КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ



Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда Елбасының бағдарламаларындағы қойылған міндеттерді орындаудың маңызы өте зор.

Осы орайда, бүгін қала әкімідігін үлкен мәжіліс залында Қадырбек Мұрат Болатұлының төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2018 жылға белгіленген болжамды бюджет түсімдерін барлық түсім көздері бойынша, толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету және салық салу базасын кеңейту» бойынша мәжіліс өтті.

Аталған мәжіліске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті Сырдария ауданаралық басқармасының басшысы Зейнабилов Әлайдар Болатұлы және Арыс қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Омаров Нұркен Зейітханұлы, қалалық мәслихат хатшысы Байтанаев Амантай Алтынбекұлы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері Гүлмира Төлегенқызы, жергілікті құқық қорғау және уәкілетті органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, мамандар тарапынан заң аясында тұщымды жауаптар берілді.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
06.08.2018-12:00:00