ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТУ – ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗ!



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Монтайтас ауылдық округінің 1998 жылы мектеп бітіруші түлектерінің демеушілігімен «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» тақырыбында кіші спорт алаңшасының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шарада ауыл жастары арасында кір тасын көтеру, кермеге тартылу және кіші футболдан жарыс өтті. Жарыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


  


  



 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
23.05.2018-12:00:00