ХАБАРЛАНДЫРУ!



ҚҰРМЕТТІ, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы және «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа Үндеуі аясында 2018 жылдың 7 қараша күні сағат 10:00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қала әкімдігінің тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға және бюджеттік мекеме қызметкерлер мен тұрғындарға екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, «7-20-25 Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасының тиімділігін арттыру, «7-20-25» бағдарламасының механизмдерін жан-жақты талдап түсіндіру мақсатында, облыстық екінші деңгейлі банк қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтетінін хабарлаймыз.

Жиын барысында  «7-20-25» бағдарламасы бойынша көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызға мамандар тарапынан заң аясында жауаптар берілетін болады.

Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

РАЗМЕЩЕНО: 
06.11.2018-12:00:00