ЖАУАПТАР


Аты-жөніңіз: Айгул (13.09.2018ж.). Тақырыбы: Рахмет. E-mail: muratovnaaigul499@gmail.com.

Сіздің сұрағыңыз: 4 Бастауыш мектептегi менің отинишим қаралып және шешіп бергендерiзге рахмет айтам.


Аты-жөніңіз: Айгуль ата нанмын (10.09.2018ж.). Тақырыбы: Шешип берунизди суранамыз. E-mail: muratovnaaigul499@gmail.com.

Сіздің сұрағыңыз: Неге /4ши Бастауыш мектепке 1в жане баска да сыныпка китап жетиспейд айдын ортасы али китап жок балалар мектеп улгерим томендеп жатыр. Енди китап жетиспейд сатып алындар деид тагы фонтка акша дейд. Осы маселени шешип бере аласынба? болмаса жогарыга шыгайык.

Жауап (12.09.2018ж.): Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы №254 қаулысының 10п көрсетілген «Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып,барлық   жеті жастағы балалардың және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді» делінген.Осыған орай 2018-2019 жаңа оқу жылына 1-ші сыныпқа қабылданған бала саны 2737-ге күрт өсіп отыр.2016-2017оқу жылында1-ші сыныпқа алынған  оқулықтың жалпы саны 2000дана болатын.Қосымша осы жаңа 2018-2019 оқу жылына 300дана оқулық алынды.

Қалған 437оқушыны 100% пайыз оқулықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қосымша 4508,0млн қаржы сұралып,баспалармен келісім шарттар жасалынды. Оқушылар оқулықтармен 100% ү.ж.20-шы қыркүйегіне дейін қамтамасыз етіледі.


Наименование организации: Арыс-Аманат мугедектер когамы. (31.08.2018ж.). Тема: Кайырымдылык концерти. E-mail: galima.75@mail.ru. 

Ваш вопрос: Саламатсыз ба Мурат Болатулы! Мен Тулебекова Галима Арыс-Аманат мугедектер когам бирлестигинин торайымымын. Уставымызда руксат етилгендей.кайырымдылык концертин уйымдастырсак деп жоспарлап отыр едик. Акимшилик тарапынан .оз тарапыныздан соз жардемин берип берип.колдау корсетип жиберсениз.жаны жабыркау .мумкиншилиги шектеули азаматтарымыз ризашылыгын билдирип.омирге деген кызыгушылыгын арттырып.бир сауап ис жасар едик.

ЖАУАП (02.09.2018ж.): «Арыс-Аманат» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қайырымдылық концертін ұйымдастыруды өзіңіздің жеке жоспарыңызға сәйкес, қалалық мәдениет үйінде өткізу мүмкіндігі бар екендігін және музыкалық аппаратурамен қамтамасыз етілетіндігін хабарлаймын.


Аты-жөніңіз: Мейірбек Перизат Оразбекқызы (05.04.2018ж.) . Тақырыбы: Жер тұрғын үй мəселесі бойынша. E-mail: meirbek2016@mail.ru

Сіздің сұрағыңыз: Саламатсыз ба Мұрат Болатұлы? Сізне сұрағым жерге кезекке тұрдым. қанша жыл күтем.Айына қанша адамға жер үлестіріп жатыр? 2 сұрағым жұмыс маселесі
Мен орта арнаулы білімім бар мамандығым заңгер кансултант соған жұмысқа орналастырып берсеніз.
Жұбайым жеке меншік фирмада жүргізуші болып жұмыс істейді оның айлығы уақытылы берілмейді.Қыс келе салысымен ақысыз 5 айға дейін демалады соған күн көріс қамы болмай жатыр.Маған сал көмек ұшын берсеңіз осы жұмыс маселесі бойынша. Жұмыспен қамту орталығына барған едім олар жұмыс жоқ деп қайтарады. Ешқандай мемлекеттен берілетін қаражаттарды алмаймын өрлеу пасобия дегендей.
Өйткені жұбайымның айлық көрсеткішін апарып көрсетсем болмайды деп шығарып салады.
Енді маған мамандығым бойынша жұмысқа орналастырып берсеңіз сізден өтінерім сол.Ешқандай бакуатты туыстарым жоқ қарасатын жұмысқа.Қыстың күні қатты қиналып қаламыз 2 кішкентай балаларымызбен нан табалмай

Жауап (07.04.2018ж.): Азаматша Мейірбек Перизат Оразбекқызының жер кезегін қанша жыл күтем және айына қанша адамға жер үлестіріп жатыр? деген сұрағыңызға төмендегіше баяндаймын:
ҚР Жер ресурстарының басқару агенттігі мен ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың 2012 жылғы №22-р өкімімен бекітілген іс-шара жоспарында көрсетілген мақсатқа жер учаскелерін инфрақұрылым бар болғанда ғана беруді қамтамасыз ету тапсырылған. Осыған сәйкес, 2008 жылдан бері кезекке тұрған азаматтарға жер учаскелері берілмеуде. Қазіргі таңда 1987 адам кезекте тұр. Жер учаскелерінің инфрақұрылымдары аяқталған соң берілетіндігін хабарлаймыз.

Аты-жөніңіз: Бекен Эминов (03.04.2018ж.) Тақырыбы: Канал Мәселесі. E-mail: Zdjydf@mail.ru

Сіздің сұрағыңыз: Асаламуалейкум Мұрат Болатұлы! Біздің Жиделі Ауылындагы 2 екінші Канал жылда дұрыс су келмейді,Бүл Канал кімнің Меншігінде екенінде білмейміз.Канал ішін тазалауга Әкімдік эксковатор бөлсе жәнеде қамыс басып кетеді жазда,Гербицид бөлсеңіздер екен қамысқа шашатын!Аудан Әкімдігінен көмек күтеміз!Рахмет!

Жауап (05.04.2018ж.): Азамат Бекен Эминовтың Жиделі ауылдық округінде орналасқан 3-К-2 каналы жөніндегі сұрағыңызға  төмендегіше баяндаймын:
Аталған канал «Арыс су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде. Кәсіпорын басшысы Т.Исабеков.
Каналға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 10 млн 540 мың теңге қаржы бөлініп, 3-К-1,3-К-2  және 3-К-3 каналдарының күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама жасалып, мемлекеттік сараптама қортындысы алынды. Құрылыстың сметалық 1 млрд469 млн теңгені құрап отыр.
Мұндай қаражатты жергілікті бюджет қамтамасыз ете алмауына байланысты, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына облыстық бюджеттен каналдарды жөндеу жұмыстарына аталған қаражатты бөлу үшін сұраныс хат жолданған.
Алайда қазіргі таңда қаржы бөлінбеуде.
Каналға өсетін қамыс арам шөбін болдырмау үшін улы химиялық дәрілерді қолдану «Арыс су шаруашылығы» МКК- ның құзырында.


Аты-жөніңіз: Мейірбек Перизат Оразбекқызы (17.03.2018ж.).Тақырыбы: Жер мəселесі. E-mail: meirbek2016@mail.ru
Сіздің сұрағыңыз: Сізден өтініш маған Сырдария е/м тұрғын үй салуға жер берсеңіз.Өзім Сырдария е/м шешемнің үйінде тұрып жатырмын 2 бала шағамен.
Жер сатып алуға қаражат жоқ еді.Соған көмектесе аласызба?Жер кезегіне тұрсам ұзақ уақыт күтетін шығармын.

Жауап (19.03.2018ж.): ҚР Премьер – Министрі К.Мәсімовтің 2012 жылғы 1 ақпандағы №22-р өкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарына қатысты ҚР Жер ресурстарының басқару агенттігі келесіні хабарлағандай, жоспарда көрсетілген мақсатқа жер учаскелерін инфрақұрылым бар болғанда ғана беруді қамтамасыз ету тапсырылған. 2008 жылдан бүгінгі таңға дейінгі жалпы кезекте тұрған өтініш берген жеке тұлғалар саны 1941. Егжей – тегжейлі жоспарының (ПДП) болмауына байланысты биылғы жылға дейін берілмей келеді. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін қала әкіміне жер учаскесін сұрап жаған өтініштері қала әкімдігінің жалпы бөлімінде тіркелген реттік нөмері мен күні, айы, жылына қарап тегін алу құқықтары бар тізім арнайы нақтыланып, компьютермен теріліп, тегін жер алу кезегіне қойылған және ақпараттық стенд жасалып «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары» бөлімінің көрнекті жеріне реттік санымен тізімі ілінген.


Аты-жөніңіз: Sanda (13.03.2018ж.).Тақырыбы: материалдық көмек. E-mail: sandu_baha@mail.ru
Сіздің сұрағыңыз: Сәлеметсізбе, Мурат Болатович, мен Сайттан жауабынызды окыдым. Бирак менин сурагым бойынша кызметкер мемлекеттик кызметши емес тек балабакша кызметкери. Ол кисиге де осы Зан бойынша материалдык комек корсетиледи ме. Жергілікті атқарушы органның қарамағындағы балабақша қызметкері бала босанғаннан соң сол жасап жатқан балабақша басшысынан немесе жалақыны жергілікті атқарушы органнан алатын болса жергілікті атқарушы органның, яғни Арыс ауданының әкімінен материалдық көмек сұрай алады ма, алуға болса қай Заңмен немесе ереже, қағидамен алады. Нактырак тусиндире аласыз ба. бала туылғаннан кейінгі бір жолғы жәрдемақы емес.
Мысалыға: ҚР мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз N 1127 "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы" туралы ереженің 8 тармағына сәйкес Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты
1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы; <*>
2) некеге тұру;
3) бала туылған, бала асырап алған;
4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам);
5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру;
6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы жағдайларында материалдық көмек көрсетіледі. ЖАУАБЫҢЫЗҒА АЛДЫН-АЛА РАХМЕТ!

Жауап (15.03.2018ж.): Саламатсызба, балабақша кызметкері мемлекеттік қызметші емес, азаматтық қызметші болғандықтан материалдық көмек берілмейді. Тек бала туылғаннан кейінгі бір жолғы жәрдемақы ала алады.



Аты-жөніңіз:Sanda (19.02.2018 ж.). Тақырыбы: материальдық көмек туралы. E-mail: sandu_baha@mail.ru
Сіздің сұрағыңыз: Салеметсізбе Мұрат Болатович, менің сізге қояр сұрағым, жергілікті атқарушы органға қарасты балабақшада жұмыс жасайтын қызметкер баласы туылғаннан соң оның ауыр материалдық жағдайына байланысты материалдық көмек көрсету мүмкіндігін сұрай алады ма, мүмкін болған жағдайда ҚР қай ережесіне сәйкес жүзеге асырылады, өтінішті кімнің атына жазу керек. Алдын ала жауабыңызға рахмет.
Жауап (22.02.2018ж.):  Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз N 1127. Материалдық көмек көрсету ережелері:
      8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай:
      1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы; 
      2) некеге тұру;
      3) бала туылған, бала асырап алған;
      4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам);
      5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру;
      6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы жағдайларында жүзеге асырылады.

 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
17.01.2017-12:00:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
13.09.2018-12:00:00