2017 жылы атқарылған жұмыстар


Қала бюджеті жыл бойынша 12 млрд. 258 млн. теңгеге нақтыланып, 1 млрд. 767 млн. теңгеге артты. Жалпы кірістердің жоспары 12 млрд. 258 млн. теңге болса, нақты орындалатыны 12 млрд. 283 млн. теңге, 100,2% немесе 25 млн. теңгеге артық орындалды. Оның ішінде жергілікті түсімдердің жоспары 1 млрд. 720 млн. теңге,  нақты орындалғаны 1 млрд. 745 млн. теңге, 101,4%  немесе 25 млн. теңгеге артық түсім болды.

2017 жылыдың 11 айында 6 млрд. 735  млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өнідіріліп, нақты көлем индексі 103,4% құрады.

        Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан «Қазына жер ЛТД» ЖШС-і тарапынан 2017 жылдың 11 айында  3541 тонна сүт сауылды.

        Алынған сүт кәсіпорындарға сатылған, олар «Алтын-дән» ЖШС-не, «Компания Фудмастер-Шымкент» ЖШС-не, «Отырар Сүт-Ет» СТК-на және «Сайрам сүт» ЖШС-на сатылған, бұзауларды қоректендіруге қолданылған. 

         «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 2017 жылы 11 жобаға қолдау көрсету жоспарланған.

        4 жобаға қолдау көрсетілген, оның ішінде: 2 субсиядиялау, 1 кепілдік беру және 1 гранттық  жоба.

        2017 жылдың 11 айында гранттық жоба ретінде 4 жоба облыстық комиссияға ұсынылып, оның 2 жобасы комиссиямен мақұлданды.

        (Олар, «ЖК Г.Асанова» құны 3,0 теңгені құрайтын бөдене өсіру жобасы. ШҚ Д.Муталиев құны 3,0 теңгені құрайтын  етті бағытта үндік өсіру жобасы).

        Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын несиелендеру бойынша
2017 жылдың 11 айында барлығы 137 адамға 487,9 млн. теңге несиелер берілген.

        («Арыс несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 47 адамға 268,6 млн. теңге қаржы берілді. «Максимум» АИО» ЖШС-нің еншілес ұйымы «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы 118,7 млн теңгеге 63 адамға несие берілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ОҚО филиалы арқылы 27 адамға 100,5 млн. теңге несиелер берілген).

        Бөлшек сауда айналымы 1 млрд. 833,6 млн. теңгеге  жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,2% құрады.

        2017 жылы 11 айда 12 млрд. 297 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 111,2% құрады.

        22,11 мың га жерге егіс егіліп, меже 100% орындалды. Оның ішінде суармалы жерді игеру тапсырмасы 13,0 мың га, орындалған 13,3 га, яғни 102,3% құрады.

        Қала бойынша 5,0 гектар жылыжай салу жоспарланып, 5,06 гектар іске қосылып, жылдық жоспар 101,2% орындалды.    

        Тамшылатып суару әдісін 900 га жерге енгізу жоспарланса, 1178 га жерге енгізіліп, жылдық жоспар 130,9 % орындалды.

        «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма 235 бас ірі қара мал алынуы керек, нақты 294 бас алынды, немесе 125,1%  орындалды.

        «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма 1587  бас уақ мал алу тапсырылған, нақты 2400 бас алынды, немесе 151,2%  орындалды.

        «Құлан» бағдарламасы бойынша межеленген 149 бас жылқы алу жоспарланса, қазіргі таңға 150 бас жылқы алынып, жылдық жоспар 100,7% орындалды.

        2017 жылы шаруашылықтың барлық санаттары бойынша мал шараушылығы өнімдерінің негізгі түрлері өткен жылмен салыстырғанда: ет –104,1%, 6751 тонна, сүт –103,8%,  17844 тонна, жұмыртқа –100,8%, 6 млн. 964 мың дана өндірілді.

        Ірі мүйізді қара малдың саны 33,4 мың бас, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (109,4%), қой 352,3 мың бас (101,0%), жылқы 12,1 мың (123,5%), түйе 1,8 мың (112,8%),басты құрады.

Табиғатты пайдалану және қорғау саласында «Жасыл аймақ» іс-шарасы бойынша 108,8 га жерге 46,7 мың түп көшет егілді.     

Инвестиция, Құрылыс саласы

2017 жылы 11 айда 4 млрд. 633 млн. теңгеге инвестиция тартылды.  Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 653  млн. теңгені құрады.

2017 жылы 985 млн. теңгеге 25760 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. нақты көлем индексі 131% құрады.

Бюджет есебінен:

1 млрд. 716 млн. теңгеге «Отырар», «Оңтүстік», «Наурыз» тұрғын аудандарында инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп, 74,4 шқ ауыз су құбыры тартылып, 27,8 шқ автомобиль жолы салынды.

Көкжиде елді мекеніндегі М.Мәметова атындағы орта мектеп жанынан спортзал құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (қаржысы 48,8 млн. теңге).

«Көктем-2» тұрғын ауданы №8 көшесіндегі 3 қабатты 36 пәтерлі №1, №2, №3 тұрғын үйлер (қаржысы 580 млн. теңге) және Дермене ауылдық округі Саналы және Шаян елді мекендеріндегі 150 және 200 орындық 2 орта мектептердің (қаржысы 331 млн. теңге) құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысандар 2018 жылға өтпелі.

«Отырар» тұрғын ауданын электр энергиясымен қамтамасыз етудің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді (қаржысы 217,3 млн. теңге).

Сырдария елді мекенін (қаржысы  56,2 млн. теңге),  Қожатоғай елді мекенін аржысы 223,3 млн. теңге) ауыз сумен қамтамасыз етудің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. «Талдықұдық» және «Отырар» тұрғын аудандарын магистралды ауыз су құбыры құрылысы жүргізілуде. (қаржысы 78,0 млн тенге).

Теміржолшы, Сырдария, Саналы, Қаражантақ және Азизаев көшесіндегі коммуналдық меншіктегі су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (қаржысы 36,8 млн. теңге).

Қаладағы 2 көшедегі кәріз жүйесіне  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. (қаржысы 2,4 млн. теңге).

Қаламыздың 9 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. (қаржысы 104,2 млн тенге Майлы-қожа №110, 112, Абдразақов №45, 46, Әл-Фараби №5, А.Байтұрсынов  №110, МПС №15, Байжанов  №24, 29 үйлер).    

Қаладағы  көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына 5 дана «Street workout» спорт жаттығу құрылғылары орнатылды (қаржысы  4,4 млн. теңге).

 Әйтеке би көшесіне 1 дана ойын алаңшасы қойылды (қаржысы 1,1 млн. теңге). ШПЗ және Т.Маметов көшелеріне 2 дана ашық спорт алаңшалары салынды (қаржысы 28 млн. теңге).  Қаламыздағы 5 нүктеге заманауи аялдамалар орнатылды (қаржысы 12  млн. теңге).  

Аудандық маңызы бар «Байырқұм – Көкжиде» автомобиль жолының құрылыс аяқталды. (қаржысы 179 млн. теңге).

Қаладағы және елді мекендердегі 34 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: 13 көшеге тас төселінді, 12 көшеге асфальт төселінді,                         9 көшеге аяқжол төселінді. (қаржысы 231 млн. теңге).

Ақдала, Байырқұм, Монтайтас, Жиделі, Аққала елді мекендерінің егжей-тегжейлі жоспарлары әзірленді. (қаржысы 10,2 млн. теңге).

ЖСҚ дайындау жұмыстары:

Арыс қаласын (Онтам, Сырдария) табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысының 3 кезеңінің, «Көктем-2» тұрғын ауданы №8 көшесіндегі 3 қабатты 36 пәтерлі №4, №5, №6 тұрғын үйлердің, 5 қабатты 60 пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылыстарының, Монтайтас және Байырқұм  ауылдық округінде мал өлекселерін тастайтын Беккари шұңқырларының, «Оңтүстік», «Наурыз» тұрғын аудандарын және Саналы, Ақдала елді мекендерінің жаңа көшелерін электр энергиясымен қамтудың, екі қабатты тұрғын үйлерге кәріз жүйесін жүргізудің, Аққала, Көкжиде, Ақдала, Шөгірлі елді мекендерінің су жүйелері құрылысының, Шаян елді мекенінде Бөген өзені арқылы өтетін жаяу көпір құрылысының, 6 мектептің ғимараттарын күрделі жөндеудің, 2 көпқабатты тұрғын үйге сейсмонығайту күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің, Жиделі ауылдық округінде орналасқан 3-К-1, 3-К-2 және 3-К-3 каналдарын қалпына келтірудің, Әл-Фараби көшесі бойындағы  «Мәңгілік ел» саябағын, Д.Қонаев көшесі бойындағы «Арыс қаласының құрметті азаматтар аллеясы», «Арыс» қаласы белгісі орнын» абаттандырудың жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамалары алынды.

Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, Аққала елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысының «Көктем-2» тұрғын ауданынан 5 қабатты 60 пәтерлі  4 тұрғын үйлердің, «Отырар», «Наурыз» тұрғын аудандарынан 600 орындық 2 орта мектептердің, П.Арапов, Шаян, Байтоғай елді мекендерінің су жүйелері құрылысының, Кәріз суын тазалау стансасын салудың (КОС), Сырдария елді мекенінің жаңадан салынған көшелерін электрмен қамтамасыз етудің, қаладағы екі көпқабатты тұрғын үйдің маңын, «Орталық саябақтағы» бұрынғы қымызхана, су қауызы орнын абаттандырудың, 18 көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеудің, қаламыздағы Ақынбеков көшесін күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жобалардың мемлекеттік сараптамалары 2018 жылы көктемде алынатын болады.

Жеке кәсіпкерлер есебінен 2 бала-бақшаның (қаржысы 478 млн. теңге), бір жабық спорт алаңының (қаржысы 12 млн. теңге). құрылысы жүргізілді.

Білім беру саласында 3-6 жас аралығындағы барлығы 3480 бала балабақшамен қамтылып, қамтылуы 85,7% құрап отыр. 2017 жылы жалпы 625 балаға арналған 8 балабақша ашылды.

2018 жылы атқарылатын жұмыстар:

2018 жылға 11 млрд. 952 млн. теңгеге бекітілді, 2016 жылмен салыстырғанда 1,5 млрд. теңгеге артқан. Жыл соңына дейін 13 млрд. жеткізу жоспарлануда.

Арыс қаласын (Оңтам және Сырдария е.м.) газбен қамтамасыз етудің                         1 (қаржысы 884 млн. теңге) және 2 (қаржысы 720 млн. теңге) кезегінің құрылысын бастау.

Дермене ауылдық округі, Шаян елді мекеніндегі 200 орындық мектептің (қаржысы 218 млн теңге) және Саналы елді мекеніндегі 150 орындық "Қаражантақ" атындағы орта мектеп (қаржысы 187,5 млн. теңге) құрылыстарын аяқтау.

"Көктем-2" тұрғын ауданы №8-ші көшесіндегі 3 қабатты 36 пәтерлік №1, 2, 3- тұрғын үйлердің құрылыстарын аяқтау (қаржысы 212 млн теңге).

"Көктем-2" тұрғын ауданы №8-ші көшесіндегі 3 қабатты 36 пәтерлік №4, 5, 6- тұрғын үйлердің құрылыстарын бастау (қаржысы 300 млн. теңге).

"Көктем-2" тұрғын ауданы №8-ші көшесіндегі 3 қабатты 36 пәтерлік №1, №2, №3 тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру және алаңның сыртқы инженерлік жүйелерінің құрылысын жүргізу (қаржысы 50 млн. теңге).

Жиделі, Дермене, Монтайтас ауыл округ әкімі аппараты ғимараттарының құрылыстарын бастау (қаржысы 114 млн. теңге).

 Монтайтас, Байырқұм ауыл округтерінде жануарлар өлексесін тастайтын Беккери шұңқырының құрылыстарын жүргізу (қаржысы 16,9 млн. теңге).

Дермене ауылдық округі Щаян елді мекеніндегі Бөген өзені арқылы өтетін жаяу жүргінші көпір құрылысын жүргізу (қаржысы 8,7 млн. теңге).

Ақдала ауылдық округі, Ақдала елді мекенінің ауыз су желілерінің құрылысын жүргізу (қаржысы 75 млн. теңге).

"Наурыз" (қаржысы 123 млн. теңге), "Оңтүстік" (қаржысы 73,5 млн. теңге) тұрғын аудандарын электрмен қамтамасыз ету желілерінің құрылысын жүргізу.

«Талдықұдық» және «Отырар» тұрғын аудандарын магистралды ауыз су құбыры құрылысын аяқтау. (қаржысы 705 млн. теңге)

Жобалық-сметалық құжаттармалар дайындауға 89 млн. теңге қаралды, оның ішінде: "Көктем-2" шағын ауданындағы бір 36 пәтерлі көпқабатты №2, 3, 4, 5 тұрғын үйлердің құрылысының, «Отырар» тұрғын ауданындағы 600 орындық мектептің және «Наурыз» тұрғын ауданындағы 600 орындық мектеп ЖСҚ-ларын, Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, Аққала елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етудің жобалық-сметалық құжаттамасы мемсараптамадан өткізуге, М.Әуезов мектебі жанынан 200 орындық қосымша оқу ғимаратының, Онтам елді мекеніндегі 150 орындық мектептің, Ақдала әкімі аппаратының қызметтік ғимаратының, Қожатоғай ауылдық округінен мал өлекселерін тастайтын Беккари шұңқырының, Арыс қаласындағы "Қалау Датқа" тұрғын ауданындағы шатқалды абаттандырудың, Арыс қаласының көппәтерлі МПС тұрғын үйлеріне жылу құбырларын тартудың, Арыс қаласының 5 көпқабатты тұрғын үйлерін күрделі жөндеуден өткізудің, «Тараз» және «Талдықұдық» тұрғын аудандарының инфрақұлымының ЖСҚ-сын дайындауға, Қаңғыбас ит мысықтарды уақытша оқшаулауға арналған орын құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға және мемсараптамларына қаржылар қаралды.

М.Шаханов, С.Адамбеков орта мектептерін, №4, №372, Талдықұдық, Теміржолшы бастауыш мектептерін күрделі жөндеу (қаржысы 361 млн. теңге.)

Әл-Фараби көшесі бойындағы  «Мәңгілік ел» саябағын, Д.Қонаев көшесі бойындағы «Арыс қаласының құрметті азаматтар аллеясы», «Арыс» қаласы белгісі орнын» абаттандыру (қаржысы 81 млн. теңге).

Арыс қаласындағы №1 кәріз суын сорғыш станссын, Ш.Құдайберді, Абдразахов және Тажибаев көшелеріндегі кәріз жүйелерін, Абдразахов көшесінен  бастап №2 кәріз суын сорғыш стансасына дейінгі кәріз құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу (қаржысы 15 млн. теңге).

Монтайтас, Шағыр, Саналы, Сырдария, Қаражантақ, Дермене, Жиделі, Байырқұм, Теміржолшы елді мекеніндеріндегі ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу. (қаржысы 20 млн. теңге).

Арыс қаласындағы және елді мекендердегі коммуналдық меншіктегі 33 дана трансформаторларды ағымдағы жөндеуден өткізу. (қаржысы 8,5 млн. теңге).

Қаладағы және елді мекендердегі 41 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (қаржысы 200 млн. теңге).

Ақынбеков көшесін күрделі жөндеу (қаржысы 87 млн. теңге).

«Арыс-Барыс», «Оңтүстік» тұрғын аударының егжей-тегжейлі жоспарлары әзірлеу. (қаржысы 41 млн. теңге).

Сонымен қатар, Монтайтас, Дермене ауылдарынан 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үйлерді салу. (қаржысы 186 млн. теңге).

Облыстық және республикалық бюджеттерді алдағы нақтылауда қосымша Арыс қаласын газбен қамтамасыз етудің 3 кезегіне, Абдразахов көшесі №44, МПС  №10  көпқабатты тұрғын үйлерді сейсмонығайту және күрделі жөндеу жұмыстарына, П.Арапов, Шаян, Байтоғай Аққала, Көкжиде, Шөгірлі елді мекендерінің ауыз су жүйелері құрылысына, Ақдала, Саналы, Сырдария елді мекендерінің жаңадан салынған көшелерін электрмен қамтамасыз етуге  қаржылар сұралатын болады.

Мемлекеттік жекешелік әрістестік аясында Қаладағы «Наурыз» тұрғын ауданы аумағынан, Ақынбеков көшесінің бойынан дене шынықтыру – сауықтыру кешені құрылысын салу үшін сәулет жоспарлау тапсырмалары дайындалуда.

3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуда 2018 жылы қосымша 620 бала қамтылып, қамтылуы 87,5% құрайтын болады.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
24.01.2018-12:00:00