» атағы берілген иегер қала әкімінің алғысхатымен құттықталды. «Үлгілі үй» белгісі қоса беріліп және жеке қаржылай 50,0 мың теңге беріледі.

    2. «Үлгілі аула» атағының қалалық байқауының мақсаты:  Ауладағы үйлерді,  көшелерін  көгалдандыру мен көріктендіру,  тазалық жағын күшейту мақсатында байқау жүргізіледі.

   2.1  Жарысмақсаты :« Үлгілі аула»атағын  алу үшін төмендегі көрсеткіштерге жету қажет:

            1)  стандартқа сәйкес  жарықтандырылуы және үйдің нұсқау нөмірі, әрбір үйдің аншлагтарының нақтылығы;

            2)  отырғызылған көшеттерді күту, жер суғару, (ирригациялық) жүйенің және көшенің үй айналасының тазалығы;

            3) көп пәтерплі үйлердің кіре берісі және тиісті сыртқы аумағының көріктендірілуі;

            4) көшелермен ауланың уақтылы тазалануы;

  2.2.  Iс – шараларды өткізуді ұйымдастыру және бақылау жөніндегі коммисияның отырысында қорытындысы шығарылады және қала әкіміне бекітуге тапсырылады.

2.3.  Көтермелеу. «Үлгілі аула» атағы бекітілген мекемеге қала әкімінің алғыс хатымен құттықталады. «Үлгілі аула»  белгісі қоса және 100 мың теңге сыйақы беріледі.

  3. «Үлгілі кіреберіс»атағының қалалық байқауындағы қағидасы: көркейту және санитарлық тазалығы жағынан тұрғын үй қорын мазмұнды, үлгілі ету мақсатында байқау жургізіледі.

3.1.Жарыс өткізу мақсаты:

  1. кіреберістің үлгілі жағдайы;
  2. аумағының уақтылы тазалануы;
  3. кіреберістің жылы және жарық болуы;
  4. есік және әйнектерінің бүтін болуы.

      3.2.Iс – шараларды өткізуді ұйымдастыру және бақылау жөнінде  комиссияның отырысында жарыстың қорытындысы даярланады  және  қала әкіміне тапсырылады.

3.3.Көтермелеу «Үлгілі кіреберіс»атағы берілген иегер қала әкімінің алғыс хатымен құттықталады.  «Үлгілі кіреберіс» белгісі қоса беріліп және жеке қаржылай 50,0 мың  теңге сыйақы беріледі.

4.«Үлгілі ауыл» атағы елді мекендер арасындағы жарыстың мақсаты: Елді мекендер  аумақтарын көркейту,  көгалдандыру  және санитарлық тазалықты ұйымдастыру мақсатында байқау өткізіледі.

4.1. Жарыс мақсаты: Ең жақсы көрсеткішке жеткен ауыл әкімшіліктері төмендегі  көрсеткіштерді толық орындаған жағдайда жарыс жеңімпазы болып саналады.

  1. ауыл аймақтарын көшелерді көркейту, олардың санитарлық тазалығы және күл-қоқысын шығару;
  2. әкімшілік  ғимараттарды,  өндірістік орындарды,  талдарды,  тұрғын үйлерді әктеу, қақпаларды және қорғандарды сырлау;
  3. елді мекен аумақтарын түрлендіру, әрлеу;
  4. «Үлгілі үй»  және «Үлгілі көше»   атағында көрсетілген талаптардың орындалуы шарт.

4.2. Іc –  шараларды өткізуді ұйымдастыру және бақылау жөніндегі комиссия отырысында  айлықтың бітуіне  қарай  жарыс  қорытындысы шығарылады және қала әкіміне бекітуге ұсынылады.

4.3.Көтермелеу.  «Үлгілі ауыл»  атағы берілген жағдайда қала әкімінің алғыс хатымен құттықталады  және  «Үлгілі ауыл» белгісі қоса беріледі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
13.09.2018-12:00:00