«ӘРБІР ОТБАСЫНА БАСПАНА АЛУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІН БЕРУ» БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ



Бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арнаған Үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын тұрғындарға түсіндіру бойынша жиын өтті.

   Аталған жиынға қала әкімінің орынбасары Е.Ақтаев, облыстық тұрғын үй жинақ банкінің бизнес дамыту бөлімінің кеңесшісі Қ.Рахимова, облыстық Халық банкінің аға менеджері С.Сарсенбав, Арыс қаласы Халықтық жинақ банкінің менеджері Е.Жолдас және қала тұрғындары қатысты.

Жиын барысында «7-20-25» бағдарламасы аясында түсіндіріліп, сұрақтарға заң аясында тұщымды жауаптар берілді.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

РАЗМЕЩЕНО: 
07.11.2018-12:00:00