2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы


2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Жалпы өңірлік өнім көлемі 2018 жылдың 6 айында 9,2 млрд. теңгені немесе 112,9 пайызды құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 млрд. теңгеге артқан.

Өнеркәсіп

2 млрд. 1,8  млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 104,4% құрады.

Тау-кен өндіру саласында 25,8 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 118,1% құрады.   

Өңдеу өнеркәсібі  4,3%-ға артып 1455,4 млн. теңгені құрады.            

  Қалада өнеркәсіп өнімдерін өндіретін заңды тұлғалардың саны 12 бірлік, оның  ішінде: 3 ірі және орта кәсіпорындар, 7 шағын кәсіпорын, 2 қосалқы кәсіпорындар жұмыс жасауда.

Инвестиция

2 млрд. 996,8 млн. теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 180,3% құрады.

Бюджет есебінен барлығы 1 млрд. 336,5 млн.теңге инвестиция тартылған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 127,6% немесе 288,8 млн. теңгеге артқан.

Жалпы жеке меншік инвестициялардың көлемі 1 млрд. 660,3 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 есеге немесе 1 млрд. 127,8 млн. теңгеге артқан.

Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК)

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  3581 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субьектілерінің саны 3039 бірлік, 84,9% құрайды.

Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрі бойынша үлес салмағы:

Ауыл шаруашылығы 1466 бірлік немесе 40,9%;

Сауда саласы 1134 бірлік немесе 31,7%;

Қызмет көрсету 433 бірлік немесе 12,1%;

Өзге қызметтер 548 бірлік немесе 15,3% құрайды.

Оның ішінде: 369 бірлік заңды тұлға, 1045 шаруа қожалығы және  1640 бірлік жеке кәсіпкер. Жылдық жоспар 91,2%, 6,3% кем орындалған.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 2018 жылдың 6 айында өндірген өнімдері мен ұсынылған қызметтерінің көлемі 7 млрд. 768,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,0% жетіп, 895,9 млн. теңгеге артты.

Шағын несиелендеру бойынша 2018 жылдың 6 айында барлығы 1259 адамға 710,7 млн. теңге шағын несиелер берілген.

Оның ішінде «Арыс несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 11 адамға 152,5 млн. теңге қаржы берілді. «Максимум» АИО» ЖШС-нің еншілес ұйымы «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы 35,3 млн теңгеге 25 адамға несие берілді. «КazMicroFinance» ЖШС арқылы 1223 адамға 522,9 млн.теңге несиелер берілді.

Индустрияландыру картасына «Арыс минералды су» ЖШС енгізіліп, басқармамен облыс әкімдігінің қаулысы дайындалуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беру талаптарына сәйкес конкурсқа Арыс қаласынан «ЖК С.Қожахметова» асқабақ және қауынды өңдеудің жаңа технологиясы жобасымен қатысуда.

         Сауда саласы

         Сауда саласында 5 базар, 1 сауда қатары жұмыс жасайды, оның ішінде 3 аралас базар, бір көкөніс және 2 мал базары жұмыс жасайды. Оларда  368 сауда орындары бар. Жалпы Арыс қаласы бойынша   417 сауда нысандары жұмыс атқарады.

Бөлшек сауда айналымы 1 млрд. 236,3 млн. теңгеге  жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,0% құрады.

Ауылшаруашылығы

4 млрд. 135,9 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 99,5% құрады. .

Арыс қаласының жалпы алып жатқан жер көлемі  – 765395 гектар.

                                                           суармалысы             – 28447 га.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер           – 440053 га

         Оның ішінде:

    - Егістік жер                        – 22110 га.

    - Көп жылдық екпе             – 337 га

    - Тың жер (залеж)              – 26791 га

    - Шабындық                        – 225 га

    - Жайылым                         – 553502 га

    - Канал, жол, лотоктар, құрылыс

    және тағы басқа жерлер    – 207501 га.

Елді мекендердің жері                                     – 25236 га.

Өнеркәсіп жері                                                 – 5997 га.

Ерекше қорғалатын аймақ                              – 28332 га.

Орман қоры жері                                             – 161985 га.

Су қоры жері                                                    – 4972 га.

Қаланың арнайы жер қоры                             – 98820 га.

Агроқұрылымдардың жалпы саны    – 1488,  жер көлемі - 440004 га.

Шаруа қожалықтар саны                             – 1123,  жер көлемі – 149931 га

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі саны – 320,   жер көлемі – 225836 га

Өндірістік кооперативі саны                         – 98,      жер көлемі – 63837 га

Басқада жерлер                                            – 3,        жер көлемі – 400 га

Ағымдағы жылы егіс егу жоспары 22900 га ал нақты егілгені             27313 га немесе 119 пайыз.

Ақдала ауылдық округінде ЖК Р.Кенжебаев 1,3 га жерге жылыжай салды.

Тамшылатып суғару әдісін ендіру тапсырма 900 га, орындалғаны   905 га, немесе 100,5%.  Агрофирма «Жаңа Ақдала» ЖШС 815 га, «Қазына жер ЛТД» ЖШС 90 жүгері.

Қарқынды бау шаруашылығын дамыту тапсырма 20 га, оның ішінде:  қарқынды бау жүзім 10 га. Жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде.

Терең қопсыту әдісін ендіру тапсырмасы 4800 га, оның орындалуы  4800 га, немесе 100,0%.

Ауыл шаруашылығы техникаларын алу тапсырмасы 43 бірлік, орындалғаны 44 бірлік, немесе 102,3%.

Мал шаруашылығы жалпы өнімі 4 млрд. 65,4 млн. теңгені құрап, нақты көлемінің индексі 99,0%, немесе 1,0% кем орындалған.

2018 жылы шаруашылықтың барлық санаттары бойынша мал шараушылығы өнімдерінің негізгі түрлері өткен жылмен салыстырғанда: ет 97,4%, 3622,8 тонна. 2017 жылдың  тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,6 тоннаға кем өндірілген. Сүт – 103,1%,  10174,0 тонна. Жұмыртқа – 101,6%, 3846,0 мың дана өндірілді. 729,7 тонна жүн қырқылып, 105,2% орындалды.

Ірі мүйізді қара малдың саны 35,7 мың бас, 2017 жылмен салыстырғанда 107,9%, қой мен ешкі 425,2 мың бас -102,0%, жылқы14,0 мың бас-1027,3%, түйе 2,2 мың бас – 132,2% -құраған. Құс 18,7 мың басты құрап, 97,0%, 3,0% азайған.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қара мал алу тапсырмасы600 бас, алынғаны 638 бас немесе 106,0%.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша қой алу тапсырмасы1002 бас, алынғаны 1200 бас немесе 119,0%.

«Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы алу тапсырмасы 167 бас, алынғаны 175 бас немесе 104,0%.

Мал бордақылау алаңдарын салу тапсырмасы 165 бірлік, орындалғаны 169 бірлік немесе 102,4%.

Ветеринария саласы

Ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларына қарсыегіп емдеу профилактикалық іс-шаралар жүргізу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Диагностикалық зерттеу барысында 3 бас ірі қара мал мен 4 бас уақ мал бруцеллез ауруына оң нәтиже берген, аталған малдар Шымкент қаласы, Сайрам елді мекеніндегі «Замин» ЖШС-нің шұжық цехына санитарлық союға өткізілді. Акті түзілген, ауру малдар тұрған қора жайларға дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында қалалық бюджеттен 24,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда.

Қалалық жергілікті бюджеттен 3,9 млн. теңге бөлініп, 4050 бас ит мысықты аулап жою жоспарланған.

Жыл басынан 2537 бас ит мысық 62,0 пайыз ауланып жойылды.

Мал сою алаңдары жөнінде.

Қалада 2 мал сою бекеті, екі мал сою алаңдары бар. Барлығы өз қаражаты есебінен салынған, есептік нөмірі алынып жұмыс жасауда.

Сәулет және құрылыс салалары

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд. 117,1 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 109,3% құрады.

Дермене ауылдық округі Саналы және Шаян елді мекендеріндегі 150 және 200 орындық 2 орта мектептердің құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Нысандардың құрылысы аяқталып, мемлекетке қабылданды.

Тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету мақсатында қаланың «Көктем-2» тұрғын ауданында 36 пәтерлік 3 үйдің құрылысы  жүргізілуде, тұрғын үйлер ағымдағы жылдың қыркүйек аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.

Аталған №1, 2, 3 тұрғын үйлер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған тұрғын ауданынан тағыда 3 қабатты 36 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Нысандар 2019 жылға өтпелі.

Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен:

Монтайтас, Жиделі, Дермене ауыл әкімдіктері ғимараттарының, Монтайтас, Байырқұм ауылдарында мал өлекселерін тастайтын Беккари шұңқырларының құрылысы жүргізілуде.

«Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасын жаңдандыру мақсатында қалада тағыда 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге, қажетті қаржыға сұраныс берілді.

1 млрд. 259,7 млн. теңгеге 17905 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй іске қосылды.

Тарихи-мәдени ескерткіштерін,  мемлекеттік  табиғи қорының   жергілікті маңызы бар обьектілерін сақтау, күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық

Арыс қаласы және елді мекендердің табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша.

Жалпы Арыс қаласы бойынша 33 елді мекеннің жоспар бойынша 25 елді мекені табиғи газбен қамтылады. Қалған 8 елді мекен  экономикалық жағынан тиімсіз.

Арыс қаласын (Онтам және Сырдария е.м. қоса алғанда) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін,  құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу 2018-2020 жылдарға жоспарланған. Жоба бойынша Арыс қаласының (Онтам және Сырдария е.м. қоса алғанда) 9849 тұрғын үй, 49259 халықты табиғи газбен қамту қарастырылған. Тамыз айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. 

Облыстық бюджеттен 2017-2018 жылдарға Байырқұм, Көкжиде, Аққала, Жиделі елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау сметалық құжаттамаларына 36,2 млн. тенге бөлініп, дайындалуда.

Ауыз су бойынша

Арыс қаласы мен 32 елді мекеннің 19 елді мекені орталықтандырылған құбыр суымен, 14  елді мекені құдық және ұңғы суын пайдаланады.

Арыс қаласының «Талдықұдық» және «Отырар» тұрғын аудандарына магистралды су өткізгіштер тораптарының құрылысы жүргізілуде. 2018 жылға республикалық бюджеттен 705,0 млн. теңге бөлінді, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы толық аяқталуы күтілуде. 

Ауыз су құбырлары жүргізілмеген 14 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 7 елді мекенге жобалық сметалық құжат дайындалып, сараптама қорытындысы алынды.

Жарықтандыру бойынша:

«Наурыз» және «Оңтүстік» тұрғын ауданының электр желілерінің құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 196,2 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Абаттандыру жұмыстары

Қонаев көшесі бойындағы «Құрметті азаматтар» аллеясын абаттандыруға қалалық бюджеттен 48,7 млн. теңге бөлініп, абаттандыру жұмыстары толық аяқталып, нысанды пайдалануға қабылдау актісі рәсімделуде.

Әл-Фараби көшесі бойынан «Мәңгілік ел» саябағын абаттандыруға қалалық бюджеттен 28,1 млн. теңге бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Нысан пайдалануға тапсыруға дайындалуда.

«Арыс-Шымкент» автомобиль жолының бойынан «Арыс» қаласы белгісін абаттандыруға 3,8 млн. теңге бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қаладағы «Орталық» саябақтың маңындағы «Бассейн» және «Қымызхананың» ескі орнын абаттандырудың, Байтұрсынов көшесіндегі №110  көпқабатты тұрғын үйдің маңын абаттандырудың  және Абдразақов көшесіндегі №36 көпқабатты тұрғын үйдің маңын абаттандырудың  жобалары дайындалып, жобалар 2019 жылы жүзеге асырылатын болады.

Жол саласында атқарылған  жұмыстар

Облыстық маңызы бар КХ-8 «Өзбекстан Республикасы шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-р/д М-32» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1  млрд. 180,0 млн. тенге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2019 жылға өтпелі.

2018 жылы 40 көшені орташа жөндеу және тас төсеу жұмыстары жоспарлануда.

Дермене  ауылдық  округінің,  Шаян  елді   мекенінде Бөген өзені арқылы өтетін жаяу жүргінші көпірін салу үшін қалалық бюджеттен 8,7 млн. тенге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу үрдістері жүргізілуде.

Бюджет

Қала бюджеті түсімдерінің жоспары  6 млрд. 378 млн. теңге, нақты түскені 6 млрд. 537 млн. теңге, жоспар 102,5% орындалып, 158,7 млн. теңге қаржы артығымен түсті.

Жергілікті кірістер жоспары 623,5 млн. теңге, нақты орындалғаны 782,2 млн. теңге,  жоспар 125,5% орындалып, 158,7 млн. теңге қаржы артығымен түсті.

Трансфеттер түсімдері 5 млрд. 754,8 млн. теңге көлемінде жоспарланып, 100,0% түсті, оның ішінде: Ағымдағы нысаналы трансферттер 344,9 млн. теңге, нысаналы даму трансферттері 1 млрд. 99,6 млн. теңге, субвенциялар 4 млрд. 193,6 млн. теңге.

Коммуналдық меншік

Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің  барлығы  2017 жылғы  қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесінде таза пайдамен шығып, тиісті 952,8 мың теңгені  мерзімінде жергілікті  бюджетке аударды.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітіліп берілген ғимараттардың бос жайларын  жалға беру бойынша жыл басынан 48 келісім-шарт түзілді. 2752,12 шаршы метр бос жай жалға берілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

2018 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 10 маманға 168350 тенгеден көтерме жәрдемақы төленді.

Жұмыспен қамту саласы

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде жалпы  1541 адам  жұмыспен қамту шараларына қатысты.

1- Бағыт: Бағдарламаның еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіби оқытуды ұйымдастыру бағыты бойынша:

155 азамат Шымкент және Арыс қалаларындағы оқу орындарында қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап үш айлық мерзімге жолданды.

Қаралған қаржы 36,3 млн. теңге. Арыс қаласындағы №17 Колледжіне 60 және Арыс қаласының гуманитарлық-техникалық колледжіне 45 адам жолданды.

Шымкент қаласындағы Шымкент аграрлық колледжіне 10, Оңтүстік Қазақстан Индустриалды-құрылыс колледжіне 30 және Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжіне 10  адам жолданды.

2-бағыт: Бағдарламаның жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша:

Шағын несие алуға ниет білдірген 24  азаматқа  мал шаруашылығын дамыту бағытында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» облыстық филиалына жолдама берілді. 2 азаматқа 15,0 млн. теңге шағын несие беріліп, қалған 22 ниет білдірушінің құжаттары несие ұйымында қаралуда.

3- бағыт: Бағдарламаның халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша:

22 жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына 155 жұмыссыз азаматтар жолданып, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласында еңбек етуде.

Жастар практикасына темір жол, білім беру, денсаулық сақтау салалары, жергілікті атқарушы органдар және кәсіпкерлер тарапынан өтінім берген 59 мекемеге 133 жас маман жұмыспен қамтыла отырып (жоспар 130), тәжірибелерін жинақтауда.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 130 жұмыссыз азамат жолданып, жұмыс жасауда.

Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 962 азаматқа  жолдамалар берілді.

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша:

1015 отбасындағы 5164 адамға 209,1 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

Шартты ақшалай көмек тағайындалған отбасылардан еңбекке жарамды 93 адам әлеуметтік жұмысқа, 11 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам жастар практикасына, 8 адам қысқа мерзімді оқу курстарына жолданды, 664 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Білім беру

2017-2018  оқу жылында 89 білім беру ұйымдары жұмыс жүргізеді.  Мектептердің жалпы саны 39, оқушылар саны 19058. Орта мектептер саны 24. Негізгі орта мектеп саны 1. Бастауыш білім беретін мектептер саны 5. Шағын жинақталған бастауыш мектеп 9.

Мектепке дейінгі ұйымдарының саны 48.  Мемлекеттік балабақша  10.  Мектеп жанындағы шағын орталықтар 7. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы балабақша саны 31. Жалпы тәрбиеленушілер саны 4402, қамтылуы 88,0%  құрайды.

Мектептен тыс мекеме 2. Өнер мектебі және жас туристер, натуралистер станциясы. Жалпы қамтылған бала саны 427. Білім беру мекемелерінде 2154 педагог жұмыс жасауда.

Білім беру ұйымдарының оқу материалдық базасын жаңарту мақсатында қалалық бюджеттен 64,4 млн. теңге қаржы бөлініп, 1 химия, 1 физика, 1 биология, 2 ЛМК және 1 информатика кабинеттері,  оқушыларға темір шкафтар, компьютер жиынтықтарын және принтерлер  және орындықтар сатып алынды.

Күрделі жөндеуден өткізу үшін қалалық бюджеттен 187,2 млн. теңге қаржы бөлініп, М.Шаханов,  С.Адамбеков атындағы жалпы орта, №4 және Теміржолшы бастауыш мектептерін күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда.

2017-2018 оқу жылында ҰБТ өткізу, дайындық барысы,  қорытындысы

2017-2018 оқу жылында 24 жалпы орта мектептің 11 сыныпты  бітірушілер саны 1112, оның «Алтын белгі» белгісіне үміткер оқушы саны  67, «Үздік аттестатқа» үміткер оқушылар саны 71.

Бітірушілердің жалпы санынан 828-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге тапсыруға өтініш білдіріп, оқушылар  қатысымы 74,5  пайызды құрады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 824 оқушы қатысып, жалпы көрсеткіш  80,34  орта балл құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 балға артқан.

Оқулықтармен толық қамту үшін 2017-2018 оқу жылына   оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарына 134,4 млн. қаржы бөлініп, 2, 5, 7-сыныптар үшін жалпы саны 95370 дана оқулықтар сатып алынған.

2018-2019 оқу жылына кезекті 3, 6, 8-сыныптардың оқулықтарын сатып алу үшін қалалық бюджеттен 178,3 млн. тенге бөлінді.

Жазғы сауықтыру шаралары

Абай атындағы жалпы орта мектебінің базасында «Балдәурен» лагері жұмыс жасауда. 750 бала қамту жоспарлануда.

Әлеуметтік картада есепте тұратын 1279 баланың  1151-і лагерге қамтылды. 30 мектеп жанындағы тамақпен қамтамасыз етілетін демалыс лагеріне 3,8 млн. теңге  қаржы қаралып,  1 маусым мен  10 маусым аралығында қамтылды. Сонымен қатар  жолдамамен өзге аудандардағы  жазғы сауықтыру демалыс лагерлерінде демалуға 11,3 млн. теңге қаржы қаралып,  жалпы 342 оқушылар маусым-тамыз айлары аралығында қамтылуда. 

Т.Тәжібаев атындағы балалар үйіне орналасқан 70 мектеп оқушылары 3 маусым бойы жалпы 210 оқушы  Машат шатқалындағы  лагермен  қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 2018 жылдың шілде айында Қожатоғай ауылдық округінің Шөгірлі елді-мекенінен  жазғы сауықтыру лагері ашылып, 4 аусымда 160 баланы қамту жоспарлануда.

Білім беру саласын цифрландыру туралы

Мектептерді 4Мб/с жоғары жылдамдықты интернетке қосу үшін қалалық бюджеттен 21,6 млн. теңге қаржы бөлінді.

Алдағы уақытта 18 мектепті талшықты–оптикалық интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде секундына 20 Мб/с (мегабит секундына) дейін жылдамдығын арттыру күтілуде және алыс шалғай елді мекендердегі мектептерге радиомост арқылы интернет желісіне қосу жоспарлануда. Қалалық бюджеттен 12,3 млн. теңге бөлінді.

Мәдениет саласы

        Мәдениет үйі, 5 ауылдық клубтар. 3 кітапханалар, 14 ауылдық  кітапханалар және тілдерді оқыту және дамыту орталығы жұмыс жасауда.

         Облыстық деңгейде «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» өнер фестивалінде  Арыстық өнерпаздар жүлделі ІІІ- орын иегері атанды. Жалпы қалалық мәдениет үйінде 274, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 303 іс-шара өткізілді.

         Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қалалық бюджеттен  мәдениет үйіне 3,5  млн. тенге қаржы, кітапханаға 1213 мың теңге қаржы қаралды. 

Спорт саласы

Қалада 4 спорт мектептері жұмыс істейді. Спорт мектептерінде қазіргі таңда барлығы 2656 оқушы спорттың  13 түрімен оқу жаттығуларымен айналысуда.  

Балалар  жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 8 түрімен  536 бала, 41 топта жаттығуда. №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 9 түрімен  786 бала 46 топта жаттығуда. Бокс мектебінде 526 жасөспірім 41топта жаттығуда  және Футбол және спорттық ойындар мектебінде спорттың 4 түрімен 808 бала 48 топта жаттығуда.    

Жалпы 165 іс-шара өтіп, оларға 21320 адам тартылды. Күнделікті спортпен айналысатын адам саны 20000, тұрғындардың 27,0% құрайды.

Ішкі саяси ахуал

Қала аумағындағы қоғамдық саяси ахуалды тұрақтандыру және келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында қаладағы мекемелерге, ауылдық округтерге, мектептерге ай сайын қоғамдық-саяси ахуалға сараптама жасалуда. Саяси ахуал тұрақты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрамында  25 мүшесі бар 4 ақпараттық-насихаттық топ құрылып қала мен елді мекендерде бекітілген желілік кестеге сәйкес 42 жиын өтіп, оған  4254-адам қатысты. Медиа-жоспарға сәйкес «Арыс ақиқаты» газетінде  14 мақала жарық көріп, жергілікті «ART TB» телеарнасында 19 бейнесюжет көрсетілді. Облыстық ақпараттық-насихаттық топпен 7 жиын өтіп, оған 847 адам қамтылды. Ауылдық округтер мен қаланың басты көшелерінде және білім мекемелері мен бала-бақшаларда жалпы саны 42 билборд орнатылды.

Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер

Арыс қаласы әкімдігі жанынан құрылған «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл» жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары бекітіліп, ережеге сәйкес 1 рет кеңес отырысы өткізілді.

Арыс қаласы бойынша ресми тіркелген қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың саны 7.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар

Арыс қаласы аумағында жұмыс жасап жатқан діни конфессиялардың жалпы саны 2. Олар: Исламдық, Христиандық бағытта.  Қала аумағындағы діни бірлестіктер мен филиалдар 27.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуір күнгі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында атқарылған жұмыстар.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатындағы іс-шаралар жоспары бекітілді.          Бекітілген іс-шара жоспары тиісті бөлімдер мен мекемелерге жолданып, бүгінгі таңға түрлі бағыттағы   98 іс-шара ұйымдастырылып өтті. Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша қала және ауылдық округтерде 82 үгіт-насихаттық билборд орнатылды.   Арнайы айдарлар ашылып, «Арыс ақиқаты» газетінде 19 мақала, «Шалқар шыңдары» газетінде 9 мақала, жалпы 28 мақала жарияланды.    Ал, жергілікті «Арыс толқындары» телеарнасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  атқарылған жұмыстар бойынша бүгінгі таңға дейін 42 сюжет көрсетілді. Сонымен қатар, ұйымдастырылған барлық іс-шаралар «Арыс қаласы әкімдігінің ресми ontustik-aris.gov.kz сайтында» 75 мақала, әлеуметтік желілердегі Фейсбук, Твиттер, Инстаграм парақшаларында 225 шағын мақалалар және 65 бейнероликтер жарияланды.

Жастар саясаты

14-29 жас аралығындағы жастар саны 18851. Жалпы жастар арасында ұйымдастырылған түрлі бағыттағы іс-шаралар саны-63. «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы тарапынан жалпы 14 іс-шара өтті.

Ұйымдастырылып өткізілген барлық іс шараға жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдары ақпараттық қолдаулар көрсетті. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған 31 азаматқа және зорлық көрген 5 азаматшаға психологиялық көмек көрсетілді.

Қоғамдық қауіпсіздік

255 қылмыс тіркелген. 146 қылмыс ашылып, қылмыстардың ашылуы 57,2 пайызды құрады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 26, ашылғаны 25.

13 жол көлік оқиғалары тіркеген, 2017 жылмен салыстырғанда 13-ке азайған.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
31.07.2018-12:00:00