«АДАЛ ЖОЛ- ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДЫ ЖИЫН ӨТТІ



Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті бекіткен жоспарға сәйкес, қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Адал жол - Честный путь» акциясы аясында жиын өтті.

Басты мақсат - қоғам дертіне айналған жемқорлықтан жирену, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Аталған акция барысында ұсыныс-пікірлері ортаға салынып, заң аясында тұщымды жауаптар берілді.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
10.08.2018-12:00:00