2018 жылы атқарылатын жұмыстар


2018 жылға 11 млрд. 952 млн. теңгеге бекітілді, 2016 жылмен салыстырғанда 1,5 млрд. теңгеге артқан. Жыл соңына дейін 14 млрд. жеткізу жоспарлануда.

Арыс қаласын (Оңтам және Сырдария е.м.) газбен қамтамасыз етудің                         1 (қаржысы 884 млн. теңге) және 2 (қаржысы 720 млн. теңге) кезегінің құрылысын бастау.

Дермене ауылдық округі, Шаян елді мекеніндегі 200 орындық мектептің (қаржысы 218 млн теңге) және Саналы елді мекеніндегі 150 орындық "Қаражантақ" атындағы орта мектеп (қаржысы 187,5 млн. теңге) құрылыстарын аяқтау.

"Көктем-2" тұрғын ауданы №8-ші көшесіндегі 3 қабатты 36 пәтерлік №1, 2, 3- тұрғын үйлердің құрылыстарын аяқтау (қаржысы 212 млн теңге).

"Көктем-2" тұрғын ауданы №8-ші көшесіндегі 3 қабатты 36 пәтерлік №4, 5, 6- тұрғын үйлердің құрылыстарын бастау (қаржысы 300 млн. теңге).

"Көктем-2" тұрғын ауданы №8-ші көшесіндегі 3 қабатты 36 пәтерлік №1, №2, №3 тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру және алаңның сыртқы инженерлік жүйелерінің құрылысын жүргізу (қаржысы 50 млн. теңге).

Жиделі, Дермене, Монтайтас ауыл округ әкімі аппараты ғимараттарының құрылыстарын бастау (қаржысы 114 млн. теңге).

 Монтайтас, Байырқұм ауыл округтерінде жануарлар өлексесін тастайтын Беккери шұңқырының құрылыстарын жүргізу (қаржысы 16,9 млн. теңге).

Дермене ауылдық округі Щаян елді мекеніндегі Бөген өзені арқылы өтетін жаяу жүргінші көпір құрылысын жүргізу (қаржысы 8,7 млн. теңге).

Ақдала ауылдық округі, Ақдала елді мекенінің ауыз су желілерінің құрылысын жүргізу (қаржысы 75 млн. теңге).

"Наурыз" (қаржысы 123 млн. теңге), "Оңтүстік" (қаржысы 73,5 млн. теңге) тұрғын аудандарын электрмен қамтамасыз ету желілерінің құрылысын жүргізу.

«Талдықұдық» және «Отырар» тұрғын аудандарын магистралды ауыз су құбыры құрылысын аяқтау. (қаржысы 705 млн. теңге)

Жобалық-сметалық құжаттармалар дайындауға 89 млн. теңге қаралды, оның ішінде: "Көктем-2" шағын ауданындағы бір 36 пәтерлі көпқабатты №2, 3, 4, 5 тұрғын үйлердің құрылысының, «Отырар» тұрғын ауданындағы 600 орындық мектептің және «Наурыз» тұрғын ауданындағы 600 орындық мектеп ЖСҚ-ларын, Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, Аққала елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етудің жобалық-сметалық құжаттамасы мемсараптамадан өткізуге, М.Әуезов мектебі жанынан 200 орындық қосымша оқу ғимаратының, Онтам елді мекеніндегі 150 орындық мектептің, Ақдала әкімі аппаратының қызметтік ғимаратының, Қожатоғай ауылдық округінен мал өлекселерін тастайтын Беккари шұңқырының, Арыс қаласындағы "Қалау Датқа" тұрғын ауданындағы шатқалды абаттандырудың, Арыс қаласының көппәтерлі МПС тұрғын үйлеріне жылу құбырларын тартудың, Арыс қаласының 5 көпқабатты тұрғын үйлерін күрделі жөндеуден өткізудің, «Тараз» және «Талдықұдық» тұрғын аудандарының инфрақұлымының ЖСҚ-сын дайындауға, Қаңғыбас ит мысықтарды уақытша оқшаулауға арналған орын құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға және мемсараптамларына қаржылар қаралды.

М.Шаханов, С.Адамбеков орта мектептерін, №4, №372, Талдықұдық, Теміржолшы бастауыш мектептерін күрделі жөндеу (қаржысы 361 млн. теңге.)

Әл-Фараби көшесі бойындағы  «Мәңгілік ел» саябағын, Д.Қонаев көшесі бойындағы «Арыс қаласының құрметті азаматтар аллеясы», «Арыс» қаласы белгісі орнын» абаттандыру (қаржысы 81 млн. теңге).

Арыс қаласындағы №1 кәріз суын сорғыш станссын, Ш.Құдайберді, Абдразахов және Тажибаев көшелеріндегі кәріз жүйелерін, Абдразахов көшесінен  бастап №2 кәріз суын сорғыш стансасына дейінгі кәріз құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу (қаржысы 15 млн. теңге).

Монтайтас, Шағыр, Саналы, Сырдария, Қаражантақ, Дермене, Жиделі, Байырқұм, Теміржолшы елді мекеніндеріндегі ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу. (қаржысы 20 млн. теңге).

Арыс қаласындағы және елді мекендердегі коммуналдық меншіктегі 33 дана трансформаторларды ағымдағы жөндеуден өткізу. (қаржысы 8,5 млн. теңге).

Қаладағы және елді мекендердегі 41 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (қаржысы 200 млн. теңге).

Ақынбеков көшесін күрделі жөндеу (қаржысы 87 млн. теңге).

«Арыс-Барыс», «Оңтүстік» тұрғын аударының егжей-тегжейлі жоспарлары әзірлеу. (қаржысы 41 млн. теңге).

Сонымен қатар, Монтайтас, Дермене ауылдарынан 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үйлерді салу. (қаржысы 186 млн. теңге).

Облыстық және республикалық бюджеттерді алдағы нақтылауда қосымша Арыс қаласын газбен қамтамасыз етудің 3 кезегіне, Абдразахов көшесі №44, МПС  №10 көпқабатты тұрғын үйлерді сейсмонығайту және күрделі жөндеу жұмыстарына, П.Арапов, Шаян, Байтоғай Аққала, Көкжиде, Шөгірлі елді мекендерінің ауыз су жүйелері құрылысына, Ақдала, Саналы, Сырдария елді мекендерінің жаңадан салынған көшелерін электрмен қамтамасыз етуге  қаржылар сұралатын болады.

Мемлекеттік жекешелік әрістестік аясында Қаладағы «Наурыз» тұрғын ауданы аумағынан, Ақынбеков көшесінің бойынан дене шынықтыру – сауықтыру кешені құрылысын салу үшін сәулет жоспарлау тапсырмалары дайындалуда.

3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуда 2018 жылы қосымша 620 бала қамтылып, қамтылуы 87,5% құрайтын болады.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
24.01.2018-12:00:00