СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АРЫСТА



Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы жұмыс сапарымен Арыс қаласына арнайы келіп, тұрғындармен кездесті.

Аталған жиынға қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаева, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, білім, мәдениет, денсаулық, спорт салаларының қызметкерлері, зиялы қауым, жастар өкілдері қатысты.

Жиын барысында Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, тұрғындардың толғандырған мәселелерін тыңдап, ұсыныс-пікірлерге тұщымды жауаптар беріп, қалада атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға оң бағасын берді.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
08.08.2018-12:00:00