Арыс қалалық мәслихаты тұрақты комиссия отырысының  көпшілік тыңдауы

 

Арыс қалалық мәслихаты тұрақты комиссия отырысының  көпшілік тыңдауының
ХАТТАМАСЫ
 
Арыс қаласы                                       №1                                                                                                                                                                              2017 жыл 24 қазан
Жиынға төрағалық етуші: Арыс қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы – Е.Медетбеков
Қатысқандар: Арыс қалалық мәслихатының депутаттары, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, Арыс қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Садықова, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер ұйымының өкілдері, қала тұрғындары, тиісті бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері.
   
КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:
  1. Арыс қаласының  көшелеріне атау беру туралы  
  2. Арыс қаласының   шағын аудандарына атау беру туралы
Сөз: Е.Медетбеков – Құрметті депутаттар, құрметті Арыс қалалық мәслихаты тұрақты комиссия отырысының көпшілік тыңдауына қатысушылар! Тұрақты комиссия отырысының көпшілік тыңдауының заңдылығына түсіндірме беру үшін сөзді №9 Задария сайлау округінің депутаты А.Байтанаевқа беремін.
Сөз: А.Байтанаев – Құрметті тұрақты комиссия отырысының көпшілік тыңдауына қатысушылар. Күн тәртібіндегі мәселені қала халқының назарына жеткізу үшін Арыс ақиқаты газетіне 14.10.2017 жылы №43 (6089) санында жарияланды.
Сондай-ақ, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы                  24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес, тиісті жергілікті атқарушы органдар облыстарға, аудандарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту  кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін қажетті материалдарды тиісті мәслихаттардың қарауына береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы N 148 Заңының 13 бабына және мәслихат регламентіне сәйкес, көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе аламыз.
Сөз: Арыс қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Медетбеков – Құрметті  депутаттар, құрметті Арыс қалалық мәслихаты тұрақты комиссия отырысының көпшілік тыңдауына қатысушылар! Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін  ескеру қағидаларын бекіту туралы»2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес және Арыс қаласы әкімдігінің Арыс қаласындағы атауы жоқ көшелерге және Арыс қаласының шағын аудандарына атау беру туралы ұсынысының негізінде, Арыс қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы ұйымдастырылып отыр.
Осыған орай, сөз кезегі күн тәртібіндегі мәселе бойынша Арыс қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Садықоваға беріледі.
Сөз: Г.Садықова – Құрметті депутаттар және көпшілік тыңдауына қатысушылар!
2011 жылдан бері көшелерге ат қою мәселесін реттеу бойынша жарияланған шектеу бүгінге дейін жалғасын тапқаны белгілі. 2011-2012 жылдары құжаттанбаған көшелер мен жаңа құрылған көшелерді Қазақстан Республикасында «Электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы «Мекенжай  тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізу қажеттілігіне орай қалалық ономастика комиссиясының ұйғарымымен бірқатар көшелер базаға енгізілген болатын. Бүгінгі таңда ономастика мәселесіндегі мораторий ашылуына орай, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы  №17-388-5 тапсырмасына сәйкес, еліміздегі ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, сондай-ақ объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне кісі есімдерін беруді түбегейлі шектеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласындағы атауы жоқ көшелерге Ардагер, Ақдала, Қазақстан, Алматы, Достық, Наурыз, Болашақ, Нұршашу, Баққоныс, Атамұра, Нұрмекен, Ғажайып, Жаңа жол, Тұлпар, Тәуелсіздік, Қыран, Ұлағат, Арай, Елнұры, Жаңатұрмыс, Алмалы, Шиелі, Нұрлытаң, Алтын дала, Күншуақ, Қарақат, Ақжелкен, Туражол, Құмжиек, Көрнекті, Ынталы, Зерделі, Телемұнара, Арасан, Қызғалдақ, Жаңа қала, Ақарыс, Таңнұры, Атақоныс, Ақжайлау, Талапты, Бірлесу, Берекелі, Саналы, Ақөзек, Жаңақоныс, Ұлан, Алтын бесік, Сақ елі, Арайлы таң, Нұрсәт, Аманат атаулары ұсынылып отыр. Бұл атаулардың барлығы «Атау.кз» сайтынан алынған. Осы атауларға пікірлеріңізді білдірcеңіздер.
Сөз: Арыс қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы  Е.Медетбеков – Құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар келесі күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз кезегі Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Б.Нарбековке беріледі.
Сөз: Б.Нарбеков – Арыс қаласында халық арасында ауызша аталып жүрген Тараз 2, Көктем 2, Оңтүстік 2, Отырар 2, және Арыс Барыс аталып кеткен шағын аудандарына заңды түрде атау беру қажеттігі бүгінгі таңда туындап отыр. Қазіргі таңда шағын аудандардың көлемі мынадай: Тараз 2 шағын ауданы көлемі 300 га, учаске саны 1800, Арыс Барыс шағын ауданы көлемі 108 га, учаске саны 455, Отырар 2 шағын ауданы көлемі 270 га, учаске саны 1500, Оңтүстік 2 көлемі 500 га, учаске саны 3000, Көктем 2 көлемі 40 га, учаске саны 111. Аталған шағын аудандарға бүгінде тұрғындар қоныстануда. Болашақта барлық инфрақұрылымдар жүріп, ыңғайлы шағын ауданға айналатыны белгілі. Осыған орай, жоғарыда аталған шағын аудандарға, заман талабына сай құлаққа жағымды, халықтың айту қолданысына оңай дәстүрлі атаулар берілсе деген, ұсынысым бар.
Сөз: Г.Садықова – бұл шағын аудандарға бірнеше атаулар ұсынылып, ономастика жұмысшы топ отырысында талқыланды. Көктем 2 шағын ауданына Нұрсая, Тараз 2 шағын ауданына Мәңгілік ел, Арыс Барыс шағын ауданына Барыс, Отырар 2 шағын ауданына Тұран, Оңтүстік 2 шағын ауданына Шаңырақ атаулары ұсынып отырмыз.
Сөз: Арыс қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Медетбеков – Құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар, баяндамашыға қоятын сұрақтарыңыз болса қойыңыздар немесе ұсыныс пікірлеріңізді айтсаңыздар болады.
Сөз: Зейнеткер, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Арыс қалалық филиалының төрағасы Б.Исламбеков – Ұсынылған атаулар 2011 жылдан бері қолданыста, халықтың бірқатары осы атаулармен үй-жайларын құжаттандырды. Бүгінде көше атаулары тек заңдастырылып отыр. Бұл бастаманы дұрыс деп ойлаймын.
Сөз: Қала тұрғыны, ардагер Б.Дүйсебаев – Мен қаламыздың көшелеріне, шағын аудандырына жаңадан атау берілетініне өте қатты қуанып отырмын. Себебі, қаламыздың көшелерінің, шағын аудандарының бұрынғы уақытта заңды атауы жоқ болатын. Сондықтан, мен ұсынысты толықтай қолдаймын.
Сөз: Қала тұрғыны, Ә.Жарымбетов – жоғарыда Сіздер ұсынған көше және шағын аудандар атаулары маған өте ұнады. Нағыз қазақша, терең мағыналы, тез есте қалатын атаулар. Мен өзім қолдаймын.
Сөз: Қала тұрғыны, Р.Сұлтаналиева – Арыс қаласының көшелеріне және шағын аудандарына берілетін жаңа атаулар маған да қатты ұнады. Сондықтан аталған ұсыныстарды қолдауға шақырамын.
Сөз: №1 Қожанов сайлау округінің депутаты Б.Исаев – Әріптестер және жиынға қатысушылар! Біз депутаттар халық атынан сөз сөйлеп, пікір білдіретіндіктен, бұл ұсынысты халық та қолдайды деп ойлаймын.
Сөз: Арыс қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Медетбеков – Құрметті қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысының көпшілік тыңдауына қатысушылар, күн тәртібіндегі екі мәселені жиналысқа салып талқыладық. Енді көшелер мен шағын аудандардың атауларын Арыс қаласы әкімдігі ұсынған нұсқамен қалсын десеңіздер дауыс беріңіздер.
Барлық депутаттар және көпшілік тыңдауына қатысушылар ұсынылған нұсқаны бірауыздан қолдап, дауыс берді.
 
ЖИНАЛЫС  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
            1. Қала халқы мен қалалық мәслихат депутаттарының пікірін ескере отырып, Арыс қаласы әкімдігі ұсынған көше мен шағын аудандар атауларының нұсқасы мақұлдансын.
            2. Көпшілік тыңдауы бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Арыс қаласы әкімдігіне Заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарда орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б) жүргізу үшін жолдансын.
 
 А.А Байтанаев
 
 
 Қ.Н.Өтегенов
 
Е.С.Әлімбаев
 
 
Қ.Т.Ахметов
 
 
Ж.Б.Наршабеков
 
 
Ғ.Ә.Құмарбеков
 
 
Б.Ж. Исаев
 
 
Б.Т.Тоқсейітов
 
 
Е.М.Медетбеков
 
 
Қ.Т.Елғонов
 
 
Ғ.А.Жаңбыров
 
 
М.А.Мырзаев
 
 
Г.С. Ауезова
 
 
 
Хаттама толтырушы: Ботабаев З.Ж.

 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
25.10.2017-12:00:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
25.04.2018-12:00:00