ЗАМАНАУИ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРАЙЫҚ


Мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің алдына қойып отырған Елбасының басты талабы ашықтық және қолжетімді еңбекті арттыру болып отыр.

Қызмет көрсетудің электронды жүйесін кеңінен қолдану, ең алдымен, қызметкерлерді қағазбастылықтан құтқарады. Онлайн тіркелудің бір жүйеге түскені арқылы кез-келген адам ғаламтормен үйде отырып-ақ жұмыс іздеп, түйіндемелерін өзі қалаған жұмыс беруші мекемеге электронды түрде жіберіп, жауабын электронды түрде ала алады. Ол үшін «egov.kz» азаматтарға арналған үкімет порталы немесе enbek.kz порталына кірсе өзі қалаған жұмыс пен кәсіптік бағдар беретін оқу орындарын анықтап, ондағы оқыту мерзімдері мен мамандық түрлерімен танысуларына болады. Содан соң барып өзіне қолайлы мамандықты таңдап, жұмысқа орналасуларына болады.

Қарап отырсаңыз бұл қоғам үшін өте тиімді әрі жолға шығыншығармайсыз. Сонымен қатар өтініш жазуға қағаз жұмсамайсыз. Ол үшін тек үйіңізде интернет желісі мен қолыңызда электронды цифрлы қолтаңба кілті (ЭЦП ключ) болса болғаны.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» ұйымдастыруымен Қазақстандағы жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары, жалпы ғаламтордағы қолжетімді барлық деректер туралы enbek.kz порталында біріктіріледі.

Толық мәліметті «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нен білуге болады. Мекен жайымыз Төле би көшесі №25 тел: 2-21-33


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
13.08.2018-12:00:00