Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының негізгі талаптары тұр

 

             Қазақстан Републикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен мемлекеттік қызметшілерге жаңа әдеп қағидаларын жеткізу мақсатында «Мемлекеттік қызметтегі әдеп (Этика на госслужбе)» атты мобильдік қосымша әзірленген болатын. Аталған қосымшада Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандартының жаднамасы, Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдары, әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ақпараттар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін анықтау бойынша тест орналастырылған. Мобильдік қосымшаны ұялы телефонға Appstore, android және Windows store платформаларында жұктеу қолжетімді болып табылады. Осыған байланысты, мобильдік қосымшаны қала денгейінде мемлекеттік қызметшілер мен халық арасында таратуын қамтамасыз ету мақсатында жариялап отырмыз.
 
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының негізгі талаптары туралы жадынама
Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сену қажет.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп жөнінде нені білу керек?
Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары:
-        заңдылық
-        Қазақстандық патриотизм;
-        азаматтың құқықтары, бостандығы мен заңды мүддесінің мемлекет алдындағы басымдығы;
-        лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
-        мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы;
-        әдептілік;
-        құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;
Мемлекеттік қызметшілердің орындауы тиіс негізгі әдептілік талаптары;
-  жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына негізделген мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларының негізі мен қағидаларын сақтауға;         
-   мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қаупін тудыруға қарсы  іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге; 
 -  егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса,жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;                                                                                                                
-   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен көзделген міндеттерді атқаруға,тыйым салған және шектерді сақтауға;                                            
-  мемлекеттік  қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасамауға;                               
 - мүдделер қақтығысын болғызбауға және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;                                                                                                                            
-  егер мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындамауға;                                                                                                            
-   қызметтік функцияны атқаруға қатысты тиімді, нәтижелі, ашықтық тәсілдерді іздеуге және пайдалануға;         
 - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарайдың үлгісі болуға;   
 - өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге;                                       
-қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып өзіне және отбасы мүшелеріне игіліктер және артықшылықтар алмауға;                                                                                     
-лауазымдық міндетттерін пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделер үшін пайдаланбауға;  
-  пара немесе параға жақын құқық бұзушылыққа жататын құқық бұзушылықтарды жасамауға;                                                                                                         
- қызметте жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында кетушілікке жол бермеуге;                                                                         
 - мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар бермеуге;                                                        
- шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеуге;          
-қызметтік тәртіпті сақтауға,басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін уақытылы орындауға;                                                                                                                       
- қызметтік ақпаратты жарияламауға,оның ішінде әлеуметтік желілерде;                         
- Қазақстанда тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрлерін,ғұрыптарын және тілдерін құрметтеуге;                                                                                                              
-  өз өкілеттігін атқара отырып жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мүддесі үшін пайдаланбауға;      
- әріптестерімен және азаматтармен іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;        
 -қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтауға,қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге;                         
-  әріптестеріне өз діни көзқарасын ашық көрсетпеуге,бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің,басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге;                                                                                         
-  сырт келбеті іскерлікпен,ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуге;                                                                                                                                      
-  сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға;                 
- көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын сақтауға;    
-  мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуі тиіс.  
 
Мемлекеттік қызметшілердің киім талаптарына арналған ұсынымдар
 
         Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге,іскерлікпен,ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қояды. Іскерлік адамның сыртқы келбеті – жетістікке жеткізудің бірінші қадамы,қоғам үшін мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті,сыпайылықтың дәрежесін куәландыратын  «код» болып саналады.
         Іскерлік стиль – кертартпалық,қатаңдық және ұстамдылықпен ерекшеленеді. Бұл тігінді таңдауға – түстерге,пішімге,сол сияқты аксесуарларға да қатысты. Барлығы айқын және анықталған болуы тиіс – формасы,сызығы және силуэт.Киім қызметкердің  іскерлік сапасынан назарды бұрмауы қажет.                                                      Іскерлік стильдің басты қағидалары:                                                                               -      минималдылық;                                                                                                           -      бөлінбеушілік шеберлігі;                                                                                           -      іскерлік ахуалдың кез келген жерінде үйлесімді көріне білуі – жұмыс уақытында офисте,конференц-залдағы байсалды келіссөздерде және т.б.                  Киімге қойылатын негізгі талаптар – ұқыптылық,мұнтаздылық,жайлылық және сыртқы бейнеге шамданудың болмауы.Киімдер                                                                                     көлем бойынша ерекшеленуі мүмкін,яғни іс-қимылға кедергі жасамауы тиіс, сондай-ақ байсалды көрінуі қажет.Жыл мезгілдеріне байланысты киімдер байсалдылық пен сырбаздық талаптарын сақтай отырып түсі мен тігіні әр түрлі болуы мүмкін.Киімдердің түстері классикалық стилге сәйкес келуі тиіс,тым ашық шұбар түстілер қолднуға болмайды. Костюм мен көйлекке сәйкес келетін түстер – ашық немесе қоңыр түстер. Киімге үш негізгі түстен көп түстілерді бірдей қолдану ұсынылмайды.                                                                                      Мемлекеттік қызметшілердің киімінде жұлынған немесе жартылай жұлынған түймелердің болуына, қыртысталған костюм, ескірген жейде, дұрыс тағылмаған галустук, тазаланбаған аяқ киім, спорттық немесе пляждық стильдегі киім және аяқ киімдер, шолақ шалбарлар, ашық сарафандар, теннискалар, спорттық жемпірлер, кроссовкаларды киюге жол берілмейді.                                                               Қысқы мезгілдерде ауыстырмалы аяқ киімдерді қолдану ұсынылады.                 Мемлекеттік қызметшінің аяқ киімі барлық уақытта да таза жүретін классикалық стильдегі туфли (әшекейсіз) болғаны дұрыс.                                                                Іскерлік стиль шалбар мен пиджактан тұратын немесе белдемше мен пиджактан тұратын костюмды, пиджак, желетка, шалбар немесе белдемшеден тұратын тройка костюмды шамалайды.                                                                            Классикалық гардеробтың сұрыптамасы әр түлі.                                                Әйелдің киіміне пальто, көйлек, жакет, гардиган, жилет, белдемше мен шалбар,  сондай-ақ нымшалар жатады. Ерлер киімінің ассортиментіне көйлек, классикалық стильдегі шалбар, пиджак, жилет, костюм және т.б. жатады. Осы заттардың барлығының үйлесімділігі жан-жақты, алайда, классикалықстильге апару үшін әр затқа ерекше талаптар қойылады.                                                                   Мемлекеттік қызметшілерге – әйелдерге іш киімдері көрінетін ашық нымшалар, кең ойлаған көйлек, қысқа белдемшілер, дене пәшәмән тартып тұратын шалбарлар кию ұсынылмайды.                                                                            Іскерлік классикалық үлгідегі  киімдерге қарапайым және шынайлыққа жақын жакияждар сәйкес келеді, ол назар салмауы және көзге түспеуі тиіс. Еріндік далаптан шынайлыққа жақын түстері сәйкес келеді және тым ашық түстілерге жол берілмейді. Іскерлік стильдегі моникюрлерге кез келген түстер сәйкес келеді, ең бастысы түрі  тым ашық көзге түсетіндей болмауы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімдері барынша аз аксесуарларды қалайда және кімнің  қатаңдатылған, ұқыпталған және барынша азайтылған әрлеуден тұрады.
   Сонымен қатар, аталған талаптар ұсыным ретінде жасалған және соңғы шешімді мемлекеттік қызметшінің өзі Әдеп кодексінің талаптарына сай қабылдауы тиіс.                
СЫЙЛЫҚТАР  ТУРАЛЫ  ЖАДЫНАМА
       Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдармен (бұдан әрі – тұлға) алынған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға тапсыру туралы 
ЖАДНАМА
1. Тұлғалар (білмей келіп түскен, оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлық алған (анықталған) күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесіне немесе жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) тапсырады.  
Сыйлықты тапсыру тұлғаның сыйлықты сатып алу немесе сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) қоса, уәкілетті органның немесе ЖАО-ның белгіленген нысан бойынша жасақтаған мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады. 
2. Хабарламада келесідей мәліметтер мазмұндалуы тиіс: 
уәкілетті органның немесе ЖАО-ның атауы;
сыйлықты тапсырушы тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны, байланыс мәліметтері;
сыйлықтың атауы, саны, қысқаша сипаттамасы;
сыйлықты сатып алуға келісу немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат. 
Бұл ретте, сыйлықты сатып алған жағдайда хабарламаға жоғары лауазымды тұлғамен сатып алуға келісу туралы белгі қойылады (Т.А.Ә., лауазымы, мөрмен куәландырылған қолы).
3. Тұлға сыйлықты ЖАО-ға тапсыру кезінде, ЖАО бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаны уәкілетті органға жібереді. ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар жоғарыда атап көрсетілген мерзім ішінде олардың есепке алынуын, сақталуын және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға беруге жатады. 
4. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған тұлғадан тиісті хабарламаны алған күннен кейін 7 күнтізбелік күн ішінде сыйлықты бағалауды жүргізеді және аталған тұлғамен сату-сатып алу шарты жасалады. 
Бұл ретте, тұлғалармен ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар бойынша бағалау жүргізу және сату-сатып алу шарттарын жасау мерзімі жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарламаны алған күннен бастап есептеледі. 
5. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.
    Е.Маханов    қала әкімінің кеңесшісі, жергігілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі.

 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
10.11.2017-12:00:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
25.04.2018-12:00:00